Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЖАС ҰРПАҒЫ ЖІГЕРСІЗ, РУХСЫЗ МЕМЛЕКЕТТІҢ ЕРТЕҢІ ДЕ БҰЛЫҢҒЫР

5 сәуір 2021
РУХАНИЯТ
ЖАС ҰРПАҒЫ ЖІГЕРСІЗ, РУХСЫЗ МЕМЛЕКЕТТІҢ ЕРТЕҢІ ДЕ БҰЛЫҢҒЫР
WhatsAppTelegramFacebook

«Білімді ұрпақ – ел болашағы. Адам бойындағы ең тамаша нәрсе – білім мен ақыл». Жүсіп БАЛАСАҒҰНИ

«Білім – инемен құдық қазғандай», — деп дана халқымыз текке айтпаған. Себебі, білім жолына жұмсалған күш-жігер, кеткен уақыт ертеңгі күнге деген мол азық болмақ. Сол үшін әрбір адам білім жолында ерінбей тер төгуі керек.

Қандай кезең болса да, жас ұрпақ білімді де білікті болуға міндетті. Себебі, елдің ертеңгі тізгінін қолдарына берік ұстап, халықты сара жолға салатын, өркениетке бастайтын – білімді ұрпақ екені анық. Ал оларға саналы тәрбие, сапалы білім беретін, әрине, ұлағатты ұстаздар қауымы. Білім ордасы саналатын мектеп қабырғасында жүрген сәттен бастап әрбір оқушы өз алдына айқын мақсат қоюы керек. Сол мақсатқа жету жолында олар тынымсыз, үздіксіз білім алуға міндетті.

ХХІ ғасыр – ақпараттың, білімнің, жаңа технологияның ғасыры. Біз қазір бұрынғыдан мүлдем өзгеше жаңа заманға қадам бастық десек, артық айтқандық болмас. Демек, білімге деген талап та жоғарылап, өзгеше сипат алды. Технология қалай қарыштаса білімге деген талап та түбегейлі өзгереді. Сондықтан да, жас ұрпақ біріншіден, ақылды, екіншіден, білімді болуы керек. Ол үшін тағы да қайталап айтамын, білім алу керек. Үнемі еңбектенген адамның ғана болашағы жарқын, келешегі кемел болады.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімде ғана екенін ұмытпауымыз керек. Бүгін бой емес, ой жарыстыратын заман. Ал осындай дамыған заманда біздің мемлекетіміз көштің басын бастауға міндетті. Себебі, ұлттың ұрпағы білімсіз, жігерсіз, рухсыз болса ол мемлекеттің жетер жетістігі көп болмайтыны анық.

Әрбір елдің болашағы өз Отанына шексіз берілген патриоттық рухы жоғары, ержүрек, қайсар ел азаматын тәрбиелеуден бастау алады. «Халық түзелуінің үміті – жастарда. Сондықтан, жастардың қалай оқып, қалай тәрбиеленуі – бәрінен бұрын ескеріп, бәрінен жоғары қойылатын жұмыс», — деген екен өткен ғасырда ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов. Олай болса, ертеңгі елдің тізгінін ұстайтын білімді де білікті жастарды тәрбиелеу, болашақ мамандарды оқыту, оларға түзу жол көрсету біздің басты мақсатымыз екенін ұмытпайық.

Алтай БОСКОМБАЕВ,

«Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ №2 орта мектептің көркем еңбек пəні мұғалімі

Алматы облысы

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Әуежайдағы қауіпсіздік: Жолаушылар білуі тиіс басты ережелер

Әуежайдағы қауіпсіздік: Жолаушылар білуі тиіс басты ережелер

Бүгін, 12:00
Жаңа Конституция: Қазақстанның құқықтық дамуындағы жаңа кезең

Жаңа Конституция: Қазақстанның құқықтық дамуындағы жаңа кезең

Бүгін, 11:48
Қазақстандықтар 59 күнде 1 102 560 кітап оқыған

Қазақстандықтар 59 күнде 1 102 560 кітап оқыған

Бүгін, 11:44
Базардан мұнай өңдеу зауытына дейін: Қазақстанда көлеңкелі сектор тарихи минимумға дейін қысқарды

Базардан мұнай өңдеу зауытына дейін: Қазақстанда көлеңкелі сектор тарихи минимумға дейін қысқарды

Бүгін, 11:35
Текеліде күйеуін өлтірді деп айыпталған көпбалалы ана бостандыққа шықты

Текеліде күйеуін өлтірді деп айыпталған көпбалалы ана бостандыққа шықты

Бүгін, 11:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.