Талдықорған: +21°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АВТОЖОЛДАРЫН ЕУРОПАМЕН САЛЫСТЫРУ ДҰРЫС ЕМЕС

28.03.2021
ЭКОНОМИКА
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АВТОЖОЛДАРЫН ЕУРОПАМЕН САЛЫСТЫРУ ДҰРЫС ЕМЕС
WhatsAppTelegramFacebook

Жол – экономикамыз бен тыныс-тіршілігіміздің күретамырына айналды. Сондықтан, ол қазір маңызды мәселенің қатарында. Осы ретте біз жол саласының майталман маманы, «ҚР Құрметті жолшы» төсбелгісінің иегері, «САПА СЗ» ЖШС қызметкері Рахат ҚОСКЕНОВ мырзаға жолығып, әңгімелескен едік. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

– Рахат Есмолдаұлы, жол саласына қалай келдіңіз? Өскен ортаңыз бен білім алған оқу орныңыз жайлы айтып берсеңіз.

– Ақсу ауданы, Қызылағаш ауылында 1962 жылы дүниеге келдім. 1979 жылы орта мектепті бітіріп, сол жылы Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласындағы құрылыс-жол иниститутына оқуға түстім. 1984 жылы оқуымды ойдағыдай аяқтап, «инженер-құрылысшы» мамандығын иелендім. Сол жылы қатарлас әріптестерім сияқты мен де мемлекеттік жолдамамен Қарағанды қаласындағы жобалау институтына жұмысқа орналасып, жас маман ретінде қызметімді бастадым. Жас та болсам Сарыарқаның кең даласында еңбек етіп, тәжірибе жинадым. Қайрақты кен байыту комбинатының, Ақсу-Аюлы елді мекендерінің жол құрылысының жобалауына қатыстым. Осылайша жол саласындағы еңбегім басталды.

– Туған жеріңізден алшақта жүріп шыңдалыпсыз. Елге қашан оралдыңыз? Бұл жақтағы жұмысыңыз қалай басталды?

– Туған жерге 1987 жылы оралып, Талдықорған автомобиль жолдары басқармасына қарасты «ДЭУ-551», яғни, жолды пайдалану учаскесіне мастер-инженер болып жұмысқа орналастым. Бұл кәсіпорын 180 шақырымды құрайтын «Арқарлы-Ақсу» аралығындағы жолға қызмет көрсетеді. Оны жазда жөндейді, қыста құм сеуіп, қарын тазалайды. Дәл осындай жолды пайдалану учаскесі Қапшағай, Сарыөзек, Талдықорған, Жансүгір және Қабанбай мен Бескөлде жұмыс істеді.

– Сол кездері жол сапасына кімдер жауап берді?

– Жолдың жауапкершілігі қай кезде де өте жоғары болатын. Сапа жағынан айтар әңгіме көп. Ақпарат құралдары соңғы кездері Қазақстан автокөлік жолдарын көбіне Еуропа елдерінің автокөлік жолдарымен жиі салыстырады. Ол мүлде дұрыс емес. Еліміздің жері кең емес пе? Сол жағына мән беру керек. Ал сапа жағына келсек, кеңес заманында да жол құрылысы қатаң бақылауда болды. Ол кездері жол сапасына жауап беретін «ҚазЖол»-дың зертханасы жұмыс істеді. Бүгінгі мемлекеттің қарауындағы «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» осы зертханалардың негізінде құрылды.

– Тоқсаныншы жылдары жолдардың жағдайы нашар болды. Талдықорған қаласының орталық көшелерінде де шұңқыр көбейіп, жарамсыз күйге түсті.

– Бұрын салмағы ауыр жүк автокөліктері өте сирек қатынайтын. Кейін көрші мемлекеттердің шегаралары ашылып, салмағы 25-30 тонна емес, 60-70 тонналық жүк көліктері ағыла бастады. Бұл жағдай жолдың тозуы мен бүлінуіне әсерін тигізді.

– Бұдан шығудың амалы бар шығар?

– Әрине. Бірінші кезекте мөлшерден тыс жүгі бар автокөліктерді жүргізбеу керек. Екіншіден, жол сапасын нығайта беру керек. Бұрын асфальт жолына 7-9 см.құрайтын екі қабатты жабынды төселсе, бүгінде ол 14-25 см-ге жетіп, үш, төрт қабат жабынды төселеді.

– Қазіргі жұмысыңыз да жол саласына қатысты болар?

– Әрине. Заман талабына қарай жол салатын кәсіпорындардың басым бөлігі жекешеленіп, аттары да өзгерді. 2013 жылдан бері Нұр-Сұлтандағы «САПА СЗ» ЖШС-де жол құрылысының техникалық бақылаушысы қызметін атқарамын. Жұмысты тендер арқылы ұтып аламыз.

– Өткен жылы атқарған жұмыстарыңызға тоқталып өтсеңіз?

– Былтыр республикалық маңызы бар Көлсай көліне баратын «Көкпек-Кеген-Түп-Жалаңаш-Саты» автомобиль жолының 43-78 шақырымындағы учаскеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Күрделі жөндеуді «Искер-Т» ЖШС мен «Ивета Со» ЖШС жүргізді. Техникалық бақылауды «САПА СЗ» ЖШС жүзеге асырды. Біздің атқарған жұмысымызды «Жол активтері ұлттық сапа орталығының» қызметкерлері тексереді.

– Мазмұнды әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан — Ақбөпе ЖИЕНҚҰЛОВА

Алматы облысы

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

01.05.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

01.05.2026
Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

01.05.2026
Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

01.05.2026
Gemini-дан ақылды, ChatGPT-ден жылдам: Claude жайлы не білеміз?

Gemini-дан ақылды, ChatGPT-ден жылдам: Claude жайлы не білеміз?

01.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.