Талдықорған: +13°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ БАРША ЖЕТІСУЛЫҚТАРДЫ БІРЛІК КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

1 мамыр 2021
КҮНДЕРЕК
АМАНДЫҚ БАТАЛОВ БАРША ЖЕТІСУЛЫҚТАРДЫ БІРЛІК КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады. Бұл туралы «Жетісу» газеті мәлімдеді.

«Құрметті жетісулықтар! Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын. Ауызбіршілік – қашанда елдігіміздің өлшемі, мемлекетіміздің алтын қазығы, халықтың күш-қуатының қайнары. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін қалаған жаңа Қазақстан өз тәуелсіздігінің 30 жылында іргесі сөгілмей, татулығына сызат түсірмей, байтақ елінің бірлігін бекемдеп, бүгінгі жаңа дәуірге жетті. Әуелден-ақ ядролық қарудан бас тартып, бейбітшілікке бастамашы болған, түрлі діни конфессиялардың басын қосып, диалогқа шақырған, Ассамблея құрып, жүзі басқа, жүрегі бір азаматтарды ортақ мақсатқа жұмылдырған біздің Отанымызда ынтымақ мерекесінің мәні бөлек, орны ерекше болуы заңды.

Күні кеше ғана өткен «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясында бұл туралы Президентіміз ҚасымЖомарт Тоқаев: «Табысты реформаларымыздың мызғымас тұғыры – халқымыздың бірлігі. Ал еліміздің бірегейлігі – әралуан ұлт пен ұлыстың жарасымды татулығы», – деген болатын. Расында да жүзден астам этносқа құтты қоныс болған Жетісу өңірі татулықты ту етіп, ортақ шаңырақ аясында елдің тұтастығы мен тыныштығына, өсуі мен өрлеуіне үлес қосып келеді.

Індеттің таралуына байланысты туындаған қиындықтар бізді жасыта алған жоқ, қайта шыңдап, бірлігімізді одан әрі нығайта түсті. «Игілік басы – ынтымақ, ынтымақ басы – күншуақ» деген сөз осындайда айтылса керек.

Құрметті жерлестер! Берекелі ғұмыр кешіп, биік белестерге, асқар асуларға жете берейік. Көктемнің мерекелі күнінде баршаңызға зор денсаулық, толайым табыс тілеймін! Отбасыларыңыз аман, күндеріңіз шуақты, еңбектеріңіз жемісті болсын!» — делінген әкім құттықтауында.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» футбол клубының легионерлері шешуші ойынға қатыспауы мүмкін

«Жетісу» футбол клубының легионерлері шешуші ойынға қатыспауы мүмкін

Бүгін, 10:00
Туған жеріне мың түп ағаш көшетін тарту етті

Туған жеріне мың түп ағаш көшетін тарту етті

Бүгін, 09:48
Орталық Азия экология министрлері Антальяда бас қосады

Орталық Азия экология министрлері Антальяда бас қосады

Бүгін, 09:30
Дамудың стратегиялық негізі

Дамудың стратегиялық негізі

1 қараша 2026
Кел, балалар, оқылық

Кел, балалар, оқылық

1 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.