Талдықорған: +20°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚОЛЖЕТІМДІ ОНЛАЙН ҚЫЗМЕТ

20.05.2021
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Ел билігі уәкілетті ұйымдардың алдына азаматтардың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін жеткізу міндетін қойды. Осы орайда Ескелді аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінде бір ай ішінде 5 мыңнан аса мемлекеттік қызмет түрі электронды түрде көрсетілді. Ал, аудандық ХҚКО-на келіп қызмет алушылардың саны 3 мыңды құраған. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке электронды түрде қол жеткізудің оңтайлы тәсілдерін ұғындыру үшін бір ай ішінде 4 мыңға жуық кеңес берілген.


Қазіргі таңда әлеуметтік желілердің дәуірі жүріп, бар ақпарат айдан анық жарияланып, тегін кеңестер де дәл осы ғаламтор желісінде берілу үстінде. Біздің жұмыс тобы да осыны басшылыққа алып, Instagram желісінде «egov.kz_eskeldi» парақшасында аудан халқына «Электронды үкімет» порталының жұмысы турасында мағлұматпен бөлісіп, бағыт-бағдар беруде. 

Бүгінгі күні мемлекеттік реестрде 687 мемлекеттік қызмет бар. Соның 659 қызметі мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілсе, 629 қызмет «Электрондық үкімет» порталы арқылы қолжетімді. Халықтың «Egov» жүйесін пайдалануын жеңілдету мақсатында мамандар оңтайлы «Е-gov mobile» мобильді қосымшасын іске қосты. Қолыңыздағы ұялы телефон арқылы, мекеменің табалдырығын тоздырмастан, 50-ден астам электрондық қызмет пен сервисті пайдалануға болады. Қосымша уақытты үнемдеп қана қоймай, азаматтарға «Электронды үкімет» порталының тиімділігін түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет саласындағы сыйбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің алдын алатын басты құралға айналу үстінде.

Мекемеде азаматтардың өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы да жасақталған. Мақсат – тұрғындардың 80 пайызын еркін түрде қажетті мемлекеттік қызметке қол жеткізуін қамтамасыз ету. Осы орайда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  облыс бойынша департаментінің мұрындық болуымен «Egov жаршысы» сынды ірі жоба жүзеге асырылуда. «Egov жаршысы» жобасының төңірегінде мемлекеттік қызметтердің 87 пайызға жуығы электронды іске асатын болса,  қалған 106 қызмет түрі ХҚКО арқылы қағаз жүзінде көрсетілуде. 

Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) – қызметке қолжеткізу үшін керек бірден-бір құрал. Электронды қызметке жүгінбестен бұрын ЭЦҚ алу қажет. Себебі, кез келген салада электрондық цифрлық қолтаңба арқылы құжаттық айналым жүргізіледі. Тіпті алдағы уақытта мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тек «Электрондық үкімет» порталы арқылы жүзеге асырылуы күтілуде. «Egov жаршысы» жобасы – дәл осы электрондық цифрлық қолтаңба мен электронды қызмет түрлерін алуға жәрдемдесетін басты тетік. 

Өңірдегі пандемиялық ахуалға байланысты ХҚКО-ның табалдырығын аттау үшін алдын ала жазылу шарт. Бұл өз кезегінде тұрғындардың уақытын ұрлайтыны хақ. Сол себепті, «Электронды үкімет» порталының тиімділігін пайдаға асырған абзал. 

Бастапқыда қызмет алушылар үйреншікті қағаз түрінде қызмет алуды құп көргені рас. Уақыт көші автоматтандырылған жүйенің жеңіл әрі жүйелі жұмыс істейтінін дәлелдеп келеді. Сол себепті, өркендеудің өр биігіне шығуды көздеген қоғам электронды үкіметті қолданып үйренуде. Бүгінгі мемлекеттік қызметкерлер мен қызмет алушы азаматтар, электронды қызмет алуға бейімделуі шарт. Өйткені, цифрлық жүйеге көшу – заман талабы. 

Ерасыл ИБРАИМОВ, 
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ облыс бойынша филиалы Ескелді аудандық халыққа қызмет көрсету 
бөлімінің басшысы

Қатысты жаңалықтар

Әділетті қоғамның алтын арқауы

Әділетті қоғамның алтын арқауы

04.07.2026
Қоныстойға келіңіздер!

Қоныстойға келіңіздер!

04.07.2026
Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанда 2000-нан астам мәдени іс-шара өтеді

Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанда 2000-нан астам мәдени іс-шара өтеді

04.07.2026
Арқа ауруы, миопия, диабет: Жастар арасында қандай дерттер көбейді?

Арқа ауруы, миопия, диабет: Жастар арасында қандай дерттер көбейді?

04.07.2026
Алакөлде тоғыз адамнан тұратын отбасы құтқарылды

Алакөлде тоғыз адамнан тұратын отбасы құтқарылды

04.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.