Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ҰРЛАНҒАН 122 КӨЛІК ӨЗ ИЕЛЕРІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

16 қаңтар 2021
САЯСАТ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ҰРЛАНҒАН 122 КӨЛІК ӨЗ ИЕЛЕРІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Былтыр Алматы облысының полицейлері қолды болған 122 көлікті тауып, өз иелеріне қайтарған. Бұл туралы «Жетісу» газеті полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Алматы облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы негізгі қызметтері бойынша былтырғы жылды қорытындылап, жетістіктерімен бөлісті. Жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан қашып кету немесе көлікті заңсыз иеленіп, ұрлап кету деректерін әшкерелеу аталған басқарманың Іздеу бөлімі қызметкерлеріне жүктеледі.

Кейбір жүргізушілер жол-көлік оқиғасын жасап, кей жағдайда жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан бой тасалағысы келетіні анық. Ең алдымен, олар осы арқылы жауапкершіліктен жалтарамыз, ешкім таба алмайды деп қателеседі. Іздеу бөліміндегі тәжірибелі мамандар әр бөлшектен оқиғаның картинасын құрып, кінәлі жүргізушіні анықтай алады.

— Былтыр оқиға орнын тастап, қашып кеткен 20 көліктің жүргізушісін анықтап, кінәсін дәлелдедік. Оның 14 дерегінде кісі өлімі тіркелді. Әртүрлі дене жарақатын салып, қашып кеткен 6 жүргізуші анықталып, жауапкершілікке тартылды. Жасырынған жүргізушіге қосымша бап бойынша іс қозғалып, жазасы ауырлайтынын ескерген абзал, — деді Алматы облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Бағдат Әшімов. Сонымен қатар, өзгенің темір тұлпарын заңсыз иеленіп кету дерегін әшкерелеп, тәртіп сақшылары 122 көлік иесін қуантқан. Кәсіби із кесушілер ұрланған көлікті табу уақыт еншісінде екенін және іздеу жұмысында асығуға әрі назарға алынбайтын сәттердің болмайтынын ескертеді.

— Өзгенің көлігін ұрлаудың 122 дерегі ашылып, көліктер иелеріне табысталды. Іздеу жұмыстарында жақсы нәтиже көрсеткен Талғар, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Сарқан және Кербұлақ аудандарының қызметкерлерін атап өтуге болады, — деді полиция полковнигі Бағдат Әшімов.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Зейнетақы ақшасын қалай қорғауға болады? Алаяқтардың жаңа айласы әшкереленді

Зейнетақы ақшасын қалай қорғауға болады? Алаяқтардың жаңа айласы әшкереленді

Бүгін, 11:12
Сабақтан себепсіз қалатын оқушылар енді полиция бақылауына алынады

Сабақтан себепсіз қалатын оқушылар енді полиция бақылауына алынады

Бүгін, 11:09
Табиғи байлықты тиімді пайдаланған

Табиғи байлықты тиімді пайдаланған

Бүгін, 11:00
Диабетті ерте анықтау маңызды

Диабетті ерте анықтау маңызды

Бүгін, 10:34
Талдықорғанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Талдықорғанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Бүгін, 10:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.