Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

АҚСУ АУДАНЫНДА КАРТАДАН ҰТЫЛЫП ҚАЛҒАН ЖІГІТ ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАДЫ

26 желтоқсан 2020
САЯСАТ
АҚСУ АУДАНЫНДА КАРТАДАН ҰТЫЛЫП ҚАЛҒАН ЖІГІТ ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ақсу ауданында қайғылы жағдай болды. Жансүгіров кентінің 22 жастағы тұрғыны өз-өзіне қол жұмсады. Алайда марқұмның достарымыз деп өздерін таныстырған бір топ адам түн ортасында Ақсу аудандық әкімдігіне жиналып, өлімге итермелегендер бар екенін айтып, наразылық білдірді. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Аталған оқиғаға қатысты жазба Whatsap желісі арқылы тарады. Болған оқиғаны Ақсу ауданының әкімдігі растады.

«Ақсу аудандық полиция бөлімінің кезекшілігіне 1998 жылы туған, үйленген ер азаматтың өз үйіндегі гаражда асылып өлгені жайлы хабарлама түсті. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 1-бөлігі, 105-бабы бойынша тіркелді. 25 желтоқсан күні, түнгі сағат 1:05-те Ақсу аудандық әкімдігінің алдында марқұмның достарымыз деген 80-ге жуық ер адам жиналды», — делінген хабарламада. Әкімдікке жиналғандар Ақсу аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасарларын атап, оларға тиісті шара қолдануды сұраған.

Жиналғандардың айтуынша, 23 желтоқсан күні түнде аудандық полиция бөлімінің лауазымды қызметкерлері марқұммен карта ойнаған. Карта ойынында полиция өкілдеріне 300 мың теңге қарыз болып қалған жігіт ертеңінде өз-өзіне қол жұмсаған. Әкімдікке келгендер лауазымы жоғары полицейлер картада ұтылған жігітті өлімге итермеледі деп санайды. Тіпті, полицейлер қарыз ақшаны әкеп беру туралы талап қойып, уақытты да белгілеп, қоңырау шалған көрінеді.

Хабарламада өз талаптарын жеткізген тұрғындар аудандық әкімдіктің мәжіліс залына кіргені, онда Ақсу аудандық прокуратурасына ұжымдық арыз жазылғаны, полиция бөлімі басшысының орынбасарларын жұмыстан босату талабы қойылғаны, жиналғандармен Ақсу ауданының әкімі, аудан прокуроры бастаған қызметкерлер сөйлескені жайлы жазылған.

Алматы облысының полиция департаменті аталған жайтқа қатысты қазірше ресми ақпарат ұсынған жоқ.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Зейнетақы ақшасын қалай қорғауға болады? Алаяқтардың жаңа айласы әшкереленді

Зейнетақы ақшасын қалай қорғауға болады? Алаяқтардың жаңа айласы әшкереленді

Бүгін, 11:12
Сабақтан себепсіз қалатын оқушылар енді полиция бақылауына алынады

Сабақтан себепсіз қалатын оқушылар енді полиция бақылауына алынады

Бүгін, 11:09
Табиғи байлықты тиімді пайдаланған

Табиғи байлықты тиімді пайдаланған

Бүгін, 11:00
Диабетті ерте анықтау маңызды

Диабетті ерте анықтау маңызды

Бүгін, 10:34
Талдықорғанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Талдықорғанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Бүгін, 10:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.