Талдықорған: +42°C
$ 469.83
€ 536.83
₽ 5.97
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕНДІ

22.12.2020
КҮЛТӨБЕ
ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕНДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласындағы Ардагерлер үйінде «Қазақстан фермерлер қауымдастығы» облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен кездесуде адал тердің арқасында абырой тауып, ел-жұрт қиналғанда еселі еңбегімен демеуші болған, шаруасын шалқытып, жақсы көрсеткіштерге жетіп жүрген фермерлер марапатталды. Бұл ретте облыс бойынша марапатқа 34 фермер ие болыпты. Пандемиялық ахуалға байланысты Талдықорған қаласына жақын орналасқан аудан, қаладағы 18 фермерге марапатты «Қазақстан фермерлер қауымдастығы» облыстық филиалының төрағасы Ақшабай Керімбеков тапсырса, шалғайырақ тұратын шаруаларға жергілікті әкімдер табыс етті.


Марапаттау салтанаты басталмас бұрын «Қазақстан фермерлер қауымдастығы» облыстық филиалының төрағасы Ақшабай Керімбеков биылғы атқарылған жұмыстарды саралап шықты. 

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша аймағымыздағы ауылшаруашылығының жалпы өнім көлемі 634,6 млрд. теңгені құрап, көрсеткіш 102,4 пайызға орындалыпты. Осының өзінен-ақ ағымдағы жылғы қиын жағдайда сала мамандарының қаншалықты тынымсыз еңбек еткенін көруге болады. 

Карантиннің барлық ереже-тәртібін сақтай отырып, көктемгі егіс, күзгі жиын-терін жұмыстары сәтімен аяқталған. Өнімділік те жоғары деңгейде. Айталық, 650,9 мың тонна масақты дәнді  дақыл, 115 мың тонна жеміс-жидек, 766 мың тонна картоп, 973,5 мың тонна көкөніс және 108,6 мың тонна бақша дақылы жиналған. Дегенмен, бірнеше аудандар көкөніс, кейбірінде жеміс жинау бойынша жоспардың толығымен орындалмай қалғаны байқалды. 

Бір қуанарлығы, биыл қант қызылшасының шығымы тәуір болып, 550 мың тонна тәтті түбір жиналған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 мың тоннаға артық. Мал мен құстың барлық түрінің басы орта есеппен 7,4 пайызға, ет пен сүт өнімдерінің көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 3,2 пайызға артқан. Есесіне құс фабрикаларында құс басының азаюы, демеуқаржының болмауы және жемшөп бағасының өсуі салдарынан жұмыртқа өндірісі төмендеген. 
Облыста бүгінгі таңда 70,2 мың басқа арналған 106 бордақылау алаңы, 25,7 мың басқа арналған 82 тауарлы-сүт фермасы  жұмыс істейді. Биылғы жылы бірқатар бордақылау алаңы мен тауарлы-сүт фермасы жаңадан құрылыпты. Өңделген өнім экспорты 40 пайызға артқан. Дегенмен экспорт жоспарын орындай алмаған аудандар да бар. Жетістік пен  кейбір олқылықтарды, орындалмай қалған жоспарларды салыстыра келгенде аймақ фермерлері биыл өздерінің алға қойған жоспарын жақсы көрсеткіштермен орындап шықты деуге болады. 

Дей тұрғанмен фермерлердің шаруасын шалқыту үшін кедергі болып отырған жағдайлар да жоқ емес. Бұл туралы Ақшабай Дүйсенбекұлы:  
– Атқарылған ауқымды жұмыстар мен орын алған қиындықтарды ескере отырып, республикалық фермерлер қауымдастығының төрағасы Ж. Дайрабаевтың атына фермерлердің жұмысына кедергі болатын мәселелерді жою мен  Qoldau kz тарифінің пайыздық мөлшерлемесін көтермеуді, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне импорттық ауылшаруашылығы техникасына кәдеге жарату алымын алып тастауды талап ететін хаттар жіберілді. Осы тұрғыда «Атамекен» ҚР ҰКП алаңында өткен республикалық фермерлер қауымдастығының бейнеконференциясында  шаруалар өздерінің ұсынысын ортаға қойды. Пандемия басталған кезде аймақтағы фермерлерге ауыр тигені анық. Осы тұста облыстық филиал төрағасының орынбасары Алмасбек Садырбаев Парламент Мәжілісі депуттаттарына фермерлердің жанайқайын жеткізіп, «Жасыл дәліздің» ашылуына мұрындық болды. Бұл да жетісулық фермерлердің жетістігі. Облыс әкімі орынбасарының атына су мәселесін шешіп беру туралы, Ақсу, Сарқан, Қаратал, Көксу аудандарында қант қызылшасын өсіретін шаруашылық басшыларының өтініштері бойынша қант қызылшасының бағасын 20000 теңгеге көтеруге ұсыныс жасалды. Олардың бірқатары шешімін тапса, шешімін таппай тұрғаны да бар. 

Аймақтағы фермерлердің бас ауруына айналған тағы бір мәселе – мал ұрлығы. Осы қиындықтан шығу үшін малға арналған отандық чип жасау жүйесін қолға алып, электронды сырға жасау өндірісін дамытып, спутниктік бақылау орнатуға арналған чиптер шығаруға бейімделген жөн. Алдағы уақытта осы бағытта жұмыс істейтін боламыз, – деп түйді сөзін. 

 Дүниені дүр сілкіндірген пандемияның салдарынан әлем экономикасының құлдырап қалғаны белгілі. Осы күрделі кезеңнен қиналмай шығу үшін мемлекет ауылшаруашылығына және осы салада еңбек етіп келе жатқан жандарға үлкен сенім артып, қолдау көрсетіп, жағдай жасауға барынша көңіл бөлуде. Биыл елдегі азық-түлік қауіпсіздігі мен ішкі тұрақтылықты сақтауда фермерлердің көрсеткен қажыры ересен. Сондықтан оларға жасалған қандай құрмет те көптік етпейді. 

Әрине, олардың еңбегі ескерусіз қалып жатқан жоқ. Бұл реткі кездесуде зейнеткер Ғалым Тұрғанбаев, «Жетісу» ӘКК» АҚ-ның ауылшаруашылық технологиясының кеңесшісі Әбілхайыр Бексұлтанов, «Сариев» шаруа қожалығының басшысы Серік Сариев «Ауылшаруашылығы үздігі» төсбелгісімен, «Квитко» шаруа қожалығының жетекшісі Квитко Александр «Еңбек ардагері», 6 фермер «Құрметті ардагер» медалімен, 4 фермер Ауылшаруашылығы министрлігінің және  7 фермер «Қазақстан фермерлер қауымдастығының» Құрмет грамотасымен марапатталды. 

Марапаттан кейін мінберге көтерілген Ғалым Тұрғанбаев пен Әбілхайыр Бексұлтанов өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ауылшаруашылығы саласын дамытудың тетіктері мен фермерлер бетпе-бет келетін қиындықтар және оларды шешу жолдарымен бөлісті. 

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

Тарихи тұлғалар жаңғыруы: Жетісу мақтанышы – Тәттібай, Қарымбай және Назар билер

Тарихи тұлғалар жаңғыруы: Жетісу мақтанышы – Тәттібай, Қарымбай және Назар билер

19.07.2026
Жаттығуды бастады

Жаттығуды бастады

19.07.2026
Жалған коуч жар жағалатар

Жалған коуч жар жағалатар

19.07.2026
Үкіметте балалардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды

Үкіметте балалардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды

19.07.2026
Көрсеткіш төмендеп барады

Көрсеткіш төмендеп барады

19.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.