Талдықорған: +7°C
$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ӘРБІР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ ӘДІЛ ЖӘНЕ ҚАРАПАЙЫМ БОЛУЫ ТИІС

11 қазан 2020
КҮНДЕРЕК
ӘРБІР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ ӘДІЛ ЖӘНЕ ҚАРАПАЙЫМ БОЛУЫ ТИІС
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ләззат БЕЙСЕҚҰЛОВА Текелі қаласы әкімдігінің басшылығымен және қызметкерлерімен кездесті. Онда мемлекеттік қызмет саласындағы әдеп қағидаларын сақтау, мінез-құлық стандарты, имидж, қоғам тарапынан айтылған сынға себепкер болмау мәселелері айтылды және талқыланды.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекеттік қызметтегі маңызды фактор барлық мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін немесе қызметтік әдеп қағидаларын сақтауы болып табылады. Өздеріңіз білетіндей, мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны — Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенім білдіреді.

Мемлекеттік қызметшілер қызметтік уақыттағы мінез-құлықтың жалпы стандарттарын, сондай-ақ, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарын ұстануға, адал, әділ, қарапайым болуға, қабылданатын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге, өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, жалпы алғанда елдің мемлекеттік қызметінің имиджін қалыптастыратын жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға тиіс.

Мемлекеттік қызмет үшін имидждің функционалдық және мәртебелік мәні бар. Бұл халықтың оған деген сенім деңгейінің көрсеткіші және қоғамның басқарушылық қызметтің, мемлекет жүргізіп отырған қайта құрулардың тиімділігін бағалау өлшемі болып табылады.

Қазіргі уақытта мемлекет қызметшілердің имиджін арттыру қажеттілігіне қатысты мәселелерге елеулі көңіл бөледі. Мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісінің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту. Жиында осы бағыттағы мәселелер көтерілді. Сондай-ақ, алдағы уақытта мемлекеттік аппаратты қысқарту мен оңтайландырудың, мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің факторлық-балдық жүйесін енгізудің, ауыл әкімдерін сайлаудың маңызды аспектілері мен қыр-сыры қозғалды.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

6 қарашада еліміздің бірқатар өңірінде жел күшейіп, тұман түседі

6 қарашада еліміздің бірқатар өңірінде жел күшейіп, тұман түседі

Бүгін, 07:46
Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

6 қараша 2026
Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

6 қараша 2026
Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

6 қараша 2026
Дін және қоғам

Дін және қоғам

5 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.