Талдықорған: +19°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ТАПСЫРМА ОРЫНДАЛУЫМЕН ҚҰНДЫ

21.05.2021
ЭКОНОМИКА
ТАПСЫРМА ОРЫНДАЛУЫМЕН ҚҰНДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Елді мекендерді газдандыру, «Мүліктік меншік иелерінің бірлестігі» институтын енгізу жөніндегі реформаны жүзеге асыру, санитарлық тазалық пен көгалдандыру жұмыстары қалай жүріп жатыр? Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ тікелей тапсырмасы бойынша аталған мәселелерді бүге-шігесіне дейін талқылау мақсатында селекторлық жиын өтті. 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов төрағалық еткен жиынға облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы, әділет және статистика, экология департаментінің басшылары қатысты. Селекторлық байланысқа аудан, қала әкімдері мен коммуналдық мекемелердің басшылары шықты. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қайрат Бұлдыбаев пен орынбасары Бағлан Абылқасымовтың баяндамалары тыңдалды. 
Белгілі болғандай, облыстағы 742 елді мекеннің 474-і газдандыруға жатады. Бүгінде 156 елді мекен газдандырылып, 1,2 миллион адам газға қол жеткізген. Талдықорған қаласын газдандыру жұмысы аяқталған. Барлығы 54,3 мың абонент табиғи газға қол жеткізіп, қазіргі кезде 23,7 мыңнан астам абонент газға қосылған. «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 3,5 млрд. теңгеге 7 жоба іске асырылуда. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік тетігі негізінде 5 жоба аяқталуға таяған. Нәтижесінде 44,2 мың адам табиғи газға қол жеткізетін болады. Биыл 19 жаңа жобаны жүзеге асыру үшін 6,4 млрд. теңге қаржы бөлініп, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде 3,4 млрд. теңге қаржы қарастырылған. 
«Нұр Отан» партиясының Жол картасын орындау аясында аймақтың 47 елді мекенін газдандыру үшін биыл жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталды. Сонымен қатар Райымбек және Кеген аудандарының елді мекендерін газдандыру үшін 2020 жылы «Шелек-Кеген-Нарынқол» магистральды газ құбырының құрылысы» үшін ТЭН әзірленіп, оған облыстық бюджеттен 52,1 млн. теңге қаржы бөлінген. Биыл жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жоспарланған. Нәтижесінде 17,4 мың халқы бар 23 ауыл газдандырылмақ, газ құбырының ұзындығы 227 шақырымды құрайды. 
Жиында аудандарда абоненттерді газға қосу жұмыстарының төмен деңгейде жүріп жатқаны айтылып, әкімдерден мұның себеп-салдары сұралды және оған нақты жауаптар алынды. Талдықорған қаласындағы көпқабатты үйлер мен шаһар маңындағы елді мекендерді тездетіп табиғи газға қосудың маңыздылығы талқыланып, бұл мәселеге айрықша көңіл бөлу қажеттігі міндеттелді. Талдықорған қаласы мен Алакөл ауданының әкімдеріне Талдықорған-Үшарал магистральдық газ құбыры бойынша шаруа қожалықтарымен жер учаскесін келісу жұмыстарын маусымның 1-не дейін аяқтау жүктелді. 
Екінші мәселеге қатысты тыңдалған баяндамада бірқатар аудан мен облыс орталығында тұрғын үй реформасын іске асыру жұмыстарының баяу жүріп жатқаны сөз болды. Осыған байланысты әкімдерге тапсырмалар беріліп, жұмысты қатаң бақылауға алу қажеттігі міндеттелді. 
Биылғы жоспарға сәйкес облыс аумағында 200 мың түп ағаш отырғызу көзделген. Аудан, қалалар берген мәліметке жүгінсек, 110,5 мың түп ағаш отырғызылған. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Қаратал және Ақсу аудандарында «Павлоний» ағашы егілген. Сондай-ақ, Қазақстан ғарыш сапары спутниктік геопорталында Талдықорған мен Алматы қаласынан 50 шақырым қашықтықта 791 күл-қоқыс орны анықталған. Әзірге олардың тең жартысы ғана жойылыпты. Осыған байланысты он күн бұрын арнайы комиссия тобы құрылып, қазір олар аудандардағы тазалықты бақылау үшін тексерістер жүргізуде. 
Аталған мәселелерге байланысты ой қорытқан Лаззат Махатұлы елді мекендерді көгалдандырып, ағаш отырғызу жұмыстарын күшейту, күл-қоқыстың уақытылы тазаланып, санитарлық жағдайды сақтауға ерекше көңіл бөлу қажеттігін қадап тапсырды. Жиын соңында күн тәртібінде қаралған мәселенің бәрі облыс басшысының жіті бақылауында екені ескертіліп, тапсырмалар берілді.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026
Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

02.05.2026
Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

02.05.2026
Оқушылардың денсаулығы бақылауда: Қазақстанда ауқымды зерттеу басталды

Оқушылардың денсаулығы бақылауда: Қазақстанда ауқымды зерттеу басталды

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.