Талдықорған: +18°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ҚАРАТАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АУЫЛҒА ГАЗ ТАРТУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

16.03.2021
ЭКОНОМИКА
ҚАРАТАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АУЫЛҒА ГАЗ ТАРТУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жолбарыс батыр ауылдық округіне қарасты Қанабек ауылының Мәдениет үйінде ауыл тұрғындарының басын қосқан жиын өтті. Қанабек ауылына газ желісінің жүргізілуі және жеке тұрғын үйлерді табиғи газға қосу, көктемгі дала жұмыстары, жерді пайдалану және қолдану жайы қаралған басқосуды аудан әкімі Қайрат Бұлдыбаев ашып, жүргізді. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Көпшілік алдында сөз алған «Жетісу-Облгаз» ЖШС басшысы Рашат Имамадиев Қанабек ауылына газ желісінің жүргізілуін және жеке тұрғын үйлердің табиғи газға қосылу жайын егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, биыл Қаратал ауданына қарасты 7 ауылға газ тартылмақ. Қанабек ауылынан басталатын игі жобаны сәтті жүзеге асыруда халықпен етене жұмыс жасайтынын жеткізді.

– Ең бірінші, газ қосылу үшін техникалық шарт жасалады. Соның ішіне 4-5 құжат кіреді. Үй өз атыңызда болуы керек. Жерге берілген мемлекеттік акт, газбен жылытуға арналған пештің құжаты болуы қажет. Газ орнататын компания техникалық шарт беруі тиіс. Сонымен қатар, облыс әкімдігі тарапынан әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға, көпбалалы отбасыларға, 1,2-топ мүгедектеріне, соғыс ардагерлеріне жеңілдік жасалып, газ тартуға кеткен шығындарды 10 ай жеңілдікпен төлеуге жағдай жасалуда. Сіздердің әкімшіліктеріңізге хат жолдадық. Әкімдік тарапынан әлеуметтік аз қамтамасыз етілген азаматтардың тізімін аламыз. Газды биылғы жылы қосуды жоспарлап отырмыз, – деді «Жетісу-Облгаз» ЖШС директоры Рашат Имамадиев.

Оның айтуынша, үйге газ кіргізетін компаниямен әр тұрғын жеке келісімшарт жасап, сырттан үйге газ құбырын кіргізу, пеш орнату, қосалқы бөлшектерін бекіту секілді жұмыстардың сапалы атқарылуын талап етуі тиіс. Әр үйге газ кіргізу құны үй мен газ қондырғысының арақашықтығына, газ пешінің көлеміне, қосымша қызметтерге байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

– Былтырғы жылы Қарабұлақ ауылына газ тартқанда әр үйге орнату құны шамамен 420-430 мың теңге болды. Биыл құбыр бағасы қымбаттады. Былтыр пешті 165 мың теңгеден алып орнатсақ, биыл ол 220-230 мың теңгенің көлемінде болып отыр. Сондықтан, биыл үйге толықтай газ орнатып беру құны 500-510 мың теңге шамасында болады деп жоспарлап отырмыз, – деді өз сөзінде Рашат Батайұлы.

Залдан сауал қойған ауыл тұрғындары үйінің ауласының кіре-берісіне қойылатын газ құбырының биіктігі 3,5 метр болатынын естіп, бұл жүк көлігімен шөп кіргізуге кедергі келтіретінін тілге тиек етті. Малмен күнелтіп отырған жұрт мүмкіндік болса газ құбырын биіктетіп беруін сұрады. «Azia Rc» ЖШС басшысының орынбасары Нұржан Бегалиев аулаға кіреберісте қойылатын газ құбырының биіктігі 3,5 метр, ал көшедегі биіктігі 5 метр болатынын, бұл мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес жасалғанын айтты. Газ тартуда заң шеңберінде тұрғындарға барынша көмек беруге әзір екенін білдірді. Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Абылқасымов Қанабек және басқа да ауылдарға газ тарту әкімдік тарапынан жіті назарда болатынын айтып, барынша қолдау көрсетілетініне баса назар аударды.

Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Ғалым Увалиев ауыл тұрғындарына көктемгі дала жұмыстарына дайындықты тағы бір мәрте пысықтап, жер кепкен сәтте егін егуге кірісу қажеттігін еске салды. Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Д.Ұзақбай ауылшаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану және қолдану қажеттін айтып, жер сұраған азаматтар конкурсқа қатысып, жер алуға мүмкіндігі бар екенін жеткізді.

Қанабек, Айдар ауылының тұрғындары ауыл сыртында мал жаятын жер жоқ екенін, әкімдік иелігіне қарасты жерлер бірнеше жыл бұрын шаруа қожалықтарының иелігіне өтіп кеткенін жеткізді. Аудан әкімі Қайрат Бұлдыбаев бойдақ малды жайлауға шығару қажеттігін, ал сауын сиырларды жаятын жайылым мәселесін шешу жолдары қарастырылатынын айтты.

Асхат ӨМІРБАЕВ

Қаратал ауданы

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

01.05.2026
Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

01.05.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

01.05.2026
Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

01.05.2026
Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

01.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.