ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті қанттың өндіру және сату нарығына талдау жүргізді.
Бұл туралы аталған агенттіктің баспасөз қызметі мәлімдеді. Талдау жүргізу барысында қант өндірушілердің іс-әрекеттерінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзу белгілері анықталды. Соның негізінде департамент ҚР КК 170-бабына сәйкес, 2 қант өндірушіге –«Ақсу Кант» ЖШС және «Көксу қант зауыты» ЖШС-не қатысты хабарлама шығарды. Хабарламаны орындау мерзімі 30 күнтізбелік күнді құрайды.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»
Сурет — ғаламтордан





