Талдықорған: +31°C
$ 479.26
€ 546.21
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

МҰХТАР ӘУЕЗОВ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАП КЕТКЕН ЖЕТІСУДЫҢ ЖЕЗТАҢДАЙЫ

10.05.2021
РУХАНИЯТ
МҰХТАР ӘУЕЗОВ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАП КЕТКЕН ЖЕТІСУДЫҢ ЖЕЗТАҢДАЙЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ халқының музыка мәдениетінің тарихында әншінің орындаушылық өнеріне орай айтылып, таралып кеткен халықтың нақышты, бейнелі теңеулерінің, қанатты сөздерінің алатын орны ерекше. Әнші үнінің күшқуаты мен қасиетін бейнелейтін «күміс көмей, жезтаңдай әнші» деген де белгілі теңеулер бар. Мұндай баға атақты Біржан, Ақан, Мәди, Әсеттердің жалғасындай болған Жетісудың әйгілі әншісі Дәнеш Рақышевқа да берілген еді.

Бала кезінде-ақ өнердің бағы қонып, қыдыры қолдаған Дәнеш тоғыз жасында тоғыз пернелі домбырасын қолына алып, елді аузына қаратып ән салады. Атақты әнші Әсет Найманбайұлының төл шәкірті Қадыриханның батасын алған Дәнештің қазақтың ән әлеміндегі алатын орны ерекше. Ол ұлы Әсеттің ұмыт болуға айналған мол мұрасын қайта жаңғыртып, туған елімен қауыштырды. Оның дауысы Жетісудан Атырауға, Атыраудан Арқаға қалықтаған қазақтың әншілік өнерінің өресін көтерді.

Дәнеш салған Әсеттің «Інжумаржан», «Мақпал», «Майда қоңыр», «Қисмет», «Қаракөз», «Ардақ», «Қоңыр қаз» атты әндері тыңдаушысының жан дүниесін нұрландырып, кісілікке, адамгершілікке тәрбиеледі, сәулелі өмірге баулыды, зор эстетикалық қуанышқа бөлеп, рухын көтерді. Оның әншілік өнері ән шығарушылық өнерімен де астасып жатты. Шығармашылық өмірінде ұлттық өнерді меңгертуге бүкіл болмысын арнаған, бар ғұмырын өнер үшін сарп еткен Дәнеш Рақышевтың артында қалдырған музыкалық-педагогикалық мұрасы – М.Әуезов «Шертісің де, әнің де қандай келісті. Сен үлкен композиторсың! Әнің – нағыз қазақ әні», – деп бағалаған баға жетпес құнды мұра.

Дәнеш Рақышев жайлы белгілі өнертанушы Ілия Жақанов: «Гауһардай сәуле шашқан бір қыры – оның композиторлығы. Оның жүзден астам әні бар. Соның бәрі бір көкіректің сыры, құштарлығы, құмарлығы, ынтығуы, құлай беріліп, көзсіз сүюі, арбалуы, алдануы, мұң шегіп зарығуы, оқыс елпең қағып, бір сұлулыққа сұқтануы, керілген айдынға алтын айды қондырып, жағасында жас аруды мөлдіретуі, жайлауға, өзен-көл, тауларға қызығуы, сол іңкәр жүрек нені сезді, нені көрді, нені қалады, неден тіксінді, не үшін шалқыды, неге сарсылды, бәрін әртүрлі хал, әрқилы дітімен білдірді», – деп жазған еді.

«Жетісу, сенде тудым, сенде өстім» деп, ең алдымен, туған жер, туған топырағын әнге қосқан өресі биік Дәнеш Рақышев бүкіл республикамызға ортақ, өнердің дара тұлғасы, мөлдір бұлағы бола білді. Осы тақырыпқа жазылған “Шалқы, Сайрам”, “Жетісу”, “Мақтанышты елім бар”, “Көрікті менің Көкталым”, “Жетісу жерім-ай”, “Туған ел” әндері туған елге деген шексіз сүйіспеншілігін танытады, ұлттық болмысын айқын көрсетеді. Алма ағашының саясы әншіге туған жердің, атамекеннің саясы болып көрінгендігі соншалық, “Саясында алманың” әні әншінің туған жерге деген шынайы махаббатын айшықтай түседі. Осындай туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыратын әндерді насихаттаушы әрі шебер орындаушы да өзі болды.

Қазақтың дәстүрлі музыкасына деген сүйіспеншілігі әншіні халық әндерінің білгіріне, сақтаушысына және жинаушысына айналдырды. Осы сүйіспеншілігі оның өмірінің соңына дейін қасиетті тұмары болды. Әнші өз естелігінде Мұхтар Әуезовпен кездесуіндегі ұлы жазушының: «Енді «Аңшының әнін» айтшы, бұл қазақтың ұлттық сән-салтанатын, серілік саятын аңғартатын ән. Мен бұрын естімеген, бұл жақта таралмаған әуен ғой. Сен өзі бұл әнді қайдан үйрендің?», – деп таңданғаны жөнінде еске алады. Дәнеш орындаған түрлі жанрдағы әндер халықтың әсемдік жөніндегі түсінігін байыта отырып, жастарға музыкалық-эстетикалық тәрбие берудің тиімді мұраларының біріне айналды.

Осы орайда Дәнеш Рақышевтың ұстаздық, тәлімгерлік жұмысын да айрықша атап өткен жөн. Әнші-сазгер өмірінің соңғы жылдарында Талдықорған қаласындағы, бүгінде Дәнеш Рақышев есімімен аталатын қазақ-мектеп интернатында, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде қызмет істеп, Талдықорған филармониясының құрамындағы жастар ансамбліне жетекшілік жасап, жастарды әншілік өнерге баулыды. Қадырихан, Мәмет, Қайыпбек сынды ұстаздарынан бастау алған өзіндік әншілік мектебін орнатты. Оның тәлімгерлігін көріп, қанаты астынан ұшқан таланттар көптеп саналады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Мырзахмет Мұқаманов, өнер қайраткерлері Нұржан Жанпейісов, Абылай Қармысов, әнші-ұстаз Серікбол Шыныбаевтар – бүгінгі таңдағы Дәнештің әншілік мектебін лайықты жалғастырып келеді.

Ән өнерінде өзіндік өрнегін қалдырып, Қазақстан Республикасының Халық әртісі атанған, көзінің тірісінде-ақ ең өнерлі әншіге айтылар «жезтаңдай, күміс көмей», «қазақ халқының жүрегінен шыққан жалынды симфониясы» (Нұрғиса Тілендиевтің теңеуі), «бұлбұл» сияқты теңеулердің бәрін естісе де сабасынан аспай, ағаға іні, ініге мейірбанды аға, елінің кішіпейіл азаматы бола білген Дәнеш Рақышевтың жан тебірентер мұрасынан бүгінгі және келер ұрпақ шабыт пен шаттықтың нәрін алатыны ақиқат.

Гүлнәр ДЕМЕУОВА

Талдықорған қаласы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Тұщы суды тоқтаусыз тұтынады

Тұщы суды тоқтаусыз тұтынады

02.07.2026
«Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

«Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

02.07.2026
Қазақстанда шағын және орта бизнеске арналған BusinessGO цифрлық экожүйесі іске қосылды

Қазақстанда шағын және орта бизнеске арналған BusinessGO цифрлық экожүйесі іске қосылды

02.07.2026
Кәсіп ашуды армандады

Кәсіп ашуды армандады

02.07.2026
Президент инвесторларға Қазақстанның басты артықшылығын атады

Президент инвесторларға Қазақстанның басты артықшылығын атады

02.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.