Талдықорған: +18°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН ДАМИДЫ

05.03.2021
ЭКОНОМИКА
АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН ДАМИДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыста ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында 373 кәсіпорын жұмыс істейді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өндірілген ауылшаруашылығы өнімінің көлемі шамамен 281,2 миллиард теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ селекторлық байланыс режімінде мәлімдеді.

Жетісу жеріндегі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, ішкі нарықты отандық азық-түлікпен толықтыру жөнінде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндаған Амандық Ғаббасұлы:

– Өткен жылы қант қызылшасын өндіру  2 мың гектарға, жүгері  4,5 мың гектарға, жемшөп дақылдары  4,7 мың гектарға артты. Тамақ өнеркәсібінің ірі зауытының бірі «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС қазірдің өзінде өнімнің 65 түрін 8 жақын және алыс шетелге экспорттайды. Өңірде он құс фабрикасы жұмыс істейді. 2020 жылы 85,1 мың тонна құс еті және 994,8 млн. дана жұмыртқа өндірілді. Мал шаруашылығы саласында 2025 жылға дейін 22 тауарлы-сүт фермасын және 30 бордақылау алаңын ашу жоспарлануда, – деді.

Өңір басшысының айтуынша, ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерін заманауи техникамен қамтамасыз ету мақсатында «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы барынша қолдау көрсетілуде. Биыл Ескелді және Көксу аудандарында пилоттық жоба іске қосылды.

Өз кезегінде Асқар Ұзақбайұлы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында ауылшаруашылығы өнімдерін (ет, сүт, астық, майлы дақылдар, жемістер, көкөністер мен қант) өндіру және қайта өңдеу, субсидиялау жүйесін реформалау, ауылда кооперацияны ынталандыру, сондай-ақ, ветеринариялық және фитосанитариялық қызметтер мен аграрлық ғылымды одан әрі дамыту бойынша 7 ірі экожүйені құру жөнінде міндеттер қойылғанын атап өтті. Сонымен қатар, облыс әкімдеріне азық-түліктің негізгі түрлеріне бағаны тұрақтандыруға бақылауды күшейтіп, өңірлерде тұрақтандыру қорларын қалыптастыру тәсілдерін қайта қарауы, азық-түлікті форвардтық сатып алу тетіктерін неғұрлым кеңінен пайдалануға назар аударуды тапсырды.

Келесі кезекте ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (МСАК) дамыту жөніндегі шаралар бойынша баяндама жасады. 2025 жылдың соңына дейін 487 объектіні салу жоспарланған. Сонымен қатар, 600-ден астам алғашқы медициналық көмек көрсету объектілерін күрделі жөндеуден өткізу қажеттілігі айтылды.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы амбулаториялық-емханалық нысандарды техникалық жабдықтау деңгейінің төмендігін мен ғимараттардың тозғанын атап өтті. Сондай-ақ, ауылдарға мамандар тарту және жас медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау қажеттігіне тоқталды. Әкімдіктерге Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, өңірлерде жаңа учаскелер ашу, жеке секторды дамыту және тарту арқылы МСАК дәрігерлерінің жүктемесін азайтуды қамтамасыз ету, сондай-ақ жас медицина қызметкерлерін, әсіресе, ауылға жұмысқа келген жас мамандарды материалдық ынталандыру шараларын қабылдау тапсырылды.

 

Мәулен ДАНИЯРҰЛЫ

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

01.05.2026
Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

01.05.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

01.05.2026
Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

01.05.2026
Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

01.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.