Талдықорған: +36°C
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ НЕ АЙТТЫ?

23.02.2021
РУХАНИЯТ
ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ НЕ АЙТТЫ?
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл – Алаш баласын шексіз қуанышқа бөлеген, арманымызды ақиқат еткен, іргелі ел, дербес мемлекет екенімізді әлемге жария қылған Тәуелсіздігіміздің ордалы 30 жылдығы.

Еліміз осынау қысқа мерзімде Ұлы даланың зеңгір көгіндей көк Туымызды көкке көтеріп, елдіктің көшін түзеп, жүзжылдықтардың еншісіндегі тарихи үдерістерді абыроймен өткерді. Тәуелсіздіктің әрбір таңын қуана қарсы алып, әр күнін қажырлы еңбекпен, еңселі ерлікпен өрнектеген Қазақстан жаһан жұртшылығына алуан ұлысты бір шаңырақта ұйытқан жерұйық мекен ретінде танылды.

Өткен аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мемлекеттік комиссияның отырысында бірқатар өзекті мәселелерді көтеріп, оның ішінде әлеуметтік-экономи-калық салаларда да еңсерген белестеріміз бен қол жеткізген табыстарымызды айқындап, алдағы он жылдыққа арналған жоспарларды атап өтті. Сондай-ақ, 30 жылдыққа байланысты шаралар халыққа рухани серпіліс әкеліп, азаматтардың,  жастардың бойына отаншылдық сезімін орнықтыру қажеттігін жеткізді.

Әсіресе, жастар саясаты мәселесі басты назарға алынды. Яғни, жастарды жұмыспен қамту, тұрақты кәсіп табуларына бағыт-бағдар беру мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты біртұтас ұлттық жоба әзірлеуді тапсырды. «Қазақстан – дарынды жастар мекені» деп жастарға зор сенім мен көп үміт артты.

Биылғы мерейлі жылда бірнеше атаулы даталар да бар. Жыр алыбы Жамбылдың – 175, Алаш арысы Әлихан Бөкейхановтың – 155, күш атасы Қажымұқанның – 150, қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың – 90 жылдық мерейтойлары бастау алды.

Мемлекет басшысы бұл орайда нақты тапсырмалар беріп, мерекелерді, Ұлыстың ұлы күнін жаңаша атап өтуді ұсынды. Оның ішінде «Наурыз шапағаты» жалпыұлттық іс-шарасы қолға алынып, бұлақ көзін ашу, ағаш отырғызу дәстүріне жаңа қарқын беріп, «Таза табиғат» жобасы мен экологиялық тазалықты дәріптеуді баса назарға алды. Сондай-ақ, биыл Семей полигоны жабылуының 30 жылдығы аталып өтеді. Еліміз антиядролық қозғалыстың  көшбасшысына айналып, әлемдік қауымдастықта зор сенімге ие болғанын, бұл орайда Елбасы еңбегі насихатталуын ерекше атап өтті.

Ел тарихына жаңаша көзқарас, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді қалыптастыру, мемлекеттік тіл – қазақ тілін қолдануды кеңейту мәселелері, латын қарпіне көшу жайында ескертті.

Бүгін, міне, ынтымақ, бірлік, татулық салтанат құрған елдің мәртебелі биігінде, мерейлі белесінде тұрмыз. Осы жылдар бедерінде тағылымы мол, тамыры терең дәстүріміз жаңғырды. Дәуір дағдарыстарын еңсере жүріп, елдігіміз шыңдалды, мемлекетіміз нығайды. Мемлекет басшысы жаһандық жаңа ахуал жағдайындағы жүрер жолымызды, барар бағдарымызды белгіледі. Халықтық реформалар арқы-лы жаңа деңгейдегі мемлекетке айналуды көздейтін ілкімді бастамалар іске асырыла бастады.

Жаhанды жайлаған індетке қарсы күрес те жүйелі жүрісіне түсті. Бұл тұста да халқымыздың өзгенің қайғысы деп бөлмейтін ізгілігі, қайырымдылығы сынды ежелден қанында бар қасиеттері айрықша айшық-талып, білекке білек қосқанда еңсерілмейтін қиындық жоқ екенін көрсетті. Өкінішке қарай, әлемді жайлаған пандемия әлі жалғасуда. Бірақ әлеуеті бүгінгіден әлдеқайда аз болған заманда да егемендік туын еңкейтпеген қабырғалы халқымыз бұл кезеңнен де абыроймен өтеріне сенеміз.

Ұлжан ҰЛДАХАНҚЫЗЫ

Текелі қаласы әкімінің баспасөз хатшысы

Алматы облысы

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Тәжірибелі таспагер

Тәжірибелі таспагер

28.06.2026
Баспаханашы

Баспаханашы

28.06.2026
«Жетісудың» Алтайы

«Жетісудың» Алтайы

28.06.2026
Корректор

Корректор

28.06.2026
Бай, қуатты болайық!

Бай, қуатты болайық!

28.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.