Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ ТАЛАС ТУДЫРУҒА КЕЛМЕЙТІН БІР АҚИҚАТ БАР

20 наурыз 2021
РУХАНИЯТ
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ ТАЛАС ТУДЫРУҒА КЕЛМЕЙТІН БІР АҚИҚАТ БАР
WhatsAppTelegramFacebook

Міне, тағы да  қазақтың ақ бұлағы бал татып, ақ  шабағы май татыған ұшы-қиырсыз Ұлы даласы бусана бастады. Табиғаттың қыр-сырын жақсы білген бабаларымыз: «Күз – дәнімен сәнді, қыс – қарымен сәнді, көктем – әрімен сәнді, жаз – барымен сәнді», – деген екен.

Есте жоқ ерте замандардан тіршілік иелері табиғатпен етене араласып, Жер-Ана және Аспан-Тәңірімен үндесе, үйлесе өмір сүргені ақиқат. Бүгіні мен болашағы осы екі құдіретті күштің қайырым-мейіріне байланысты екенін қапысыз ұққан олар Жер мен Көктің құбылыстарына құлақ түріп, тылсым құпияларына үңілуді үйренген көрінеді. Осылайша, қытымыр қыстан кейін даланы жапқан қалың қардың көбесі сөгіліп, дүр-дүние дүрмекке бөленіп, табиғат пен жан-жануарларға жан бітетін кезеңді – жаңа өмірдің бастауы, жыл басы деп қабылдаған. Арғы-бергі тарихымыз адамзат атаулы Наурыз мейрамын осыдан бес мың жыл бұрын тойлай бастады деген деректер қалдырыпты.

Олай дейтініміз, жарты әлемді жайлап жатқан Иран-Тұран алқабындағы халықтар – Қазақ, Қырғыз, Өзбек, Түрікмен, Тәжік, Татар, Башқұрт ұлыстары мен Түркия, Албания, Ауғанстан, Ирак, Күрдістан, Үндістан, Македония, тіпті, Қытай мен Жапонияда да көктем мерекесін атап өту дәстүрі көнеден жалғасып, бүгінге жетіп отыр. Оны айтпағанда, христиан дінін қабылдамай тұрған кездері орыс халқы да тіршілік атаулының тірілер шағын жыл басы ретінде тойлағаны жазбалардан белгілі.

Ешқандай саяси астары жоқ болса да бұл мереке қызыл билік тарапынан қуғын-қудалауға ұшырағаны қайран қалдырады. Ең соңғы рет Кеңес үкіметі 1926 жылы Наурызды ескіліктің қалдығы, діни мереке деп тойлауға тыйым салғанын білеміз. Алайда түп бастауын жаратылыстың өзінен алатын жаңару мен жасару мерекесі барлық тосқауыл-кедергілерден сүрінбей өтіп, бүгінгі күнге жетіп отыр.

Ешқандай талас тудыруға келмейтін бір ақиқат бар! Ол – 22 наурызда күн мен түн теңеліп, күннің шуағы Жер-Ананы ерекше мейіріне ала бастайтыны болса керек. ХI ғасырдың өзінде ұлы ғалым әрі ақын Омар Хайям жұлдыздар мен шоқжұлдыздардың толық циклы аяқталғаннан кейін өзінің бастапқы жүру нүктесіне келіп, жаңа шеңберді бастайтынын дәлелдегеннен бері аталған тұжырым ешқандай өзгеріске ұшыраған емес. Бұл – ежелгі адамдардың не себепті жыл басын дәл осы күннен бастайтынын қуаттай түседі.

Наурыз мейрамы – қатал қыстан аман шығып, тіршіліктің жаңа бір кезеңіне аяқ басатын жан жадыратар жаңа күн ғана емес, бұл алғы күнге деген үміт, болашаққа бағдар, асқар асуларды бағындырар  арман бастауы десе де болады. Себебі, дәл осы күндері адамдар бір-бірімен қауышып, өкпе-реніштері болса кешіріп, үй іші мен ауласын қоқыстан тазартып, киімдерін жаңалап, көшеттер отырғызып, игілікті істерді бастайды.

Әлемді дүрмекке салған тәжді тажал аяқ-қолымызды тұсағандай күй кешіп жүргеніміз жасырын емес. Ендеше, Ұлыстың ұлы күнінде адамзатқа ажал сепкен тажалдан аман-есен құтылайық деп тілейік. Жаңа өмір бастауында тұрған Ұлыс оң, ақ мол болғай!

Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Бүгін, 16:19
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.