Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗГЕ — 30 ЖЫЛ: ТОҚСАНЫНШЫ ЖЫЛДАРЫ ҚАНДАЙ ЕЛ ЕДІК?

20 сәуір 2021
РУХАНИЯТ
ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗГЕ - 30 ЖЫЛ: ТОҚСАНЫНШЫ ЖЫЛДАРЫ ҚАНДАЙ ЕЛ ЕДІК?
WhatsAppTelegramFacebook

«Елу жылда ел жаңа» деп бекер айтылмаса керек. Тәуелсіздік алған жылдан бері талай жаңарып үлгердік. Енді жиырма жылдан кейінгі Қазақстанның кейпін елестетудің өзі біле-білгенге үлкен бақ. Мысал ретінде тоқсаныншы жылға шегініп көрейікші. Халықтың тұрмыстық деңгейі әлдеқайда төмен еді. Қалалар қаңырап, жарық-жылусыз болған күндер әлі есте. Ал қазір ше? Мемлекетіміз әлемнің алпауыт елдерімен бәсекеге қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына кіріп үлгерді. Осының өзі қасиетті тәуелсіздіктің айнымас жемісі.

Ғаламды шарпыған коронавирус қаншалықты залал келтіргенімен көп нәрсе үйретті. Одан сабақ алуымыз керек. Болашағы жарқын, келешегі кемел ел ретінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қыруар жұмыстар іске асуда. Халықпен ашық диалог орнатып, өзге мемлекеттермен экономикалық қарым-қатынасты тереңдетуге бар күшін салды. Үкіметке де лайықты тапсырма беріп, індеттен қорғанудың тиімді тәсілдерін ұсынды.

Қасым-Жомарт Кемелұлының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласындағы: «Қазіргі пандемия және соның салдарынан туындаған дағдарыс бүкіл әлемнің бұрын болмаған жаңа сынақтармен бетпе-бет келіп отырғанын анық көрсетті. Экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, биологиялық және басқа да қатерлерге қоса жер жүзіне жағымсыз идеологиялық вирустар да жайылып келеді. Жаһандану кезінде ел жат жұрттың ықпалына бейсаналы түрде ілесіп кеткенін аңғармайды. Басқаша айтқанда, мәжбүрліктен емес, санасының улануы арқылы өз еркімен торға түседі. Сондықтан, жаңа заманның жақсы-жаманын екшеп, артықшылықтарын бойға сіңірумен қатар тамырымызды берік сақтауымыз қажет. Ұлттық болмысымыздан, төл мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізден ажырап қалмау – барлық өркениеттер мидай араласқан аласапыранда жұтылып кетпеудің бірден-бір кепілі», – деген сөздері халқына нақты бағдар берді. Тек сеніммен шығып, осы үлкен жауапкершілікті жүрекпен сезініп, әрекет етуіміз қажет.

Біздің ұлттық болмысымызды айшықтайтын құндылық Қасым-Жомарт Кемелұлы айтып өткен төл мәдениетіміз, салт-дәстүріміз. Өскелең ұрпақтың бойына осы асыл қасиеттерді сіңіруде облыстық ардагерлер кеңесінің атқарып жатқан жұмысы шаш етектен. «Қариясы бардың қазынасы бар» дегендей, өзімізге жүктелген жауапты міндетті абыроймен атқаруға бар күш-жігерімізді саламыз.

Ермек КЕЛЕМСЕЙІТ,

Алматы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.