Талдықорған: +38°C
$ 479.26
€ 546.21
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЕШКІМ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ: ОҚУШЫЛАР ОНЛАЙН ТӘРБИЕ САҒАТЫН ӨТКІЗДІ

07.05.2021
РУХАНИЯТ
ЕШКІМ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ: ОҚУШЫЛАР ОНЛАЙН ТӘРБИЕ САҒАТЫН ӨТКІЗДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Уақыттың есте қалар белгісі – тарих. Мемлекеттің барлық тарихы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеумен, Отан қорғаушылардың жоғары рухын, батылдығын, ерлігін, жауапкершілігін қалыптастырумен байланысты. Елбасымыз Н.Назарбаев: «Біз әрқашанда Жеңіс күнін аға буынның Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің жастарды ерлік пен патриотизм рухында тәрбиелейтін өлшеусіз өнегесі деп білеміз», — деп атап көрсеткен болатын.

Екінші дүниежүзілік соғыстың өрті шарпымаған шаңырақ кемде-кем. Бүгінде өсіп-өніп жатқан біздер бұрынғы батыр бабаларымыз бен кешегі майдангерлерден өсіп отырған ұрпақпыз. Қанша жылдар өтсе де, дүмпуі дүр сілкіндірген Отан соғысының қасіреті баршамыздың жүрегімізде. Ел басына күн туғанда етігімен су кешкен қазақтың қайсар ұл-қыздары от пен оқтың ортасында жүріп, Отанымызға Жеңіс сыйлады.

Біз Отан қорғау жолында жанын құрбан еткен боздақтардың қанды шайқастағы ерлігін, майдангер хаттарын көркем шығармалардан, соғыс туралы кинолардан көріп өстік.

Жас ұрпақ бойына елжандылық қасиеттерін сіңіру мақсатында Садыр орта мектебінің 5 «Ә» сыныбында Жеңістің 76 жылдығына орай «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» атты қашықтықтан ашық тәрбие сағатын өткіздік. Ашық онлайн тәрбие сағатына ата-аналар да қатысып, өз  үлестерін қосты.

Оқушыларға Отан соғысындағы қазақстандықтардың ерлік істері насихатталды. Жеңістің маңыздылығын ұғынуларына, елі үшін от кешкен ерлердің өмірін өнеге тұтуға бағытталды. Отан соғысында туған жерін қорғаған Қазақстан азаматтарының өмірі мен ерлігі жайлы айтылды. Аттары аңызға айналып, ерлік істері барша ұлтты таң қалдырған қазақтың қос батыр қызы Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың жарқын өмір жолдары таныстырылды. «Шығыстың қосы шынары» атанған Мәншүк пен Әлияның соғыстағы ерлік істері ұрпаққа үлгі, өшпес өнеге.

Оқушылардың бойындағы патриоттық сезімін ояту мақсатында «Жеңіс күнін жақындатқандар» тақырыбында слайд көрсетілді. Отансүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа баулу аясында оқушылар өздері жаттаған өлеңдерін оқып, соғыс жылдарына арналған әндерін нақышына келтіре орындады.

Садыр ауылынан 1941 жылы әр отбасынан кем дегенде бір немесе бірнеше жауынгерден соғысқа аттанды. Ауылда соғыс оты шарпымаған отбасы қалған жоқ. Ол аздай қаралы қағаздардар келіп, қалың елдің қабырғасын қайыстырды. Жеңіс күнін жақындатып, еліне аман оралғандардың ішінде менің атам Мухтаров Халел де болды. Атамыз көзінің тірісінде көптеген марапаттар иеленді. «Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін», «Ұлы Жеңістің 40 жылдығы» медальдарымен  марапатталды. Атамыздан 8 бала өрбіп, қазіргі кезде үлкен бір мәуелі бәйтерекке айналып отыр. Балаларынан 31 немере, 57 шөбере, 5 шөпшек көрді. Атамыз көзі тірісінде өз ұрпақтарына Отан соғысы жылдарындағы ерлік істері мен майдандастар ерлігін өнеге ретінде талай мәрте әңгімелеп беруші еді. Жас кеткен жауынгер достарын сағынышпен еске алатын.

Болашақ өмір, ұрпақ үшін жанын қиған ата-бабаларымыздың ерліктері ғасырлар өтсе де, ұмытылмастай тарихта жазылды. Қан майданның төрінде жаумен жанын қия айқасқан батыр ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас ие мәңгілік тағзым етеміз.

Раийсам ХАЛИЛОВА,

«Садыр орта мектебі» КММ мұғалімі, 5 «Ә» сыныбының жетекшісі

Панфилов ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Тұщы суды тоқтаусыз тұтынады

Тұщы суды тоқтаусыз тұтынады

02.07.2026
«Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

«Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

02.07.2026
Қазақстанда шағын және орта бизнеске арналған BusinessGO цифрлық экожүйесі іске қосылды

Қазақстанда шағын және орта бизнеске арналған BusinessGO цифрлық экожүйесі іске қосылды

02.07.2026
Кәсіп ашуды армандады

Кәсіп ашуды армандады

02.07.2026
Президент инвесторларға Қазақстанның басты артықшылығын атады

Президент инвесторларға Қазақстанның басты артықшылығын атады

02.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.