Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

23 ЖАСТАҒЫ ЖІГІТ КӨРШІСІНІҢ БҰЗАУЫН ҰРЛАП, СОҒЫМҒА САТЫП ЖІБЕРГЕН

28 қаңтар 2021
САЯСАТ
23 ЖАСТАҒЫ ЖІГІТ КӨРШІСІНІҢ БҰЗАУЫН ҰРЛАП, СОҒЫМҒА САТЫП ЖІБЕРГЕН
WhatsAppTelegramFacebook

Кербұлақ ауданында көршісінің бұзауын ұрлап, сатып жіберген күдікті ұсталды. Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті хабарлады.

Қорасында байлауда тұрған бұзауынан айырылып қалған Кербұлақ ауданы, Беріктас ауылының тұрғыны полицияға арыз берген. Қыркүйек айының соңында оның ірі қарасын ұрлаған адам 130 мың теңге материалдық шығын келтірген.

Қылмысты ашуға бағытталған ауқымды шаралар барысында күдікке ілінген зардап шегушінің көршісі 23 жастағы ауыл тұрғыны ұсталып, жауап алу барысында қылмысы әшкере болды.

— Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 1997 жылы туған тұрғын ұсталды. Бұлтартпас айғақтардан кейін ол қылмыс жасағанын мойындады. Оның өзге де қылмыстарға қатысы бары тексерілуде. Басқа ақпарат тергеу құпиялығына байланысты таратылмайды, — деді Кербұлақ ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ербол Ахметқалиев.

Алдын ала тергеу барысында күдікті өзінің досына хабарласып, өзіне тиесілі малын Талдықорған қаласына жеткізуге қол ұшын беру туралы өтініш жасағаны анықталды. Жеңіл көлікпен келген екі жігіт малдың өзгеден ұрланғанынан бейхабар болған. Облыс орталығына әкелген соң күдікті бұзауды басқа танысына арзан бағаға соғым ретінде сатып жіберген.

— Мал ұрлығына қатысты қылмыстарды ашу мәселесі ауданда қатаң бақылауға алынған. Жыл басынан бері тіркелген екі қылмыс та әшкереленіп, қолды болған мал иелеріне қайтарылды. Мал иелерін қауіпсіздік шараларын күшейтуге, малды қараусыз жібермеуге шақырамын. Сонымен қатар, елдімекенде қараусыз жүрген мал иесіне әкімшілік айыппұл салынатынын ескертемін, — деді Кербұлақ ауданының бас полицейі Ербол Ахметқалиев.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Зейнетақы ақшасын қалай қорғауға болады? Алаяқтардың жаңа айласы әшкереленді

Зейнетақы ақшасын қалай қорғауға болады? Алаяқтардың жаңа айласы әшкереленді

Бүгін, 11:12
Сабақтан себепсіз қалатын оқушылар енді полиция бақылауына алынады

Сабақтан себепсіз қалатын оқушылар енді полиция бақылауына алынады

Бүгін, 11:09
Табиғи байлықты тиімді пайдаланған

Табиғи байлықты тиімді пайдаланған

Бүгін, 11:00
Диабетті ерте анықтау маңызды

Диабетті ерте анықтау маңызды

Бүгін, 10:34
Талдықорғанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Талдықорғанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Бүгін, 10:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.