Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ІСКЕР ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚҰРМЕТ

5 наурыз 2021
РУХАНИЯТ
ІСКЕР ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚҰРМЕТ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыста былтырғы пандемия кезінде көпшілікке көмек көрсеткен іскер әйелдер марапатталды. Облыстық іскер әйелдер кеңесінің отырысында қыз-келіншектерге Алғыс хаттар мен дипломдар табыс етілді.

Алдымен іскер әйелдер кеңесінің облыстық филиалының басшысы Римма Салықова кеңес қатарында 450-ден астам кәсіпкерлер мен саясаткерлер, қоғам, мәдениет, білім және әлеуметтік сала өкілдерінің бар екенін атап өтті. Әр аудандағы кеңесі филиалдары білім беру және қайырымдылық жобаларын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Облыстық іскер  кеңес басшысы пандемия кезінде көрсеткен көмегі үшін өңір әйелдеріне зор алғысын білдірді.
Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметов іскер жандарды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, облыс әкімдігі мен өңірлік кәсіпкерлер палатасының Алғыс хаттарымен марапаттады. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, сондай-ақ, қайырымдылық мәдениетін дамытуға және іскер әйелдер кеңесінің қызметіне қосқан үлесі үшін Текелі қаласының іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, «Алпамыс» ұйымының басшысы Райхан Сисекенова, «Дана» жекеменшік мектебінің құрылтайшысы Күләнда Батырбекова, Панфилов ауданының іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, «Ирада Балық» ЖШС директоры Суриям Изимова, «Оңғарбаева» ЖК оқу орталығының жетекшісі Светлана Оңғарбаева, тағы басқалар марапатталды.
Әсет Шаяхметов келесі кезекте «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы жанындағы іскер әйелдер кеңесі тағайындаған «Ару Ана» Бизнес премиясы» республикалық сыйлығын табыс етті. Сыйлық кәсіпкер әйелдердің экономикалық белсенділігін ынталандыруға бағытталған. Жыл сайын өңірлік деңгейде 17 награда және республикалық деңгейде Гран-при беріледі. Облыстағы «АруАна» сыйлығының алғашқы иегері «Бүркіт «ТЭК» ЖШС бас директоры, облыстық Өңірлік кеңесінің мүшесі Ләззат Ботабекова. Компания Райымбек ауданындағы көмір өндіретін негізгі кәсіпорындардың бірі. Ләззат Ботабекова аудан және облыс көлемінде көптеген игі істердің демеушісі болып келеді. Жыл сайын компания Райымбек және Кеген аудандарының тұрғындарына 300 тонна көмірді тегін таратады. Сондай-ақ, жүйелі негізде аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетеді, дарынды жастарға білім беру гранттарын бөледі. Мәселен, 2020 жылы пандемия кезінде аудандық ауруханаға 500 мың теңгеден астам сомаға медициналық бақылау-диагностикалық құралдары мен дәрі-дәрмектер сыйға тартты.
Отырыста  «Doc.kz» Әлеуметтік еріктілер орталығы «ҚБ директоры Лариса  Котельникова Алтай өлкесімен Халықаралық экономикалық ынтымақтастық туралы, қаржылық өнімдері бойынша «Банк Центр Кредит» АҚ және «Халық банкі» АҚ өкілдері сөз сөйлеп, бизнес-тренер Әлібек Бұханов тренинг өткізді.
Одан әрі «Алтын Адам Жетісу шеберлер орталығы» қоғамдық бірлестігінің қызметі таныстырылды. Халықтық өнер шеберлерін біріктіретін қолөнершілер орталығы облыстық іскер әйелдер кеңесінің бастамасымен құрылды. Қоғамдық бірлестік төрайымы Динара Бәкірова жұмыс бағыттары туралы айтып, болашақ жоспарларымен бөлісті.
Іскер әйелдер кеңесінің биылға арналған жоспарларын айта келе Римма Аждарқызы әйелдердің кәсіби, рухани, тұлғалық өсуі бойынша оқыту тренингтері мен семинарлар үрдісін өткізу бойынша жұмыс жалғасатынын айтты. Сондай-ақ, кәсіпкер әйелдерді несиелендіру бойынша «Қамқор Ана» жобасын іске асыру жоспарлануда.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА
 

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00
Түтін басқанда не істеу керек? Төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету жолдары

Түтін басқанда не істеу керек? Төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету жолдары

Бүгін, 13:30
Текеліде «Серкесай» жобасының екінші кезеңі пысықталды

Текеліде «Серкесай» жобасының екінші кезеңі пысықталды

Бүгін, 13:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.