Талдықорған: +12°C
$ 453.26
€ 506.70
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНДЕГІ КЕМШІЛІКТЕР АЙТЫЛДЫ

7 желтоқсан 2020
КҮНДЕРЕК
"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНДЕГІ КЕМШІЛІКТЕР АЙТЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиынға қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық департамент, басқарма басшылары қатысты.

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Серік Мұқанов күн тәртібінде көтерілетін мәселелермен таныстырды.

— Бүгінгі отырысымыздың күн тәртібінде маңызды да өзекті мәселе көтеріп отырмыз. Өңірлерді дамыту бағдарламасының Алматы облысында орындалу барысы, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жай-күйі және «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес атқарған жұмысы туралы талқылаймыз, — деген Серік Мейірханұлы баяндамашыларға сөз берді.

“Nur Otan” партиясы облыстық филиалы партиялық бақылау жөніндегі инспектор Мақсұт Тобаев, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әмірханов, кәсіпкерлік және индустриялық инновациялық даму басқармасының басшысы Тамерлан Разбеков атқарып жатқан жұмыстар жайлы баяндады. “Nur Otan” партиясы облыстық филиалы партиялық бақылау жөніндегі инспектор Мақсұт Тобаев:

— Облыс бойынша «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын іске асыру барысын бақылау мақсатында облытық прокуратурамен талдау жүргізілді. Бүгінде тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтардың жалпы саны 51 538 адамды құрайды. Талдау барысында алынған деректер облыстың жергілікті атқарушы органдары заңдылықтың елеулі бұзылуына жол беретіндігін дәлелдейді. Кезекте тұрған үміткерлердің көптігіне байланысты жаңа тұрғылықты жері бойынша жаңадан кезекке тұрған адамның тұрғын үй алуға мүмкіндігі ондаған жылға шегеріледі дегенді көрсетіп отыр, — деп тұрғын үй кезегіне тұру кезінде кеткен кемшіліктерді атап өтті. Өз кезегінде Серік Мейірханұлы «Nur Otan» партиясы  Алматы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің атқарған жұмысына тоқталды.

Жиында көтерілген мәселелерге қатысты Қаулы қабылданып, атқарылуы тиіс жұмыстар талқыланды.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

3 қараша 2026
«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

3 қараша 2026
Өркендеудің өзегі

Өркендеудің өзегі

3 қараша 2026
Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

3 қараша 2026
Бабалардан жеткен бұйым

«Дамумен» дамыған бизнес

3 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.