Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

САРҚАН АУДАНЫНДА ТҰРАТЫН ӘЙЕЛ ҚАМШЫ ӨРУДІҢ ҚҰПИЯСЫН АЙТЫП БЕРДІ

20 наурыз 2021
РУХАНИЯТ
САРҚАН АУДАНЫНДА ТҰРАТЫН ӘЙЕЛ ҚАМШЫ ӨРУДІҢ ҚҰПИЯСЫН АЙТЫП БЕРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

«Қойлық ауылында қамшы өретін әйел тұрады» дегенді естіп, елеңдедік. Аздан соң ұлттық болмысымызға сай бұйымдар жасайтын ісмер Тілеужан Смағұлов пен Нұргүл Қырықбаеваға хабарластық.

Әйел заты әрдайым жарына көмек қолын созып тұратыны заңдылық. Ошақ қасы, бала тәрбиесімен қоса Нұргүл Қырықбаева еріне көмектесемін деп жүріп өзі де қамшы өруді меңгеріп алса керек. Десе де, бір қамшыны дайындауға көп уақыт жоғалтатын көрінеді. «Одан да үйдің отағасына көмектескенім тез», – деп бастады әңгімесін отанасы.

– Жолдасым қамшы жасап қана қоймай, ертоқым, ноқта, құйысқан, жүген, өмілдірік ноқта жасайды. Ерлі-зайыпты болғанымызға 21 жыл болса да соңғы 5 жылда ғана көмектесіп жүрмін. Өзімнің қамшы тоқып үйренгеніме көп уақыт болмады. Ары ұзаса бір жылдан асқан шығар, – дейді Нұргүл Ипбергенқызы.

Қамшы өруді Тілеужан Смағұлов әкесінен үйренген. Есін білгелі әкесі жанына отырғызып қойып қамшы өретін. Әзірге Тілеужан мен Нұргүл қамшының төрт, алты таспа түрін өреді. Сондай-ақ, жылан бауыр, домалақ алты таспа, төртбұрышты сегіз, алты өрімді де пайдаланады. Қайысты отанасы өзі дайындап береді. Бірге сылып, өріседі. Тек жолдасы бір қамшыға 2 сағат жұмсаса, ол 2 күн жүріп қалуым мүмкін дейді. Қол машықтанғанша солай болатын көрінеді.

Қамшы қалай дайындалатындығын сұрағанымызда: «Қамшы жасамас бұрын бірінші қайысты тігесіз. Содан кейін қайыстың бір қабатын жұқалап алып тастайсыз. Яғни, бетін не болмаса астын сыласыз. Бұл өрімдерін тегіс жатқызу үшін қажет. Қайысты 5 мм мөлшерінде тілесіз. Осы жұмыстардың бәрін жасаған соң ғана барып өруге кірісеміз. Қамшы жасауда қайыс, пышақ, қайрақ керек», – дейді қамшы өретін ана.

– Жастайымыздан аттың үстінде келеміз. Атқа керектіні өзім жасаймын. Қамшы да өремін. Негізінен оның түрі көп. Соның ішінде жеңілі – төрт өрімін өреміз. Неге десеңіз – сегіз, он екі өрім атқа ауырлық етеді. Өрімі жуан әрі қалыңдау болған сайын аттың жамбасына батады. Төрт өрім – ат жарыстың қамшысы. Көбіне жүйрік атқа шапқанда немесе атсейіске қолайлы. Қолға ұстауға да жеңіл және ыңғайлы. Есімді білгелі қамшы өре бастаппын. Кәсіп қылып, ақша табуды көздемесем де атакәсіпті жаныма серік етудемін. «Текпен дарыған қасиет текке кетпейді» дегендей, қамшы өруді ұрпағыма ұлағаттап келеміз, – дейді Тілеужан Қастайұлы.

Ісмер отбасы қамшының сабын жасауда тобылғыны пайдаланады. Күз айларында тауға барып, тастың арасынан теріп әкеледі. Неге күз мезгілінде десек: «Сол уақытта гүлі, жапырағы түскеннен кейін тобылғы қызыл түсті болады. Қаттылығымен қоса, реңі де әдемі болып, қамшыға ерекше сән беріп тұрады», – дейді.

Ата дәстүрді дәріптеген отбасы бір ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірген. Ұлдары Есімжан әке жолын жалғап, ұлттық дәстүрді дәріптеп келеді. Кейіпкеріміз Нұргүлдің құрақ көрпеше тігіп, құрт-май жасайтын да өнері бар.

– Қамшы – халқымыздың қастерлі де киелі дүниесінің бірі. Оны төріне іліп ұстаған. Қамшы – қайсарлықтың, батылдықтың белгісі. Жаугершілікте қару ретінде тұтынса, бейбіт өмірде спорттық жарыста, мал шаруашылығында қолданады. Дана халқымыз өмірді қамшының сабына теңейді. Мұның астары тереңде. Сондықтан, қазақтың қамшысы да, қамшы ұстар ұлдары да көп болсын, – дейді Нұргүл Қырықпаева.

Қазір ұлттық жәдігерді мұражайдан іздейтін болдық. Әрбір үйден табылатын ұлттық бұйымдар бүгінде көзден бұл-бұл ұшты. Себебі, оларды жыл санап заманауи технология алмастыруда. Заман-заман деп отырғанда келесі бір онжылдықта қазағымыз қасиетіне балаған қамшыны да сол мұражайдан көріп жүрмесек болар еді.

Еңлік АРЫҚБАЙ

Сарқан ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Бүгін, 16:19
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.