Талдықорған: -7°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

АҚҚАЙНАРДЫҢ АЗАМАТЫ

14.05.2021
ЖАНСАРАЙ
АҚҚАЙНАРДЫҢ АЗАМАТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қамбар жайлы осылай деп ауыз толтырып айтуға болады. Өйткені, ол осы киелі елді мекеннің еңбекпен есейген айтулы азаматы. 

Ата-анасы Самсыбай мен Күлияның да кіндік қаны бұрынғы Прудкиде, яғни бүгінде ежелгі атауымен аталған Аққайнарда тамған жандар. Екеуінің отбасында Райхан, Мұсахан, Қамбар, Бекен, Айман, Дәржібектер өмірге келіп, еңбекқор, өжет болып өсті.
Әр адамның отбасы алғашқы мектебі саналады емес пе? Қамбардың да жетпіс бес жылдық ғұмыры отбасында басталып, өзінің туған жерінде, ағайын-туыс, жерлестерінің арасында өтіпті. Ол өткен өмірі жайлы тебірене сөйлейді. 
– Балалық балдәурен шағымның адамдары бүгінгіден өзгешелеу еді. Тіпті, ауыл басшылары да басқаша болды ма деймін. Кешегі «Наубай жез» – «Новая жизнь» – «Прудкиді» бүгінгі өркендеген Аққайнармен салыстыра алмайсың. Десек те ұқсастығы көп. Туған топырағым, сай-саласы мен белес-белі, сылдырай аққан өзені сол қалпында көкірегімде жатталып қалды. Бұл туған жердің қасиетінің көп өзгермейтінінің дәлелі. Осынау қоңырқай тіршілік кешкен елді мекенде менің де балалығым өтті. Әкем шаруашылықтың жұмысына жегіліп, отбасын асырауды мақсат етті. Анам шаруасына мықты, қарапайым жан еді жарықтық. Қорада ұсақ мал, сауын сиыр бар-тын. Көзімізді ашқаннан анамызға көмектесетінбіз. Ауылдағы абысын-ажын ол кезде бірігіп келі түйеді, күбі піседі, жіп иіреді. Текемет басып, алаша тоқып, әйтеуір бір тыным таппайтын. Олардың ынтымағы керемет болатын. Соны көріп өстік қой. Жаңа ғана өзің туып-өскен топырақ, кіндік кескен мекен арада қанша уақыт өтсе де көп өзгермейді дедім. Десе де табиғи құбылыстар, онда тіршілік ететін жанды – жансыз дүниелер уақыттың өтуімен жаңа сипатқа көшеді екен. Жаз мезгілінде өзен жағасынан үкінің, байғыздың үні естілетін. Тіпті оны көріп  мәз болатынбыз. Олардың үні құлағымда әлі бар. Қазір ол киелі құстар жоқтың қасы, тіпті қаптаған жәндіктер де жоғалып барады, – деп, сол қимас шағын   еске алды Қамбар батыр. 
Иә, кейін, уақыт өте келе мектепке барған. Осылай өмір – өзен ағысымен Қамбар да есейді. Ол өз ісіне мығым, айналасына сыйлы азамат болды. Ел құрметіне бөленді. Қолы ашық, көп сөзге жоқ атпал азамат жайлы оны білетіндердің тек жақсы пікір қалыптастырғанын да айтқан жөн.
Жақсы адам айналасына шуақ шашып, өзінің де, өзгенің де  мерейін өсіреді. Көпшіл, біртоға мінезімен жүректерге жол тапқан Қамбархан Үмбетов 1946 жылдың 15 мамырында, жоғарыда айтып өткеніміздей, Аққайнар ауылында дүниеге келген. Ата-анасының батырлар жырындағы Қамбар батырдай ел қорғаған ер болсын деген ақ ниетімен есімін қойғаны бірден аңғарылады. 
Қамбархан 1954 жылы мектепке барып, 1962 жылы сегізжылдық мектепті бітіреді. Сол жылы Ұзынағаш ауылындағы Жамбыл атындағы кәсіптік-техникалық училищеге оқуға түседі. Аталған оқу орнын 1964 жылы аяқтаған соң білімін кешкі мектепте жалғастырады. Осылайша өзі армандаған жүргізушілік мамандықты ұршықша үйіріп, Амангелді атындағы кеңшарда еңбекке араласады. Кейіннен аудан орталығындағы Ұзынағаш жолаушылар тасымалдау мекемесіне автобус жүргізушісі болып ауысады. 
Осы тұста айта кететін бір жайт – жас жігіт бірнеше ұлт өкілдерінен құралған, ынтымақ-бірлігі жарасқан еңбек ұжымына судай сіңіп, балдай батып, жолаушылар тасымалдауға, оларға мәдениетті қызмет көрсетуде ерекше ынтасымен ерекшеленеді. Еңбектен қол үзбей жүріп Қазақ политехникалық институтының машина құрылысы факультетіне оқуға түсіп, жоғары білім алады.
Ерен еңбек пен бойдағы таудай талпыныстың алмайтын қамалы жоқ екені белгілі. Міне, бойындағы үлкен ұйымдастырушылық қабілеті мен іскерлігінің, білуге деген құштарлығының арқасында Қамбархан Самсыбайұлы уақыт өте келе кәсіпорын директорының орынбасарлығына тағайындалады.
Іскер азаматтың бойындағы көпшілдік қасиеті мен үлкенді үлкендей, кішіні кішідей сыйлайтыны, түсіне білетіндігі оны беделге, атақ-абыройға бөледі. Ол қашанда сабырлы қалпынан танбай өз қызметінің жемісін теріп, ісіне селкеу түсірмеді. 1995 жылдан бастап аудандық жолаушылар тасымалдау автокәсіпорнының директоры лауазымында да тек жақсы жағынан танылды. Алдына келген адамдардың мұң-мұқтажына зейін қоя білді. 
Нарықтық қатынастың қиын, өтпелі кезеңінде де өз ісін біліктілікпен ұйымдастырып, 2001 жылдан «Төре» шаруа қожалығын құрды, ауылдастарын жұмыс орнымен қамтамасыз етті. Қажырлы еңбегінің жемісіндей 1976 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталып, 1981 жылы Қазақ КСР-інің Құрмет кітабына есімі алтын әріптермен жазылды. Аянбай еңбек етуінің арқасында «Құрметті автокөлік жүргізушісі» атанды. Еңбегі еленіп 1986 жылы «Халықтар достығы» орденімен марапатталды.
2010 жылы «Жамбыл ауданының Құрметті азаматы» атанған Қамбархан Самсыбайұлы 2011 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
«Отан – отбасынан басталады» десек, өмірлік зайыбы Нұршайым екеуі 2 ұл, 3 қызды өмірге әкелді. Асхат әке жолын қуып, Алматыда қызмет жасайды. Айжан КазПИ-дің зоология-география факультетін тамамдаған, Астанада қызмет істейді. Бауыржан – «Асхат» шаруа қожалығының төрағасы. Әйгерім – Алматы қалалық статистика басқармасының бастығы, Айгүл – Астана қалалық статистика басқармасында қызмет жасайды. Ақмарал, Дана, Алибек, Анель, Маржан, Алихан, Аружан, Арайлым, Дінмұхамбет, Айжібек, Абылайхан есімді немерелері әрдайым отбасының қуанышы. 

Күмісжан Байжан, 
ҚР Мәдениет қайраткері

Қатысты жаңалықтар

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

08.02.2026
«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

08.02.2026
Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.