Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТАЛҒАРДА БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ 110 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ

24 желтоқсан 2020
РУХАНИЯТ
ТАЛҒАРДА БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ 110 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Бірлік ауылындағы Б.Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясында қашықтықтан оқытуға қарамастан оқушылар арасында ұйымдастырылатын байқау биыл да жалғасын тапты. Мектепішілік байқау даңқты қолбасшы, батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жылдығына арналып «Бауыржан Момышұлы және туған тіл» деген тақырыпты арқау етті. Бұл туралы «Жетісу» газеті мәлімдеді.

— Жыл сайын атап өтетін байқаудың мақсаты – дара тұлғаның бүкіл саналы ғұмыры мен ғибратқа толы істерін ұрпағымыздың бойына сіңіру. Оқушыларға батырдың өткірлік пен қайсарлық, адалдық пен адамгершілік, парасаттылық пен кемеңгерлік үлгісін паш ету. Бұл байқауға мектебіміздің мыңға жуық оқушысы жоғары жауапкершілік, ынта-ықыласпен атсалысады. Бақтарын сынауға асығады. Нәтижесінде мәреге жеткен жеңімпаздарға жомарт жандардың демеушілігімен Б.Момышұлы атындағы арнайы стипендия тағайындалады, – дейді осы байқауды алғашқы болып ұйымдастырушы, №35 орта мектеп-гимназияның ғылыми-эксперименттік істер жөніндегі жетекшісі, аудандық мәслихаттың депутаты Айтжамал Нұрбатырова.

Биылғы жер әлемді жаулаған пандемияға байланысты қашықтықтан оқыту барысында мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының ұйымдастыруымен «Бауыржан Момышұлының өмірі мен өнегесі» атты ғылыми-практикалық конференциясы байқау түрінде  жалғасын тапты. Соның негізінде аталған байқаудың шарттары жасалды. Оның алғашқысы боп «Батырдың биік тұлғасы» — мәнерлеп оқу, одан кейін «Алаштың айбыны – Бауыржан Момышұлы» — нақыл сөздерін жатқа айту және «Ерлік – тәрбие жемісі» — жас дарындардың өз шығармашылығынан өлең арнап, сахналық көріністер көрсету.

Осы үш кезең бойынша ZOOM платформасымен өз өнерлерін ұсынған оқушылар арасынан жүзден жүйрік шығып, ақтық мәреге жеткен 10 оқушы соңғы сатыда бар өнерлерін ортаға салды. 2 мен 8-сынып оқушыларының қай-қайсысы да ақтық сынға жан-жақты дайындықпен келгендіктерін анық байқатты. Халық қаһарманы, айбынды аталары Бауыржан Момышұлының шығармашылығынан сусындап, мейір қандырған оқушылардың бойына қайсарлық пен өжеттік дарығандай, даңқты қолбасшының мінезін танып, тапсырманы мүлтіксіз орындауға мықтап бел буғандығы сахнадағы қимыл-қозғалыстары мен өлең оқуларынан анық көрінді.

Олар мектеп мақтанышына айналған Иманғали Тасполат, Данияр Советхан, Айзере Бөрібай, Айым Бейсен, Заңғар Жақсылық, Ақназар Азаматұлы, Жанель Алиасқар, Ерасыл Қожақан, Айым Әскербек, Дәнекер Советхан екендігін ерекше атау абзал. Бойындағы қабілет-қарымдарын бір-бірінен бөле-жаруға келмес алғыр балалардың арасындағы ең жас қатысушы, 2-сынып оқушысы Заңғар Жақсылықтың да өнері тамсантпай қоймады.

Ақтық сында өнер көрсеткен талапты да дарынды оқушылардың өнерлері саралана келіп, әділқазылар шешімімен бас жүлде 6-сынып оқушысы Иманғали Тасболатқа тағайындалса, қалған оқушылар да өнерлері бағалана кеп, 1-2-орындарға жайғасты. Бастысы, ақтық сында өнер көрсеткендердің барлығы алдағы бес айда төленетін 10 мың теңгелік стипендия иегерлері атанды. Сонымен қатар, батыр бабамыз Б.Момышұлының 110 жылдығына орай, мектеп-гимназияның технология пәнінің мұғалімдері «Тау тұлға» атты мектепішілік онлайн сурет көрмесін ұйымдастырды. Оған 2-10 сынып оқушылары арасындағы қылқалам шеберлері қатысып, нәтижесінде жеңімпаздар мақтау қағаздарымен, Алғыс хаттармен марапатталды.

«Қайрат – қамал бұзады» деп Бауыржан Момышұлы айтып кеткендей, қайрат-жігерін жанып, жалындаған жас өнерпаздардың өнерлері көпке үлгі.

Ұлбосын ИСАБЕК

Талғар ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Бүгін, 16:19
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.