Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ХАЛЫҚ МЕНІҢ ШЫН АТЫМ

26 ақпан 2021
РУХАНИЯТ
ХАЛЫҚ МЕНІҢ ШЫН АТЫМ
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалық етуімен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы селекторлық режимде өтті. Онда мерейтойлық іс-шаралардың жалпы республикалық жоспары бекітілді. 

Отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы ұлы жырау, дала Гомері атанған Жамбыл Жабаевтың рухани мұралары әлемдік мәдениеттің алтын қорына енгенін атап өтті. Былтыр ұлы Абайдың 175 жылдық және әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойларын жоғары деңгейде өтілгеніне тоқталып, ұлы жыраудың мерейтойы да ұрпақтың санасына ұлағат болар тағылымдық және танымдық іс-шаралармен жалғасатынын айтты. Бұл орайда: «Ұлы жырау «Жамбыл менің – жай атым, халық  – менің шын атым», – деп  өзі жырлап кеткендей мерейтойлық іс-шаралар ұлттың ұйысуына, халықтың тәуелсіздікті нығайту жолындағы топтасуына қызмет етуі тиіс», –  деді.
Отырыс барысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ақынның 175 жылдығы аясында өткізу жоспарланып отырған іс-шараларды баяндады. Осы орайда республика бойынша  500-ге жуық ғылыми-танымдық іс-шаралар өткізу қарастырылып отыр. Бұдан бөлек, ақын өмірінен деректі фильм түсіру, өлеңдерінің жаңа жинақтарын шығару, айтыстар мен әдеби конкурстарды, кітап көрмелерін ұйымдастыру, мерейтойлық монета, пошта маркасын әзірлеу және басқа да шаралар өткізу көзделуде.
Жыр алыбының туған мекені – Жетісу жерінде ақын мерейтойы аясында атқарылатын іс-шаралармен облыс әкімі Амандық Баталов таныстырды.
– Жамбыл ақынның 175 жылдық мерейтойын атап өтуге Алматы облысы белсене кірісіп кетті. Ол үшін республикалық бюджеттен 175 млн., жергілікті бюджеттен 566 млн. теңге қаржы қарастырылып отыр. Жуырда облыс орталығында Ұлттық Ғылым академиясының академигі Уәлихан Қалижанның «Жамбыл» атты қазақ және орыс тілдерінде шығарылған кітабының тұсаукесері өтті. Ақынның туған күні қарсаңында онлайн форматта республикалық оқушылар айтысы, Жамбыл ауданында ақынды еске алу шарасы өтеді. Ақынның кесенесіне реставрация жасалып, Жамбыл ауданының аумағы абаттандырылып, ақын есімімен аталатын көше жолдарына жөндеу жүргізілетін болады. Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалдық музейдің жылжымалы көрмесін республика көлемінде көрсету де жоспарланып отыр, – деді. Мұнымен қатар облыстық термешілер байқауы, халықаралық ақындар айтысы, суретшілер арасында халықаралық планер өтіп, «Жетісу» телеарнасында ақын туралы фильм көрермен назарына ұсынылатын болады. Түркияда халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу жоспарлануда. 
Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев та ақынның мерейтойы қарсаңында өтілетін шаралар барысын баяндап өтті. Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет, әдебиеттанушы, ғалым Сейіт Қасқабасов өз ұсыныстарын жеткізді.
Отырыс соңында Мемлекеттік хатшы Үкіметке жалпыреспубликалық жоспардың сапалы орындалуын және мерейтойлық іс-шаралардың ақпараттық тұрғыдан жан-жақты сүйемелденуін қамтамасыз етуді тапсырды. Облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдеріне Жамбыл Жабаевтың мерейтойын мерекелеу жөніндегі өңірлік жоспарларды әзірлеп, бекітуді және олардың орындалуын қадағалауды міндеттеді.

Алма ЕСЕНБАЙ

Қатысты жаңалықтар

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00
Түтін басқанда не істеу керек? Төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету жолдары

Түтін басқанда не істеу керек? Төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету жолдары

Бүгін, 13:30
Текеліде «Серкесай» жобасының екінші кезеңі пысықталды

Текеліде «Серкесай» жобасының екінші кезеңі пысықталды

Бүгін, 13:00
Қазақстандық мамандар Қытайда білімін жетілдіруде

Қазақстандық мамандар Қытайда білімін жетілдіруде

Бүгін, 12:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.