Талдықорған: +38°C
$ 479.26
€ 546.21
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЖАҢАТАЛАП ЖАСТАРЫ

26.04.2021
РУХАНИЯТ
ЖАҢАТАЛАП ЖАСТАРЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Адам тозаң сияқты із-түзсіз құрып кету үшін тумайды. Адам артында із қалдыру үшін жер бетінде, басқа адамдардың ақыл-ой дүниесінде, жүрегінде із қалдыру үшін туады» деген екен ұлы ұстаз В. А. Сухомлинский. Артына өшпес із, мұра қалдырып жүрген Алматы облысының және Ақсу, Көксу, Қаратал аудандарының Құрметті азаматы, «Ойнама, балам, ойланғын» атты екі томдық эссенің, «Әдептілік әкеден», «Шұбар ат», «Тағзым», «Тәттібай мерген», «Мен қазақпын» атты кітаптардың авторы, «Үш бәйтерек», «Армысың, әз баба», «Нұрмолда», «Жұлдызды жігіт» кітаптарын құрастырушы, республикалық «Шыңғысхан» журналының құрылтайшысы әрі «Ұран» қоғамдық қорының төрағасы, «Үш Бәйтерек», «Батыржан» қоғамдық қорының кеңесшісі, абыз аға Наурыз Қылышбаев баспадан жаңа шыққан «Жаңаталап жастары» атты кітабын тарту еткен еді. «Шәкірт болып көрмеген, ұстаз болып жарытпайды» дегендей, Н. Қылышбаевты өмірлік ұстазым санағандықтан қаламынан шыққан әр туындысын асыға күтетін әдетім бар.

Өткен күндер жылжып тарих беттеріне кетіп бара жатыр. Оны қаттап жазып, тарих бетіне бедерлеу бүгінгілердің парызы. Наурыз Қылышбаев та осы борышын өтеген екен. Ісіңіз сәттілікке толы болсын, әз аға.

Кітаптың кейіпкерлері негізінен Н. Қылышбаевтың кіндік қаны тамған Жаңаталап ауылының тұрғындары. Кешегі колхоздастыру, іріленіп «Жаңаталап» ауылы іргесінің қаланып, қала типтес мекенге айналуы жолындағы небір сын сағаттарда кеудесі күмбір қарттардың қосқан зор үлесі, жастарды тәрбиелеп қалыптастырудағы қамқорлығы кеңінен сөз етіледі. Жаңаталаптың кемелденуі жолындағы бүгінгі ұрпақтың жасампаз еңбектері, ұрпақ сабақтастығы ұтымды өрнектелген. Кітаптағы әкесі Қылышбай мен анасы Нұрилаға арналған сәттер ерекше толқытты.

1965 жылы жоғары оқу орнын бітіріп «Қаратал» қой совхозының екінші фермасына зоотехник қызметіне тағайындалғанда анасы Нұриланың: «Балам! Әкеңнің аты Қылышбай болсын дегенде бұл атты аталарың ау бастан «Құрыштай мықты, қылыштай өткір, бай болса еңбегі адал, болыс болса, еліне әділ болсын» деген ниетпен қойыпты. Әкең бай болған жоқ, болыс та болған жоқ. Он саусағынан өнер тамған ұста болды. Еңбегі адал, ағайынжұртқа әділ болды. Тұқымыңда аштыққа ұрынып, көштен қалған ешкім жоқ. Мына заманда сендер де көштен қала қоймассыңдар. Есіңде болсын, шенқұмар адам алаяқтыққа бір табан жақын болады. Мұндай кеселге тап болмай, әкеңнің жолын жалғастырып, қарамағыңдағы шопандарға әділ болсаң, адал еңбегіңмен тапқан табысың бойыңа сіңеді. Таза жүргін» деген сөзі еңбек жолындағы барлық сатыда өмірінің басты мақсаты болғандығы өскелең ұрпақ үшін үлгі-өнеге. Мұнда бабадан келе жатқан тектілік сабақтастығы бар. Н. Қылышбаевпен қызметтес болғанымда әке аманатына, ана өсиетіне беріктігіне неше мәрте көзім жеткен-ді.

– Өмір бойы ферма зоотехнигі болмассың. Келешекте қандай қызмет болмасын өзіңе жүктелген жұмысты адал атқарып, таза жүруіңе қолдау көрсетіп, бар қиыншылығыңды бірге бөлісіп, саған сүйеу болуға мен дайынмын, – деген Күләш қосағының ойлы пікірі – отанасы мен отағасының бір-біріне сүйеу болып, отбасының бірлігі мен ынтымағын сақтаудың келешек ұрпақ үшін басты тәлімі. «Келіні жақсының керегесі алтын», «Келелі сөзді келін айтады» деген осы да.

Бір отар қойдың пойыз астына түсіп қырылып қалуын түсінде көріп Наурыз ағаның түсінен шошып оянуы, көрген түсінің айна қатесі жоқ өмірде тура келуі аруақты бабаларының рухымен сабақтастығын дәйектейді. «Әулиелік – өң мен түстің сәйкестігі» деген қағидатқа жүгінсек, Наурыз ағаның бойында да әулиелік қасиет баршылық.

Кітаптағы екі иығына екі кісі мінгендей батыр тұлғалы Қаңғайбай Қонысбайұлының тағдыры тіпті ерекше. Колхоз басқарма бастығы, ауылдық кеңестің төрағасы, аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы сынды қызметтер барысында басынан сан қилы тағдыр өтеді. Соның барлығын сабырлы, білімді, батылдығы, әділдігімен жеңіп, өз тағдырын өзі жасайды. Бұл кейіпкердің шынайы өмірі бүгінгі ұрпақ үшін әділдіктің жолы әрқашан жеңісті де жемісті болатынын меңзейді. «Дау қуған бәлеге жолығады, жол қуған қазынаға жолығады» деген қазақтың дана сөзінің көрінісі осы болар.

Шығарма кейіпкерлерінің мінез-құлқы, өмір жолы, даналығы мен даралығы ұтымды жазылған, жас ұрпақтың алар тәлімі мен бойына сіңірері көп. «Қарты бар үй қазыналы» дегендей, қаншама аталы сөз бен баталы сөздің иелері, мәуелі бәйтеректей ұрпағымен жалғасқан ардақты ақсақалдармен жүздесіп, өмірдің өкпек желіне төтеп берген, мастанбаған, тәубешіл, қандай жағдайда да рухы берік ұлағатты аналардың өмір жолынан алар тәлімің көп. Өмірдің мәнін ел-жұртының игілігіне қызмет ету деп ұғып, халықтың шынайы құрметіне бөленген толқын өкілдері туралы толқымай оқу мүмкін де емес. Кітап осысымен құнды.

Н. Қылышбаевтың «Жаңаталап жастары» кітабы туған ауылына қойған ескерткіші іспетті. «Ескерткішпен сырласа білеміз бе?» – дейді Наурыз аға, ендеше сіздер де ескерткішпен – осынау еңбекпен сырласып көріңіздер.

Сөзімнің соңын кітаптағы «Ауылға ұл боп барып, құл болып оралдым» деген Қадыр Мырза Әлінің толғанысымен әдемі сабақтаған қаламгер, нар ағамызға жүрек ризашылығын жырмен білдірудің реті келгендей.

Сараладым әр парағын кітаптың,
Құдіретін ақыл кені – қалыптың,
Жатқан шығар аруақтар бір аунап,
Киелері Жаңаталаптай алыптың.
Көңіл толқып, жүректерді жылытар,
Ғажап дүние, өткен күннен сыр айтар.
Абыздарын туған елдің ұлы айтар,
Нарсың, аға, елің ауыр жүк артар.
Ерсің, аға, інілерді шын демер,
Тәнті болдым құдіретіңе шың-кемел,
Рухы биік асып туған жампозды,
Рухымен аруақтар да мың демер.
Қылышбайдың мұқалмайтын қылышы,
Адалдықтан өрілетін әр ісі,
Нұриланың өсиетімен көгерген,
Сом болатсың иі қанған құрышы.
Алтын сандық күйге толы кеудеңіз,
Нұрға бөлер айналаны сәулеңіз.
Шарапатты тұлғаңызға еліктеп,
Сіз арқылы толыққанды кеудеміз!

Сайлаубай БӘЗІЛҰЛЫ 
Көксу ауданы

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

«Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

02.07.2026
Қазақстанда шағын және орта бизнеске арналған BusinessGO цифрлық экожүйесі іске қосылды

Қазақстанда шағын және орта бизнеске арналған BusinessGO цифрлық экожүйесі іске қосылды

02.07.2026
Кәсіп ашуды армандады

Кәсіп ашуды армандады

02.07.2026
Президент инвесторларға Қазақстанның басты артықшылығын атады

Президент инвесторларға Қазақстанның басты артықшылығын атады

02.07.2026
Ел қорғау – қасиетті парыз

Ел қорғау – қасиетті парыз

02.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.