Талдықорған: +3°C
$ 491.88
€ 585.83
₽ 6.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

ҰЛТ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ШЕБЕР: ЖОЛАУШЫ ТҰРДЫҒҰЛОВТЫҢ ӨМІРІ

19.03.2021
ТҮПСАНА
ҰЛТ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ШЕБЕР: ЖОЛАУШЫ ТҰРДЫҒҰЛОВТЫҢ ӨМІРІ
WhatsAppTelegramFacebook

Ортамызда домбырадай киелі мұраны ұқыптап зерттеп, жаңғыртып, күллі әлемге даңқын жеткізіп жүргендердің ішінде Жолаушы Тұрдығұловты айрықша атауға болады. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Қазақ өнерінің талай саңлағы мен майталманын түлеткен Шығыс Қазақстан топырағында туған Жолаушы Әбілғазыұлы алғашқы білім жолын Алматыдағы көркемсурет училищесінен алып, Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітіріп, аталған қарашаңырақта мамандығы бойынша ұрпақ тәрбиелеу ісін ширек ғасырдан аса жалықпай жалғастырып, ағаш, сүйек, тас, мүйізді көркем өңдеу бойынша көптеген білікті шәкірт тәрбиелеген ұлағаты ұстаз. Кешегі әр нәрсеге қызыға, іздене қарайтын ауылдың қарадомалақ баласынан бүгінгі профессор деген құрметке атаққа дейін көтерілген парасат иесі. Екі ішекті домбыра мен жеті ішекті жетігеннің тілін тапқан күйші, асқақ үнді әнші, он саусағынан өнері тамған шебер. Оның үстіне жетпіс жасқа биязы мінезі, ақылдылығы, асып-таспайтын ақпейілділігі, айта берсең кете беретін адами қасиеттердің бәрін бойына жиып жеткен бекзат жан. Жеке шеберханасында түрлі саз аспабын жасаудан жалықпайтын тәлімгер. Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптар оркестірінің  құрамын толықтырған жүрген өнерпаз. Дәстүрлі музыкалық аспаптар шығаратын өз мектебінің негізін қалаушы.

Қысқасы, қазақ атамыз айтатын «сегіз қырлы, бір сырлы адам». Бұл ретте Жолаушы Тұрдығұловтың сегіз қырын қоя тұрып (ол бір кітапқа жүк болатын дүние), оқырмандарға бір ғана сырын – қазақтың қолөнер шеберлігін, әсіресе, домбыра жасаудағы айрықша үлгісін әлемдік аренаға көтерген майталмандығын жеткізсек деп түйдік.

Жолаушы Әбілғазыұлының домбыра жасау мен күй өнеріне құштарлығы әскери борышын өтеп жүрген  тұста ояныпты. Сонау қиыр шалғайда, оның үстіне жат-жұрттықтардың арасында жүрген бірнеше қазақ-қырғыз баласы ауылын, елін сағынып, сол сағыныштың лебімен алғашқы қарапайым домбыраны жасап, көңілдерін көтереді. Оған дейін бірде бір рет күй шертіп көрмеген Жолаушы Әбілғазыұлы өзі жасаған домбыраның пернесін бір-бірден басып, күй шерте бастайды. Бірақ ол кезде сол бір кішкентай талпыныстың бүгінгідей әлемдік деңгейдегі шеберге жеткізіп, жұрттың қадір-құрметіне бөлейтінін білген жоқ. Әскери борышын өтеп қайтқаннан кейін осы өнерге бар ынта-ықыласымен кірісті. Оған бір жағынан ұстаздық жұмысы да сеп болды. Қолы қалт етіп босай қалған тұста шеберханадан шықпай тынымсыз еңбек етуі де биіктен-биікке жетелей түсті. Домбыра жасаудың қыры мен сырын толық меңгеру үшін де Жолаушы аға жарты ғасыр ғұмырын жұмсады.

Жолаушы Тұрдығұловтың 1992 жылы бірінші рет халық аспаптарын жасау байқауына қатысқаннан бері өз саласы бойынша алған марапаты бір төбе. 2011 жылы «Шебер» байқауында Қазақстан Қолөнершілер одағының төрайымы Айжан Бекқұловамен танысуы өміріне өзгеше леп әкелді. Марапаттарының ішінде өткен жылы қолөнер саласындағы халықаралық «2020 жылдың үздік шебері» атағына ие болғаны қазақстандықтар үшін үлкен мәртебе саналғанын айта кету керек.

Өткен жылы төртінші рет өткізілген «International Craft Awards» сыйлығы – шығармашылық және қолөнер индустриясының тұрақты дамуына қосқан зор үлесі бар шеберлерге арналған әлемдегі ең мәртебелі марапат. Жолаушы Тұрдығұловтың аталған марапатқа ие болғанын Қазақ елі үлкен мақтанышпен қабылдады. Өйткені, әлемнің әр түкпірінен тіркелген бірнеше жүздеген үміткердің ішінен дараланып шығу, музыкалық аспап жасаудың жілігін шағып, майын ішкен сарапшылардың сарабынан сүрінбей өту жай дүние емес.

Өкінішке қарай, пандемияға байланысты жеңімпаз Үндістанның Жаңа Дели қаласында өтетін марапаттау рәсіміне қатыса алмады. Ал марапатты Жолаушы Тұрдығұловтың атынан Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ерлан Әлімбаев тапсырып алып, елге жеткізді. Жуырда тағы да елімізде бірінші рет тапсырылған «Наурыз» ұлттық премиясының да иесі атанды. Еңбектің өтеуі деген осы.

Жолаушы ағаның қолынан шыққан «Арлан», «Барыс», «Бәйтерек» деген атпен сүйекті, тасты, күмісті қолданып жасаған домбыраларының бірі Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа, Өзбекстанның Тұңғыш Президенті Ислам Кәрімовқа сыйға берілсе, қылқобызы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің қалап алғаны шебер атаулының екінің бірінің ғана маңдайына жазылатын бақ. Бүгінде қазақ өнерін асқақтатып жүрген айтыскер ақын, құдіретті күйші, жезтаңдай әншілердің қолындағы домбыраның Жолаушы Тұрдығұловтың еңбегі екенін біреу білсе біреу білмейді.

Танымал әнші-күйшілерден бөлек, консерватория және колледж ұстаздары, студенттері, Құманғазы атындағы мемлекеттік академиялық оркестрі, тағы да басқа көркемөнер ұжымдары Жолаушы ағаның қолынан шыққан аспаптарды қалап алады. Шебердің қолынан шыққан музыкалық аспаптар Аризонадағы Дүниежүзілік музыкалық аспаптар мұражайында, Америка, Германия, Жапон, Қытай, Монғол Халық Республикасы, Ресей, Голландия елдерінің музейлерінде сақтаулы.

Ізін жалғаған шәкірттері қаншама?! Осыншама еңбек жасау және сол арқылы көптің құрметіне бөленгеннен артық не бар? Ендеше, осы тұста «Жолаушы ағаның аспаптары неге осыншама танымал?» деген сұрақтың да көлденеңдей қалатыны бар. Оны мынадай екі түйінге жинақтауға болады. Шебердің қандай аспап жасаса да, ең алдымен, оның материалына ерекше назар аударатындығы, сондай-ақ, қолынан шыққан әр аспаптың дыбысын өзі қоятындығы.

Жолаушы домбыра жасағанда материал ретінде Тянь-Шань шыршаларын, сондай-ақ, Оңтүстік Қытай, Америка, Ресей жеткізілетін көп жылдық ағаштарды қолданады. Шетелдік сатып алушылардың талғамына сай сүйек, тас, күмісті де орынды пайдаланады.

Міне, осылайша, Жорлаушы Әбілғазыұлы ХХІ ғасырдағы қазақ домбыра жасау шеберлерінің ұстазына айналды.

Қажет АНДАС

Алматы қаласы

Қатысты жаңалықтар

Мектеп директорына қатаң сөгіс берілді: Рәміздерді жою кезінде қандай қате кетті?

Мектеп директорына қатаң сөгіс берілді: Рәміздерді жою кезінде қандай қате кетті?

10.02.2026
Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

10.02.2026
Қазақстан мен Ұлыбритания атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен Ұлыбритания атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

10.02.2026
Жаңа Конституцияға өту кезеңі: Рәсімдер мен мерзімдер қалай нақтыланбақ?

Жаңа Конституцияға өту кезеңі: Рәсімдер мен мерзімдер қалай нақтыланбақ?

10.02.2026
Бала құқығы басты назарда: Баспанадан сот шешімінсіз шығаруға тыйым салынбақ

Бала құқығы басты назарда: Баспанадан сот шешімінсіз шығаруға тыйым салынбақ

10.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.