Талдықорған: +21°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

15 АУДАНҒА ГАЗ ТАРТЫЛДЫ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КӨМІР ЖАҚПАЙТЫН КҮН ЖАҚЫН

10.03.2021
ЭКОНОМИКА
15 АУДАНҒА ГАЗ ТАРТЫЛДЫ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КӨМІР ЖАҚПАЙТЫН КҮН ЖАҚЫН
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс аумағындағы елді мекендерді газдандыру бағдарламасын іске асыру аясында бүгінде 15 аудан мен қаладағы 156 елді мекеннің 1,2 миллион тұрғыны орталықтандырылған газ желісіне қосылып, Талдықорғанда газ желілерін тарту жұмысы толық аяқталды. Демек, жетісулықтар көгілдір отынның қызығын сезінді. Сонымен қатар, жергілікті жылумен қамту кешенін жаңғырту жобасы бойынша орталықтандырылған жылу жүйесіне бірқатар тұрғын үй мен әлеуметтік нысан қосылған.

Өткен жылы Талдықорған мен Қапшағай қалаларындағы үш қазандық көмір мен мазуттың орнына табиғи газды пайдалануға ауыстырылды.  Сонымен бірге Ескелді ауданы, Қарабұлақ кентіндегі орталық жылыту қазандығын газға ауыстыру жобасы аяқталу алдында. Бұл нысанды жаңғыртуға облыстық бюджеттен 614 миллион теңге бөлінген.

– Жалпы, Ескелді ауданын газдандыруға облыстық бюджеттен 1,5 млрд.теңге бөлініп, 140 шақырымға газ желісі тартылып, 13 газ тарату қорабы орнатылды. Жұмыс осы жылдың мамыр айында аяқталмақ. Облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен «ЖетісуОблГаз» ЖШС Қарабұлақ кентіндегі «Хомгаз» ЖШС-мен бірлесе отырып, кенттегі 150 үйге 300-350 мың теңге көлеміндегі жеңілдетілген бағамен газ құбырын кіргізіп, пеш орнатып берді. Сондай-ақ, тұрғындардың қаржылық жүктемесін төмендету үшін қазандық пен жинақтаушы материалдарға жұмсайтын қаражатын он айға бөліп төлеу ұсынылуда, – дейді  облыстық энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Әбілқасымов.

Жоспарлы жұмыстың нәтижесінде Қарабұлақ кентін жылумен қамтып отырған көмірмен істейтін орталық жылу қазандығының жанынан блокты-модульді корпус салынып, жылыту қазандықтары орнатылып, қажетті жабдықтар құрастырылуда. Қуаттылығы 20,6 ГКл жылу қазандығын орнату бойынша «Сұңқар – 2002» ЖШС жұмыс жүргізуде.

Демек, келесі жылыту маусымында Қарабұлақ коммуналдық мекемелері мен жеке тұрғын үйлер көмір орнына газды пайдаланатын болады. Осы арқылы ауаға тарайтын зиянды заттардың шығарылу деңгейі кем дегенде 52%-ға төмендейді. 32 көппәтерлі тұрғын үй, 25 мемлекеттік мекеме, 45 жеке кәсіпкерлік субъектісі және 1165 жеке тұлға жылумен қамтамасыз етіледі.

Қарабұлақ кентіндегі кентішілік жылу желілерін жаңғырту жоспары бойынша да, көпқабатты үйлерді орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу жұмысы да кезең-кезеңмен жүргізілуде. Осыған дейін Акименко көшесіндегі №17 және Балпық би көшесіндегі №57 үйлер орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылып, тұрғындардың алғысына бөленді.

Акименко көшесіндегі №17 үй тұрғыны, зейнеткер Нина Тарасенко «Қарабұлақ кентінде тұрғаныма бірнеше жыл болды. Жыл сайын бесінші қабатқа көмір мен отын тасып, шаңын бұрқыратып от жағып, көп қиындық көріп едік. Міне, орталықтандырылған жылу қазандығына қосылғалы көзіміз ашылды. Осындай мүмкіндік берген облыс әкімі Амандық Баталовқа алғысымыз көп», – десе осы үйдің тағы бір тұрғыны, Шоқан Уәлиханов атындағы мектептің оқытушысы Қастер Болат: «Мен бұл үйге көшіп келгелі 5 жыл болды. Басында үйді көмірмен, кейде, электр қуатымен жылытып мазамыз кетті. Жұмыста жүргенде, іссапарға кеткенде қауіпсіздікті ойлап алаңдаушы едік. Орталық жылу жүйесіне қосылғалы сол уайымның бәрі артта қалды», – деп ағынан жарылды. Жақында орталықтандырылған жылу жүйесіне 150 бала тәрбиеленетін «Айкүнім» балабақшасы, аудандық Мәдениет үйі қатарлы бірнеше нысан қосылып, жұрттың қуанышы еселенгенін көрдік.

Облыстық энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының ақпаратынша, бүгінде Балқаш, Қаратал, Көксу, Кербұлақ және Талғар аудандары елді мекендерінде газдандыру жұмысы жүргізілуде. Текелі қаласын газдандыру жұмысын бастау жоспарлануда. Сондай-ақ, мемлекеттік жеке әріптестік бағдарламасы аясында Үштөбе қаласы  мен Ұйғыр ауданының үш елді мекенінде газ тарату желілерінің құрылысы қарқын алады.

Қажет АНДАС

Ескелді ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

01.05.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

01.05.2026
Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

01.05.2026
Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

01.05.2026
Gemini-дан ақылды, ChatGPT-ден жылдам: Claude жайлы не білеміз?

Gemini-дан ақылды, ChatGPT-ден жылдам: Claude жайлы не білеміз?

01.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.