Талдықорған: +24°C
$ 480.72
€ 548.07
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚУАН, ЖАРЫҚ КӨРСЕҢ

23.04.2021
КҮЛТӨБЕ
ҚУАН, ЖАРЫҚ КӨРСЕҢ
WhatsAppTelegramFacebook

Аласапыранға толы өмір жолында жарымжандықтың тақсыретін тартып, тауқыметін мойнына ілген қаншама тағдыр бар?! Бірі мүгедектікті туабітті бойтұмар қылып тақса, енді бірі ­­жарақат алып, қоларбаға таңылып жатады. Десе де, шолақ тайдың құйрығындай шолтаң еткен бес күн жалғанда сынаққа сынбай, қилы тағдырдың қиындығын қайыспай қарсы алғандар жетерлік. Еңсеріп қана қоймай, спортты жанына серік етіп ел намысын арқалап жүргендер де жеткілікті. Солардың бірі ­­­­– тілі басқа болса да, тілегі бір, ел абыройын асырған спортшымыз, жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ирина ТЫЩЕНКО.

– Мен 1974 жылы 9 сәуірде Текелі қаласынада дүниеге келдім. Тағдырдың жазуы болар, жарық дүниеге кемістігіммен келдім. Дүние есігін ашқаннан 2-топтағы мүгедекпін. Аяқ-қолымдағы саусақтарым істемейді. Арбаға таңылмасам да саусақтарым жұмыс жасамаған соң жүріп-тұрудың өзі оңайға соқпады. Бірақ мен оған өкінбеймін. Қайғырып, күрсінгеннен ештеңе өзгермейді ғой. Керісінше мына жарық дүниені көрсетіп, өмір сыйлаған ата-анама ризалығымды білдіремін. Кемістігіммен тусам да ел қатарлы болдым емес пе?! Қаз тұрып, қадам бастым. Тіл қатып, сөйледім. Оқу оқыдым, білім алдым. Бұдан асқан қандай бақыт керек?! Осының барлығы адам баласы үшін үлкен жеңіс. Амал нешік, Жаратқанның жазуы болар. Отбасымның қолдауының, жастайымнан өмірге деген құштарлығымның арқасында барлық қиындықты еңсердім. Өсе келе өзімді сау адамдардың қатарынанмын деп санадым. Жарымжан болсам да жабырқамадым. Өзгелер секілді асыр салып ойнап, мектепке бардым. Ең кереметі мектепте спортпен шұғылдандым. Сиқырлы өнер маған сенімділік сыйлады. Жеңіл атлет болсам деп армандап, күнде жүгіруді әдетке айналдырдым. Мектепті тәмамдаған соң Талдықорғандағы Жетісу университетінің бастауыш сынып мұғалімі мамандығын бітірдім. Кейін дене шынықтыру мамандығын оқыдым. Мектепте ұстаз болдым. Оқуда да, жұмыс істеген кезімде де ұдайы спортпен шұғылдандым.

1994 жылы өмірлік серігімді кездестіріп, тұрмыс құрдым. 1995 жылы бірінші қызым дүниеге келді. Ана бақытын сезіндім. Бұл менің өмірдегі ең үлкен жетістігім еді. Осы кезден бастап морт сыну дегенді мүлдем ұмыттым. Өйткені, отбасым менің бар байлығым еді.

Қайсар қыз қағажу көріп, қалжыраса да жүректі жаншылаған мұңын, басына салған тағдырдың қиындығын жеңе білді. Бұл – оның өмірге келген күннен бастап жеткен жетістігі. Соның арқасында ол сау адамдардың қатарына қосылды, тұрмыс құрып, ана бақытына кенелді. Ал енді спортқа қалай келгендігін Иринаның өз аузынан ары қарай естиік.

– Жеңіс пен жеңіліс, сенім мен сәтсіздік, қуаныш пен өкініш қатар жүретін үлкен спортқа 1997 жылы келдім. Мені алғаш Виктор Эдуардұлы деген бапкер жаттығуға шақырып, жарысқа дайындады. Өзім армандаған жеңіл атлетика болған соң жаттығудан қалмадым. Дайындыққа қатты көңіл бөлдім. Ардагер бапкерден көп дүние үйрендім. Кейін бапкерім зейнет жасына шыққаннан кейін талай шәкірттің томағасын сыпырып, әлемдік ареналарға шығарып жүрген алғашқы бапкерімнің ұлы Виктор Орлов дайындады. Алғашқы жылдары әрине оңай болған жоқ. Уақыт өте келе жеңіл атлетикадан түрен салып түрлі жарыстарда жеңімпаз атандым. 100, 200, 400 метр қашықтықта жүгіріп жүлделі орындар алдым. Бірақ ол кезде мүмкіндігі шектеулі жандардың спорты дамымай тұрған кез. Сондықтан болар қанша жетістікке жетсек те аса мән бермей жүрдік. Ең бірінші үлкен доданы сезінген кезіміз 2001 жылы Астанада өткен бірінші параолимпиадалық ойын. Сол жарыста мен де өнер көрсеттім. Жүгірумен қатар жүзуде де бақ сынадым. Өйткені, сол кездері жүзуде адам болмады. Бүгінде, шүкір, мүмкіндігі шектеулі жандардың спорты қарыштап дамып келеді. Спорттың қай түріне барсаң да кіл мықтылармен бақ сынасасың. Елордадағы дүбірлі додада жүгіруден алтыннан алқа тақсам, жүзуден жүлдегер атандым. Сөйтіп, жүгіруден 2002 жылы Кореяда жалауын желбірететін Азия біріншілігіне жолдама алдым. Бірақ Пусанда өткен байрақты бәсекеде жеңістің желкенін көтере алмадым. Өкінішке қарай, тек қатысушы болдым.

2003 жылы екінші қызым дүниеге келді. 3 жыл спортпен айналыспадым. 2006 жылдан бастап алдыма мақсат қойып, спортпен тыңғылықты айналысамын деп бел будым. Тынбай жаттыққанның арқасында екінші тынысым ашылғандай болды. Түрлі жарыстарға барып жеңістің желкенін көтердім. 2010 жылы жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын иелендім. 2012-2013 жылдары шетелге барып ядро, найза және диск лақтырудан классификациядан өттім. Жеңіл атлетикадан өткім келген. Бірақ оған денсаулығым жарамады. Шегінерге жол жоқ. Классификациядан өткен спортты алып жүруіме тура келді. Еңбектенгеннің арқасында оны меңгеріп алдым. 2014 жылы Кореяның Инчхон қаласында өткен Азия біріншілігіне қатыстым. Байрақты бәсекеде диск лақтырудан сынға түсіп, 4-орын алдым. 2013 жылы Голландияда өткен бүкіл әлемдік ойындарда ядро және диск лақтырудан күміс және қола жүлдегер атандым. 2014 жылы Италияда өткен халықаралық жарыста ядро лақтырудан 1-орын алдым. Осы нәтижелерімнің арқасында 2016 жылғы параолимпиада ойындарына жолдама алдым. Бірақ бара алмадым. Өйткені 2015 жылы отбасымызбен тағы да қуаныш тойын тойладық. Тағы да ана атандым, кенже қызым дүниеге келді. Әрине, ел намысын қорғағанға ештеңе жетпейді. Ал өмірге сәби әкелу әр ананың басты арманы ғой. Сондықтан мен сұлу қызымды босанып, бір жылдай демалдым.

2016-18 жылдары Дубайда өткен халықаралық жарысқа барып жүлдегер атандым. 2019 жылы да түрлі жарыстарда түрен салдым. 2020 жылы бүкіл әлемді жайлаған індеттің салдарынан ешқандай жарыс болмады. Десе де, құр жатқан жоқпын. Күнде жаттығып жүрмін.

Өңешіне өксік тығылып, жанарына жас жиналса да қайсар қыз самайын боз қырауға көмбеді. Көңілдегі кірбің мен жүректегі жарасын спортқа келу арқылы жазды. Тынбай жаттыққанның арқасында биік белестерді бағындырды. Тағдыр қиындығына төтеп берген жігерлі жанның алдағы мақсаты қандай? Оны да сұрап көрдік.

– Менің алдағы мақсатым елімнің Көк Туын әлемдік ареналарда желбірету. Биыл 47-ге келдім. Жас емеспін, десе де, әлі де биік шыңдарды бағындыруға тырысамын. Сонымен қатар, білікті де білімді шәкірт тәрбиелегім келеді. Мүмкіндігі шектеулі жандарды спортқа тарту – арманым. Ақырындап бапкерлік жолды қолға алдым. Екі жыл болды, шәкірт тәрбиелеп келемін. Өрендерім дүбірлі бәсекелерде ел абыройын асқақтатса, менің тағы бір жеңісім болар еді.

Айта кетейін, Ерлан Шәкіртұлы басшылық ететін мүмкіндігі шектеулі спорт мектебі бүгінде биік белестерді бағындыруда. Бұл, біріншіден, әр спортшының денсаулығына қарап, үнемі қолдау білдіріп жүрген басшымыз бен Денис Орлов сияқты білікті бапкерлердің арқасы.

ТҮЙІН: Жүрегіндегі жарасы жегі құрттай жанын жесе де, ол өмірден күдер үзбеді. Керісінше, тағдырдың басына салған қиындығымен, санасын сарылтқан сары уайыммен күресті. Ұнжырғасын түсірмей, үміт мұнарасын тұрғызды. Соның арқасында асқақ арманы орындалды. Отбасын құрып, бақытқа кенелді. Байрақты бәсекелерде ел абыройын асқақтатты. Өмірдің ағысына қарсы жүзген қайсар қыздың өмірі көпке үлгі. Олай болса мұхит асып, ел намысын қорғап жүрген спортшымызға жеңісті күндеріңіз көп болсын демекпіз.

Айдар ҚАЛИЕВ

Қатысты жаңалықтар

Экономиканың негізгі салаларында жұмыспен қамтылғандардың саны артуда

Экономиканың негізгі салаларында жұмыспен қамтылғандардың саны артуда

30.06.2026
Үрімжіде жанданған серіктестік

Үрімжіде жанданған серіктестік

30.06.2026
Жол сапасы қатаң бақылауда

Жол сапасы қатаң бақылауда

30.06.2026
Тарих пәні платформасы

Тарих пәні платформасы

30.06.2026
Жетістігі мол Жаңалық

Жетістігі мол Жаңалық

30.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.