Талдықорған: +16°C
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

ӨРКЕННІҢ СОНЫ СОҚПАҒЫ

22.02.2021
ОН САУСАҚ
ӨРКЕННІҢ СОНЫ СОҚПАҒЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Бір шаруаны жасауға ниеттенген адам  жолын іздейді, жасағысы келмеген  сылтау іздейді» деген тәмсіл бар. Қайсыбір  ағайындар «жұмыс жоқ… ақша жоқ…» деп қара аспанды төндіріп жүргенде, қарасайлық қаршадай баланың тірлігін көріп, риза болғанымыз жасырын емес.  Жай ғана күнкөрістің қамымен кетпей, қазақстандық брендті қалыптастыруға қадам басқан Өркен Ботайұлының бастамасы шынымен  көңілге қонады.

Қаскелең қаласында ұлттық нақыштармен әрленген былғары бұйымдар жасайтын цехтың жұмыс жасай бастағаны жайлы мәлімет құлағымызға тиісімен жағымды жаңалықты жұртшылыққа жеткізуге асыққанбыз. Осылайша Қарасай ауданының орталығында орналасқан шағын кәсіпорынға бардық. Бізді орта бойлы, қараторы келген қағылез жігіт қарсы алған. Жас шамасы жиырмадан енді асқан жігіт осы «Кербез» жеке кәсіпкерлік құрылымының басшысы Өркен Ботай екенін таныса келе білдік.
Екі қабатты ғимараттың төменгі қабатының бірнеше бөлмесінде орналасқан цехта жұмыс қызып жатыр. Бір жерде алдын ала дайындалған сызба бойынша арнайы қондырғыларда былғарыны кесіп, қажетті оюларын салып жатса, екінші бөлмеде тігін станоктары толассыз жұмыс жасайды. Сөрелерге қойылған дайын өнімдер де көз тартарлық. Кәсіпорында қазақы оюлармен нақышталған әйелдер мен ерлерге арналған сөмкелер, құжаттар мен ақша салуға арналған түрлі әмияндар шығарылады екен. Сапасы мен көркемдігі де талаптарға сай.
Бізді алдымен жиырманың төртеуіне енді шыққан жас жігіттің мұндай кәсіпті қалай игеріп жүргені қызықтырды.
– Мен Қытай Халық Республикасының Санжы аймағындағы Мори қазақ ауданында  дүниеге келгенмін, – дейді Өркен өзі жайлы сұрағанымызда. – Әкем Ботай Жақияұлы мен анам Сайран Сүлейменқызы  қолөнер кәсібімен айналысқан адамдар. Отбасындағы екі баланың үлкенімін. 
Мектеп бітіргеннен кейін 2014 жылы тарихи Отанымда білім алсам деген ниетпен Қазақстанға келдім. Бір жыл Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы университеттің  дайындық курсында оқыдым. Содан кейін өз қалауыммен медреседе  білімімді жалғастырдым. Кейіннен Қарасай ауданындағы Үшқоңыр медресесінде оқыдым. 
Тағдырдың жолы тарам-тарам емес пе? Кейіпкеріміздің мамандығы исламтану болғанымен бір кездері тіршілік үшін саудамен айналысуға тура келген. Онда да Қытай мен Түркиядан былғары бұйымдарын әкеліп, тұтынушыларға ұсынып отырған. Осы кәсіппен айналыса жүріп аталған тауарларға деген сұранысты, ұлттық нақыштағы сөмкелерді шығару қажеттігін сезінеді. Нарықты біраз зерттегеннен кейін тәуекелге бел буған көрінеді.
– Былғары бұйымдарын өз елімізде шығару жайлы шешімге келгеннен кейін жұмысты бастау қажет болды. Түркияға барып жүрген кезімде танысқан шеберлерді шақырып, алғашқы қадамымды солардың көмегімен бастадым. Жалпы, былғары илеу өнерін түріктердің өздері Үндістан, Ираннан келген қазақтардан үйренгенін мойындайды. Себебі, бұл кәсіп ежелден көшпенді жұртта мықты дамыды емес пе? Дегенмен, алғашқы өнімімізді теріні алмастыратын «дермантиннен» тігіп көргенбіз. Оны арнайы дүкендерге қойып, сұраныстың бар екеніне тағы бір көз жеткіздік. Содан кейін ғана таза былғарыдан тіге бастадық. Бұл жерде арнайы станоктар жайлы айта кеткен орынды. Себебі, былғарыны сапалы әрі дәл кесетін лазерлік қондырғы, оны жұқартатын, қырып тазалайтын, өңдейтін, тігетін станоктар бүгінде толық қамтамасыз етілген, – дейді қолөнер шебері.
Еліміздегі нарықта Қытайда, Түркияда, Монғолияда  жасалған тауарлар көп екені мәлім. Сапасы әртүрлі болғанымен көрер көзге көркем, арзан әрі қолжетімді бұйымдармен ешкімді таңдандыра алмасымыз белгілі. Осыны сараптай келіп Өркен шетелдік туристер де естелікке сатып алатын, ұлттық өрнектермен нақышталған өнім шығаруды ойға алады. Оған қажетті станоктарды тағы да Қытайдан алдырған. Ал өрнек жасауға қажетті қалыптар өзімізде де жасалынады.
– Бұйымдағы әр оюды өзіміз сызамыз, – дейді Өркен әдемі өрнектелген әмиянды қолына алып. – Кей кездері тапсырыс берушілер қажетті нақышты өздері ұсынып жатады. Әрине, ғаламтордағы қазақы оюларды да пайдаланатын кезіміз болады. Бұл – ұлтымызға ортақ асыл қазынамыз. Сонымен қатар, кейбір заңды тұлғалар фирмаларының логотипі бейнеленген бұйымдар жасап беруімізді өтінеді. Сауда орнын жаңадан ашып жатқандар да жеке тапсырыс беріп жатады. Ондай өнімдерді өзгеге сатуға, әрине, құқымыз жоқ. Осылайша жұмысымызды жалғастырудамыз. 
Өркен Ботайұлының бұл кәсіппен айналыса бастағанына екі жылдың жүзі болған екен. Райымбек ауылында орналасқан цехты Қаскелең қаласына көшіргеніне төрт ай ғана болыпты. Бұл жер, біріншіден, үйлеріне жақын әрі жұмысшыларға да оңтайлы көрінеді. Цехта еңбек ететін тоғыз адам мамандықты осы жерде меңгерген. Бұрын мұндай кәсіппен айналыспаған таныстарын осы кәсіпке баулып, жұмыстың қыр-сырын үйретіп жүрген де  Өркеннің өзі.
Бұл жерде қажетті шикізатпен қамтамасыз ету де өзекті мәселелердің бірі. Осы орайда Шымкент қаласында орналасқан тері өңдеу зауытының өніміне басымдық беріледі екен. Бұл туралы:
– Әрине, Қытайдың арзан шикізатын ала салуға да болады. Дегенмен ұлттық бренд болғандықтан былғарының да өзімізде өңделгені дұрыс емес пе? Елімізде тері өңдеумен айналысатын бірнеше зауыт бар. Олардың сапасын саралай келе шымкенттік шикізатқа көңіліміз ауды. Ол жақта шетелдің озық технологиясымен жұмыс істейтін заманауи кәсіпорындар іске қосылған, – дейді Өркен Ботайұлы. – Өгіздің, сиырдың, қойдың, ешкінің терілері сол жақтан жеткізіледі. Бұл жерде ең сапалысы өгіздің терісі екені мәлім. Қажетіне қарай, бұйымның түріне байланысты қой-ешкінің терісі де пайдаланылып жатады. Бір сөзбен айтқанда, шикізатқа деген зәрулік жоқ.
Кәсіпкердің айтуынша, бүгіндері Қазақстанда өздеріне бәсекелестік тудыратын салалас кәсіпорын жоқ көрінеді. Алайда, тура осындай тауарларды Қытайдан, Өзбекстаннан, Монғолиядан жасатып әкелетіндер көптеп кездеседі. Сондықтан өндірісті дамытып, өнім түрлерін арттыру жоспарында бар.
Ұлттық нақыштағы былғары бұйымдарын шығаратын кәсіпорында Ақмарал Исламқызы, Нұрлыбек Сейфуддинұлы, Гүлбану Қозықызы сияқты өз ісінің шеберлері қалыптасып үлгерген. Шеберлердің бірі Нұрлыбекпен әңгімелескенімізде: 
– Мен жаңа кәсіпті жолға қоюда Өркенмен бірге басынан бастап келе жатырмын. Алғашында бұрын жасап көрмеген жұмысты қолға алуға қорыққанымыз рас. Алайда, «көз – қорқақ, қол – батыр». Талаптанып көріп едік, енді нәтижесін сезініп жатырмыз. Жалпы, осы шаруамен айналыса жүріп өз кәсібіңді бастауға тәуекел керек екенін ұққандай болдым. Біздің бүгінгі «Кербез» жеке кәсіпкерлігінің жеткен жетістігі осыған куә! – дейді ол. 
Жаңадан ашылған цехтың жұмысымен танысып, дайын өнімдерін көргеннен кейін біз де осы пікірге тоқтадық!

Қуат ҚАЙРАНБАЕВ
Қарасай ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Сәннің соңында саулық қалып қоймасын

Сәннің соңында саулық қалып қоймасын

29.03.2026
Likke тәуелді  сана

Likke тәуелді сана

29.03.2026
Адалдық – адамдық белгісі

Адалдық – адамдық белгісі

29.03.2026
Ұлт рухын көтерген ұлы тұлға

Ұлт рухын көтерген ұлы тұлға

29.03.2026
Ағаштан түйін түйген

Ағаштан түйін түйген

29.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.