Талдықорған: +18°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ЖЕР ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ, ШЕТЕЛДІКТЕРМЕН НЕКЕДЕ ТҰРҒАНДАРҒА БЕРІЛМЕЙДІ

26.03.2021
ЭКОНОМИКА
ЖЕР ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ, ШЕТЕЛДІКТЕРМЕН НЕКЕДЕ ТҰРҒАНДАРҒА БЕРІЛМЕЙДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Жер комиссиясы жұмысының қорытындысы бойынша 2016 жылы ҚР Үкіметі шекара маңындағы ауылшаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған (ерлі-зайыпты) азаматтарға беруге тыйым салды.

Ауылшаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануға мемлекеттік бақылауды күшейту үшін 2019 жылы Жерді қашықтан зондтау деректерін пайдалану бөлімінде Жер кодексіне өзгерістер енгізілді. Осылайша, жүйелі бақылаудың, жер бетіндегі түсірілімдердің, зерттеулердің және түгендеудің нәтижелерімен қатар ауылшаруашылығы жерлерін мониторингтеу үшін ақпарат көзі ретінде енді ғарыштық мониторинг нәтижелері де пайдаланылатын болады.

Пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы жерлерінен өз еркімен бас тартуға экономикалық тұрғыда мәжбүрлеу үшін 2020 жылдың желтоқсан айында Салық кодексіне пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылығы жерлерінің салық ставкасын 10-нан 20 есеге дейін еселеп арттыруды көздейтін түзетулер енгізіліп, қабылданды.

Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жетілдіру бойынша заң жобасы әзірленді, онда пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін тексеру кезеңдері мен алып қою мерзімдерін 3 жылдан 1 жылға дейін қысқарту көзделген.

Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры шеңберінде мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша заң жобасы әзірленіп, Парламент Мәжілісіне енгізілді. Оның мақсаты – жер учаскелерін беру рәсімдерін біріздендіру, өтінімдерді қарау мерзімдері мен барысын бақылау, қағазсыз қызмет көрсету және жер учаскесін бөлуді мемлекеттік органдармен және ұйымдармен және тағы басқалармен келісу.

Ауылшаруашылығы жерлерін конкурстар арқылы беру тәртібін толққанды регламенттеу әзірленді. Конкурстық комиссиялар жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін олардың құрамына қоғамдық кеңестер мен бірлестіктердің өкілдері (комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде 50 пайызы) заңдық тұрғыда енгізілген.

Ауылшаруашылығы жерлерін тиімді және ұтымды пайдалану үшін жер пайдаланушылардың міндеттері мен жауапкершілігі нақтыланды және күшейтілді. Осы арқылы учаскелерді жалдаудың бірыңғай үлгілік шарты заңнамалық түрде белгіленді. Сондай-ақ, ауылшаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануға мониторинг жүргізу тәртібі айқындалды. Жерді жалға алудың алғашқы 5 жылында мониторинг жыл сайын жүргізілуі керек. Ал келесі кезеңдерде суармалы егістікте әр 3 жыл сайын, cуармалы емес жерлерде 5 жыл сайын мониторинг жасалуы тиіс.

Елді мекендердің маңындағы ауыл шаруашылығы жерлері мемлекеттік қажеттілік санатына жатқызылған. Бұл жергілікті халықтың жеке қосалқы шаруашылығының пайдасы үшін алып қоюға заңнамалық тұрғыда негіз болады. Сондай-ақ, жергілікті халықтың қажеттілігін қанағаттандыру және жайылымдық жер беру мәселесін шешу үшін «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Оның аясында жайылымдарды басқару жөніндегі жоспарды 2 жылда әзірлеп, бекіту  қарастырылған.

Құжаттың мақсаты – халықтың мал жаю мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін ұйымдасқан шаруашылықтар пайдаланбаған жайылымдарды қайта бөлу. Сондықтан, жайылымдарды беруге және пайдалануға байланысты іс-шараларды атқарғанда жариялылықты қамтамасыз ету үшін жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды әзірлеуге жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қатысуы заң жүзінде қарастырылды.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдары жергілікті атқарушы органдардың жайылымдарды пайдалану жөніндегі жыл сайынғы есептерін тыңдайды және талқылайды. Жайылымдарды қайта бөлу туралы мәселені қарағанда жайылымдарды басқару жөніндегі Жоспарды іске асыруға қатысады, жайылым пайдаланушылармен, жайылым пайдаланушылар бірлестіктерімен жайылымдарды басқару және пайдалану мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

01.05.2026
Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

01.05.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

01.05.2026
Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

01.05.2026
Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

01.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.