Талдықорған: -7°C
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ СПОРТТА ЖҮРГЕН САЙЫПҚЫРАНДАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

25.02.2021
АЛТЫН ТҰҒЫР
АМАНДЫҚ БАТАЛОВ СПОРТТА ЖҮРГЕН САЙЫПҚЫРАНДАРДЫ МАРАПАТТАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ өңірдегі 22 спорт мекемесіне автокөлік кілттерін тапсырды. Бұл сый Талдықорған қаласындағы Салтанат сарайында өткен 2020 жылдың қорытындысы бойынша спорт саласы үздіктерін марапаттау салтанатында берілді,» — деп хабарлайды «Жетісу» газеті Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шарада алдымен өңірдегі спорт саласының өткен жылғы дамуы, спортшылардың жеткен жетістіктері туралы бейнеролик көрсетіліп, жеңісті жолдары таныстырылды. Жиналған қауымға алғашқы болып сөз арнаған облыс әкімі Амандық Баталов спорт саласына көрсетіліп отырған қолдаулар жайлы қысқаша айтып, спортшыларға шеберлік, ерік-жігер, күш-қайрат тіледі.

— Қазіргі кезде барлық жастағы азаматтар арасында бұқаралық спортты дамытуға баса назар аударылып келеді. Біз әрбір аудан орталығында заманауи спорт кешендерін салып жатырмыз. Өткен жылы Қарасай және Ескелді аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері ашылды. Жақын арада Көксу ауданы Балпық би ауылындағы спорт кешені ашуға дайын. «Ауыл ел — бесігі» бағдарламасы бойынша Балқаш, Алакөл, Ұйғыр, Ақсу, Райымбек аудандарында 5 осындай кешен салынып жатыр. Бұл жалпы тұрғындарды, жастарды бұқаралық спортқа, дене шынықтыруға көптеп тартуға мүмкіндік береді. 2020 жылы облыста спорт саласын дамытуға 18,3 млрд.теңге бөлдік. Жуырда Талдықорған қаласында Орта Азияда теңдесі жоқ Олимпиадалық стандартқа сай «Талдықорған» орталық бассейнін іске қосамыз. Мұнда балаларымыздың бассейнде емін-еркін жаттығуына мүмкіндік туады. Бұл ғимаратта Әлем чемпионаттарын өткізуге болады. Сол сияқты біз спорт мектептерін ашып, штат беріп, бүгін арнайы көлік сатып әперіп отырмыз. Материалдық-техникалық базаны жақсарту шаралары спортшы жастардың жақсы нәтижеге жетуіне ықпал етеді деп ойлаймын. Еліміздің көк туы әрқашан биікте желбіресін. Істеріңіз сәтті болып, алға қойған мақсат-мұраттарыңызға жете беріңіздер, — деген А.Баталов бұдан әрі марапаттау рәсіміне көшіп, үздік спортшыларға Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын, арнайы дипломдар және 300 мыңнан 2 млн.теңгеге дейінгі ақшалай сертификаттар тапсырды.

Марапат алғандар қатарында ММА спортынан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 3 дүркін Әлем чемпионы Ардақ Назаров, кәсіпқой боксшылар Жанқош Тұраров пен Айдос Ербосынұлы, тәрбиеленуші спортшылары халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін бірқатар жаттықтырушылар — садақ атудан Нигматулла Сайдиев, велоспорттан Санат Таласпаев пен Сәбит Тайменкенов, әйелдер күресінен Әділет Ермаков, пауэрлифтингтен Дәурен Елубаев, шахматтан Қуаныш Жарқымбаев, сол сияқты велоспорттан ҚР-ның 2020 жылғы чемпионы Бақытжан Бектенов, 10 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында шахматтан өткен онлайн Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Елназ Қалиахмет, индорхоккейден әйелдер арасындағы ҚР чемпионы Виктория Лобанова, баскетболдан айелдер арасында ҚР чемпионы Диана Бушмелова және басқа да бірқатар азаматтарға құрмет көрсетілді.

Облыстағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне барлығы 22 шағын автобус көлігінің кілті берілді. Осы басқосуда спорт саласын ақпарат құралдарында насихаттап жүрген журналистер де марапат алды.

Жиын барысында Ардақ Назаров пен Виктория Лобанова сөз алып, әріптестерін мерекелі күнмен құттықтап, болашақта Жетісу өңірінен әлем чемпиондары көптеп шығуына тілектестігін білдірді.

Атап өтсек, тек өткен жылдың қорытындысы бойынша облыс спортшылары барлығы 853 жүлдеге ие болған. Соның ішінде 292-сі – алтын, 258-і – күміс, 303-і – қола медаль. Жыл ішінде 20 халықаралық спорт шебері, 124 спорт  шебері, 375 спорт шеберлігіне кандидат, 166 бірінші разрядты спортшы дайындалды.

Өңір спортшылары Токиодағы XXXII Жазғы олимпиада ойындарына қатысуға 7 лицензия ұтып алған. Олардың арасында садақ атудан Санжар Мусаев, Денис Ганькин, Ильфат Абдуллин, жеңіл атлетикадан Айман Ратова, грек-рим күресінен Асхат Дильмухамедов, велоспорттан Сергей Пономарев, ауыр атлетикадан Зульфия Чиншанло бар.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Президент референдумға белсенді қатысқан жастармен кездесті

Президент референдумға белсенді қатысқан жастармен кездесті

16.03.2026
Жетісуда сайлаушылардың қатысу көрсеткіші 78% пайыздан асты

Жетісуда сайлаушылардың қатысу көрсеткіші 78% пайыздан асты

15.03.2026
Талдықорғанда барлық референдум учаскелері өз жұмысын тоқтатты

Талдықорғанда барлық референдум учаскелері өз жұмысын тоқтатты

15.03.2026
Көктемгі жеңілдік: Жетісуда «Наурыз FEST» акциясы өтуде

Көктемгі жеңілдік: Жетісуда «Наурыз FEST» акциясы өтуде

15.03.2026
Референдум күніндегі мерейтой иелері

Референдум күніндегі мерейтой иелері

15.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.