Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҚОБЫЗШЫ ҰСТАЗ: «ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДА ДАРЫНДЫ БУЫН ӨСІП КЕЛЕДІ»

8 наурыз 2021
РУХАНИЯТ
ҚОБЫЗШЫ ҰСТАЗ: "ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДА ДАРЫНДЫ БУЫН ӨСІП КЕЛЕДІ"
WhatsAppTelegramFacebook

Ұлтымыздың ұлы мұрасына айналған саз аспаптары — қобыз бен домбыраның қос ішегінде он саусағы еркін ойнайтын таланттардың өнерін ұштап, өрісін кеңейтуге өмірін арнап келе жатқан ұлағатты ұстаздардың бірі Талғар аудандық балалар музыка мектебінің мұғалімі Гаухар Асқарбекова дер едік.

Өнер саласында 30 жылға жуық табандылық танытып, зор еңбек сіңірген ұстаздың талантты шәкірттері де жетістіктер биігінен көріне білуде. Нәтижесінде, жас өскінді өнерге баулудағы ерен еңбегі еленіп, «Дарынды ұстаз» медалінің иегері атанған Гаухар Мысабекқызы бұған қоса облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттармен марапатталған. Сондай-ақ, бақ сынасқан байқауларда ортасынан оза шауып, аудандық музыка пәні мұғалімдері арасында өткен баян аспабында орындау сайысының бас жүлдегері атануы да өнерге деген сүйіспеншілігінің асқар шыңындай көрінеді.

Қобыз бен домбыра тартуға ықыласты мектеп оқушыларынан құрылған аудандық «Желмая» қобызшылар ансамблі мен «Балауса» домбырашылар ансамбіліне жетекшіліп жасап, жас өнерпаздардың биік белестерді бағындыруына бар күш-қайратын жұмылдырған еңбегі зая болмады. Күй сандық боп ақтарылған қос ансамбль республикалық, облыстық байқаулардың жүлдегерлері атанып, атақтарын аспандатты.

Талантты жетекші, музыка пәнінің білікті мұғалімі Г.Асқарбекова ұлттық аспапты меңгертуде «Қобыз пәні бойынша үлгілі деңгейлік оқу бағдарламасы» атты еңбек жазып, ғылымға өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Ұлттық аспаптар домбыра, қобыз, сазсырнай, балалайка, шаңқобыз, фортепиано, баян аспаптарын еркін меңгерген дарынды ұстаз бұл өнерін жас жеткіншектердің бойына сіңіріп, өнер көгінде еркін самғауына бұл күнде еселі еңбек сіңіруде.

Алатаудың баурайынан әуезді әуен қалықтатып, күй күмбірлететін қос ансамбльден бөлек, жеке орындаушылардың да жеткен жетістіктері жіпке тізерлік. Атап айтсақ, асқан шеберлігімен танылған жас қобызшы Анель Талғат 2017 жылы Астана қаласында өткен ХІ халықаралық  «Ақ көгершін»  байқауында бас жүлдені иеленсе, Түркияда өткен байқауда да алдына жан салмағаны белгілі. Сондай-ақ, жас қобызшылар Сұңғыла Амантай сол жылғы республикалық «Самға самұрық» байқауынан Гран-приді иеленіп, мерейін өсірген. Білікті ұстаздан үйренгені көп Ақбота Сатаева, Қуаныш Оразхан, Раушан Үмбетова, Жания Шұғаева, Дана Қайратова, Алуа Әбдісаматова, домбырашылар Әсем Тұрсынжан, Аяулы Сәрсенбі сынды дарынды шәкірттері жас өнерпаздар көшін бастап келеді.

Концертмейстер Елена Короткова мен Гаухар Мысабекқызы бірлесе баптаған талғарлық таланттар жуырда тағы бір биіктерді бағындырып, аудан абыройын асырды. Ол «Astana Folk Music» атты І халықаралық халықтық музыка және әндер байқауында 11-13 жас аралығындағы қобыз өнері бойынша Сұңғыла Амантайдың Гран-приді иеленуі және Дана Жолдыбайдың 1-дәрежелі дипломмен марапатталуы екендігін ерекше атамақпыз.

— Қос өнерпазымыздың бұл жеңісін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына тартуымыз деп білеміз. Қазақ даласында дарынды да талантты буын өсіп келеді. Біздің міндет – соны дер шағында танып, талабын ұштау, – дейді ұлағатты ұстаз Гаухар Асқарбекова.

Ұлбосын ИСАБЕК

Талғар ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Бүгін, 16:19
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.