Талдықорған: +25°C
$ 480.72
€ 548.07
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТАЛДЫҚОРҒАН — ТАҒДЫРЫМ

23.04.2021
КҮЛТӨБЕ
ТАЛДЫҚОРҒАН - ТАҒДЫРЫМ
WhatsAppTelegramFacebook

Балалық және жастық шағымды айтпағанда, ат жалын тартып мініп, еңбекке араласқаннан бергі 30 жылдан аса ғұмырым осы өңірде өтті. Тағдырыма ризамын, осы жылдар ішінде облыстың алты ауданында бірінші басшы болып, облыстық ауылшаруашылығы басқармасының жетекшісі, облыс әкімінің орынбасары қызметтерін атқардым. Ел ағаларының сенімі мен халықтың үмітін ақтау үшін барымды сала еңбек еткенім жұртшылық жадында.

Сонау 90-шы жылдары экономикамыз құлдырап, тәуелсіз елдің тұғырын қалай шайқалтпай ұстаймыз деген мәселе төтесінен тұрғаны мәлім. Міне, сол тұста мемлекет бюджетіне түсетін салмақты азайту үшін көптеген әкімшілік құрылымдарды тарқату жайлы солақай шешім қабылданғанын көзіміз көрді. Салдарынан, Талдықорған облысы мен өлкенің бірнеше ауданы таратылып, тұрғындар аса күрделі кезеңді басынан кешірген. Талдықорған облыс орталығы мәртебесінен айырылғаннан кейін онсыз да шатқаяқтап тұрған шаруа шалқасынан құлап, қаланың қантамырындай болған екі аккумулятор зауыты, киім тігетін фабрика, аяқкиім және ойыншық жасайтын, өзге де кәсіпорындар жұмысын тоқтатты. Жұмыссыз қалған жұртшылық күнкөріс қамымен өзге өлкелерге көшуге мәжбүр болып, жасыл желек жамылған әсем қала аз уақытта азып-тозып кеткен болатын.

2000 жылы Елбасының 60 жасқа толуына орай жеке қабылдауында болып, пікірлесудің сәті түскен еді. Ел жайы туралы әңгіме қозғалғанда мен Талдықорған қаласы мен осы өңірдің ауыр жағдайы туралы айтып, облыс орталығын Талдықорғанға көшіру төңірегінде көтеріліп жүрген мәселені тағы бір есіне салдым. Әр нәрсені байыппен шешетін Нұрсұлтан Әбішұлы бұл жайды білетінін, жуық арада халықты алаңдатқан мәселе шешілетінін құлаққағыс етті. Бүгіндері облыс орталығының Талдықорғанға көшірілуі турасында әркім әртүрлі әңгімелер айтып жүр ғой. Аталған шаруаға талай азаматтардың үлес қосқаны шындық. Дегенмен, қарлығаштың қанатымен су сепкендей, менің де бір үлесім болған шығар деп топшылаймын.

Сонымен, 2001 жылы Талдықорған жер жаннаты Жетісудың орталығы мәртебесіне ие болып, күлден қайта жаралатын феникс құсындай қайтадан түлеген болатын. Бұл жерде қаланы қалпына келтіріп, тамырына қан жүгіртуге Шалбай Құлмахановтың атқарған еңбегін айта кету керек. Облысқа басшылық жасаған Серік Үмбетов пен Аңсар Мұсаханов та бұл бағытта қыруар шаруа жасағаны анық. Ал өңір басшылығына Амандық Баталов келгеннен бері сол үрдіс соны лепке ие болып, облыс орталығы тіптен құлпыра бастағанын мен ғана емес, жалпы жұртшылық мақтанышпен айтып жүр. Бүгіндері Талдықорған өте талғампаздықпен жасалынған сәулет стилінде жаңадан бой көтерген әсем де еңселі ғимараттарымен ғана емес, көшелерінің тазалығымен, жасыл желектерінің молдығымен, адамдарының мәдениеттілігімен де ерекшеленеді. Осылайша, 20 жыл ішінде елімізде көрер көзге қуаныш сыйлайтын тағы бір қаланың жайқала өсіп келе жатқаны жанымызды жадыратады. Мерейлі жасың құтты болсын, тағдырыма айналған талды қала!

Асылмұрат ТҰРҒАНБЕКОВ,
Мемлекет және қоғам қайраткері,
Алматы облысының Құрметті азаматы

Қатысты жаңалықтар

Экономиканың негізгі салаларында жұмыспен қамтылғандардың саны артуда

Экономиканың негізгі салаларында жұмыспен қамтылғандардың саны артуда

30.06.2026
Үрімжіде жанданған серіктестік

Үрімжіде жанданған серіктестік

30.06.2026
Жол сапасы қатаң бақылауда

Жол сапасы қатаң бақылауда

30.06.2026
Тарих пәні платформасы

Тарих пәні платформасы

30.06.2026
Жетістігі мол Жаңалық

Жетістігі мол Жаңалық

30.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.