Талдықорған: +19°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ИНДУСТРИАЛДЫҚ АЙМАҚТАР МӘСЕЛЕСІН ҚАРАДЫ

28.02.2021
ЭКОНОМИКА
АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ИНДУСТРИАЛДЫҚ АЙМАҚТАР МӘСЕЛЕСІН ҚАРАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен өткен жиында «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА мен 6 индустриалды аймақты дамытудың мүмкіндіктері мен жоспарлары туралы мәселе қаралды.

Жиында  «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-ның жұмысы туралы  бас директор Мұрат Баймұханбетов жан-жақты баяндады. Оның айтуынша, Қорғас ХШЫО аумағында 23 инвестициялық компания өз жұмысын жүргізуде. Олар 10 мыңнан астам жұмыс орны ашылатын, құны 113,17 млрд.теңгелік 32 инвестициялық жобаны іске асыруда.  Нысандардың арасында жылына 30 мың тонна өнім шығаратын «SSA Feed Mills» ЖШС-ның құрама жем зауыты, алаңы 25 мың шаршы метрлік «KIF Warehouses» қойма кешені, жылына 15 мың тонна қуаттылықпен жұмыс істейтін «Заря Ltd» ЖШС астық терминалы бар.

Бүгінде жалпы құны 4,4 млрд. теңгелік 7 нысан іске қосылды. Бұл – 30 мың шаршы метр сауда алаңы мен 750 жұмыс орны. Мұрат Баймұханбетовтің сөзін тыңдағаннан кейін облыс әкімі Амандық Баталов экономикалық аймақ инфрақұрылымдарын дамыту қарқынын түсірмеуді тапсырды. Сондай-ақ, құрылыс жүргізбес бұрын инфрақұрылымның дұрыс тартылуына көңіл бөлу керектігін айтты.

«Талдықорған» индустриалды аймағында базальт плиталарын, асфальт, синтетикалық жуу құралдарын өндіретін, өсімдік майын рафинадтап, бөтелкеге құятын 5 кәсіпорын орналасқан. Іле ауданындағы «Боралдай» өндірістік аймағында 14 кәсіпорын жұмыс істейді, оларда 350 жұмыс орны ашылған. Тағы 4 кәсіпорынның құрылысы жүруде. Болашақта инвестициясының жалпы құны 5 млрд. теңгеден асатын кәсіпорын салу жоспарлануда. Сондай-ақ, «Арна» индустриалды аймағын дамыту көзделінуде. Оның аумағында «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС-ның азық-түлік өндіретін зауытын салу ірі инвестициялық жобасы жүзеге асырылды. Жобаның құны 15,4 млрд. теңге. Макарон, құрылыс материалдары шығарылып, табиғи құм өндірілген.

Іле ауданындағы «Боралдай», Қапшағай қаласындағы «Арна», Жамбыл ауданындағы «Қазыбек бек» индустриалды аймағында 8 мыңдай жұмыс орны, 300-ден астам кәсіпорын орналастыруға мүмкіндік бар. Бес индустриалды аймақта инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүріп жатыр, «Талдықорған» индустриалды аймағында барлық инфрақұрылым толығымен дайын.

– Индустриалды аймақтарды дамытудың мүмкіндігі мол. Тек қана кәсіпкерлермен жеке-жеке жұмыс істеп, кездесулер, инвест-форумдар өткізіп, жаңа кәсіп- орындар ашуға тарту керек. Бұл тікелей аудан, қала әкімдерінің жұмысы. Біз өз тарапымыздан барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етеміз. Қабылданған шараларға қарамастан бұл бағытта аудан, қалалардың жұмысы баяу жүріп жатыр. Барлық жағдайы жасалған «Талдықорған» индустриалды аймағының өзін дамыту сылбыр жүруде. Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, «Жетісу» ӘКК, аудан, қала әкімдері, компания басқарушылары бірлесіп жұмысты жандандырып, индустриалды аймақтарды дамытумен түбегейлі айналысулары керек. «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА мен индустриалды аймақтардың экономикалық әлеуеті өте үлкен. Оны өңірді дамыту мен халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға дұрыс пайдалана білуіміз керек, – деп Амандық Ғаббасұлы осы салаға жетекшілік ететін өз орынбасары Серік Тұрдалиевке және тиісті басқармалар мен департаменттерге тапсырма берді.

Басқосу барысында жұмысты жүргізу үшін әкімшілік кеңселер салу, оның жұмыс жүргізуге ыңғайлы болуы жайлы ой айтылды. Жиынжай, әріптестерді қабылдау залдарының болуы да назарға салынды.

Гүлжан ТҰРСЫН

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

01.05.2026
Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

01.05.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

01.05.2026
Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

01.05.2026
Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

01.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.