Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДІН МЕН ДӘСТҮР

ТАЛДЫҚОРҒАНДА БОЛАТ НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН «ТӘУБЕ» МЕШІТІ АШЫЛДЫ

23.10.2020
ДІН МЕН ДӘСТҮР
ТАЛДЫҚОРҒАНДА БОЛАТ НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН "ТӘУБЕ" МЕШІТІ АШЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының орталығы — Талдықорған қаласында «Тәубе» деп аталатын жаңа мешіт ашылып, көпшіліктің көңілін тербеген салтанатты сәт орын алды. Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ, белгілі меценат Болат НАЗАРБАЕВ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ қатысқан салтанатты ашылу рәсімінде мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын жұма күнінің ұлықтығы жеткізіліп, жаңа нысанға құтты болсын айтылды.

Осы күнге арнайы іссапармен Талдықорған қаласына келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы алдымен жаңа ашылған облыстық инфекциялық аурухана ұжымымен кездесіп, пандемия кезінде күн-түн демей халықтың денсаулығы үшін жанұшыра еңбектенген Күләйхан Жұмашқызы, Сайра Досжанқызы, Айгүл Тұмарбайқызы сынды дәрігерлерге Алғыс хат және ауруханаға 17 пульсометр мен 1 оттегі концентратын табыстады.

Одан соң пайдалануға жақында берілген Студенттер жатақханасында ерікті жастармен кездесіп, өскелең ұрпақтың ықылас-пейіліне қаныққан Бас мүфти облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің белсенділерімен әңгіме дүкен құрды. Еліміздегі ынтымақ пен бірліктің бастауында Қазақстан Республикасының сарабдал саясаты жатқанын жеткізген Наурызбай қажыны көпшілікке облыс әкімінің орынбасары Рустам Әлиұлы таныстырып, кездесудің мәні мен мағынасы тереңде жатқандығын әңгімеледі.

Бұдан соң Талдықорған қалалық орталық «Иман» мешітінде басталған республикалық қайырымдылық керуенімен 11 тонна азық-түлік, 10 тонна көмір тиеген жүк көліктерінің сапарына ақжол тілеген құрметті қонақтар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай «Ел үлесі — пәтерге» жобасы аясында көпбалалы 10 отбасыға үйдің кілтін табыс етті. Атап айтқанда, Жаркент қаласында 7 отбасы, Сарқан қаласында 1 отбасы, Ақсу ауданында 1 отбасы, Алакөл ауданында 1 отбасы баспаналы болып, қуанышқа кенелді. Жергілікті жанашыр азаматтардың бірлесуімен алынған үйлерге 25 миллион теңге жұмсалған.

Қадірменді мейман осындай игі істерден кейін сөз басында айтқан «Тәубе» мешітіне атбасын бұрды Талдықорған-Алматы күре жолының бойында орналасқан көрікті мешіттің салтанатты ашылуы қасиетті Құран Кәріммен басталды. Сібірлей жауған жаңбырға қарамастан жиналған қауымға дұға жасаған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі ырыс-құт пен береке-бірліктің бастауында жанашыр пейілді негізгі тірегі ретінде насихаттайтын Ислам діні жатқандығын, Қазақстан Республикасында тәуелсіздік алғалы бері 3 мыңға жуық мешіт салынғанын, әрбір облыстың орталығында ашылған ондай мешіттерде қызмет ететін имамдар халықты мейірімділікке, имандылыққа шақыратынын әңгімелеп, Жетісу жұртшылығын қуанышқа кенелткен жаңа мешіттің ашылуына мұрындық болған Болат Назарбаевтың отбасына алғысын жеткізді.

«Тәубе» мешітінің ашылуында сөз алған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов:

– Бүгін жер жаннаты Жетісудың орталығы Талдықорған қаласында сәулеті асқақ, кескіні керемет жаңа мешіттің ашылуына куә болып отырмыз. Өздеріңіз жақсы білесіздер, осыдан жиырма жыл бұрын келешектің қандай болатынын білген Елбасы батыл шешім қабылдап, облыс орталығын Талдықорғанға ауыстырды. Содан бері мұнда көптеген игілікті істер қолға алынып, көрген жандар таңғаларлық шаруалар атқарылды. Оның бәрі халық үшін, – деп халықтың шынайы пейілі, ыстық ықыласы жақсылыққа жетелейтінін атап өтті. – Өмірдің кілті бірінші — имандылықта, екінші — білімде. Адам ең алдымен Жаратқан Алла Тағаланың жолы – сыйластық жолымен жүруі керек. Сонда болашақтың бағыты жарқын, келешегі кемел болады. Мынадай керемет мешіттің ашылуына қуанып отырмын. Мешіттің үлкен жолдың бойында орналасуы қаланың көркіне көрік қосып, көрген жанның көңілін қуанышқа кенелтеді. Елбасы бастап берген «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көпшілік еліміз бен жеріміздің, мемлекетіміздің тыныштығы үшін, тұрақтылығы үшін тілек тілеп, дұға жасайды деп сенемін. Жаратқан Алланың жердегі үйі мешіттің ашылуына зор көмек жасаған жандардың отбасына амандық, есендік беріп, қуаныш әкелсін! «Салихалы ұрпақ» қайырымдылық қорының бастауында тұрған Болат Әбішұлына Жетісу жұртшылығының атынан рахмет айтқым келеді. Еліміз аман, жеріміз бүтін, аспанымыз ашық болсын! Әрқашан осындай жақсылықта кездесейік!

Жетісу жұрты атынан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт кезекпен сөз алып, жиналған қауымға жүрекжарды тілегін арнады. Тұсаукесер рәсімі жасалған соң көпшіліктің алдында мешіттің имамдығын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Талдықорған өңірлік өкіл имамының наибы Керімбек Дәуітовке өткізген Наурызбай қажы Тағанұлы мешітте сәлем намазын оқып, дұға жасады.

Салтанатты ашылудан соң облыстық ақсақалдар кеңесінің мүшелері және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Талдықорған өңіріндегі имамдарымен «Ислам құндылықтарын сақтаудағы ақсақалдар мен аға буынның ықпалы» атты кездесу өткізген Бас мүфти өскелең ұрпақтың тәрбиесіне қатысты мәселелерді талқылап, еліміздегі ынтымақ пен бірліктің өміршеңдігі жайлы салихалы ойын ортаға салды.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

30.01.2026
Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

30.01.2026
СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

30.01.2026
Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

30.01.2026
Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.