Талдықорған: +26°C
$ 487.02
€ 552.23
₽ 6.51
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЖІБЕК МІНЕЗДІ ЖАЗУШЫ

09.10.2020
РУХАНИЯТ
ЖІБЕК МІНЕЗДІ ЖАЗУШЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жанарында ғаламның сыры бұққан, жүрегінде заманның уы тұнған кешегі қаламгерлер өзінің ұлт алдындағы ұлы міндетін адал атқарды. Дүрбелеңі мол дүниенің арасында жүріп жауһар жазбаларын әдебиет қамбасына қотарды. Телегей теңіздің асау толқынындай ұлт намысын толқын-толқын туындыларымен тербеді. Рухты асқақтатты. Әдебиет деген айдынға қарапайым оқырманға дейін құныға бас қойды. Сөз салтанат құрды. Сонда, тәңірдің өзі тақ, тәжін сайлап берген сырбаз қаламгерлердің сапында маңдайы жарқырап Сайын Мұратбеков жүруші еді.

Иә, Сайын Мұратбеков қазақ әдебиетіне бұтарланбас жауһар туындыларын ұсынған классик жазушылардың бірегейі. Ол көзінің тірісінде-ақ ұлт зиялыларының арасында «Сайын даланың Сайыны» атанған еді.  Жазушы сұрапыл соғыс кезіндегі азып-тозған ауылдың тіршілігін баяндайтын «Жабайы алма» повесімен-ақ күллі оқырман жүрегіне жол тапты. 
Алақандай ауылдағы адамдардың наным-сенімі, олардың қилы тағдыры, жасыл желектей жас балалардың ауыр жұмыстан қажыған кескіні, қалжыраған көрінісі оқырманды еріксіз тебірентіп, сонау күнгі қасіретті жылдарға сапар шектіретін ғажайып шығарма деп, сол «Жабайы алма» повесін айтамыз. Бұл туынды жазушының қазақ прозасының хас шебері екендігін мойындатқан һәм танытқан төлқұжаты десек, асыра айтқанымыз емес. Дегенмен, ең алғашқы «Менің қарындасым» сынды туындылары, «Ауыл оты», «Көкорай», «Дос іздеп жүрмін», «Қалың қар», «Өліара», «Отау үй» сынды прозалық кітаптарының барлығы да қазақ әдебиетіне қосылған алтын қазына екені даусыз. 
Жалпы, Сайын Мұратбеков шығармашылығы сайын даланың көшпелі өмір салтын насихаттаған, кешегі қоғам мен жаңа заман аралығында ғұмыр кешкен кейіпкерлердің таным-түйсігін, жай-күйін, психологиясын көркем тұрғыда ашса, жазушы өз туындылары арқылы құндылық пен рухани талас-тартысты өзек ретінде алу арқылы ұрпаққа айтар ойын ашық жеткізген. Ғұмырында аз жазса да саз жазған жазушының қазақ прозасында өзіне ғана тән қолтаңбасы, сүрлеуі қалыптасты. Бұл тұрғыда көрнекті жазушы Смағұл Елубаев: «Стиль – адам. Ал адамның жаратушысы Құдай. Бұлардың бәрі пенденің санасынан тыс бірінен-бірі өткен құпия. Сол себепті де өнері баяғыда-ақ Үшқараның басына ұя салған Сайын Мұратбеков әдебиет жайлы 40 жыл әңгіме шертсе де, өз шығармаларына тән сөз сиқырын, яғни сөз өнерінің мәйегін ашып бере алыпты. Өйткені, талант иесінің маңдайына жазылған сый – Тәңір берген суреткерлік тылсым өнерпаздың қолындағы, ырқындағы құбылыс еді», – деп тебірене толғанады. Міне, бұл жазушы шығармашылығына берілген әділ бағаның бірі деп білеміз.
Таудан аққан бұлақтың сыңғырынан симфония сүзген сазгердей жан дүниесімен табиғаттың тылсым сырын терең таныған, адамдардың ішкі сезім ырғағын шығармасында көркем тұрғыда баяндай білген сырбаз қаламгер Сайын Мұратбековтің ғажайып туындысының бірі – «Жусан иісі» повесі. 
Атаулы шығармада сұрапыл соғыс кезеңіндегі ауыл адамдарының тағдыры баяндалған. Басты кейіпкері Аянның талайлы ғұмыры арқылы сол кезеңдегі сан ауыртпалықты салмақтап, саралап берген жазушының айтар ойы ұғынықты. Қаламын салалы саусағына қапсырып, жазу үстеліне отырған шаққа дейінге мезгілі –  өскелең кезі қанды қасаппен тұспа-тұс келгендіктен де шығармадағы балалар психологиясын жазушы жоғары нотада бедерлеген. Хас шеберлікпен өрнектеген. 
Орыстың шебер жазушысы В. Распутин әрбір кейіпкерінің жан толқынысын, ішкі  диалогон беруді күнделікті жазу машығы ретінде қараған екен. Сол секілді, шығармада өз кейіпкерінің жан толқынысын ерекше айшықтауға құмартқан Сайын Мұратбеков атылмыш шығармасында Аян тағдырын, писхологиясын сол замандағы барша халықтың басынан өткен тауқыметпен байланыстыра отырып, шебер ашып-өрнектейді. Әсіресе, қысқы түнде шөп жиналған қора төбесінде бас қосып, ертегі тыңдап, шылым шегетін жастар ақырында қораны өртеп тынып, қашамын деп қорадан секіріп түскенде Аянның ойнамалы тобығы қайтадан тайып, құлаған жерінде қалып, басқа балалар жан сауғалап үлгеретін жері естеріңізде болар. Төбедегі тілсіз жаудың нарттай болғанын көрген шолақ қол бригадир Тұржан ауыл адамдарының арқасында өртенген шөпті сөндіретін еді ғой. Сонда жағымсыз кейіпкер Тұржан шалажансар Аянды иттепкінің астына алушы еді ғой. Сол оқиғаның ертесінде «ағам майданнан оралса кегімді қайтарамын деп тістеніп жатқан Аянның хәлін жазушы: «Аян есік жақтағы темір пештің түбіне төселген құрым киіздің үстінде, кір-кір жұқа құрақ көрпе жамылып жатыр екен. Бір жамбастаған күйде қозғала алар емес. Қамшы мен тепкі тиген денесі көкпеңбек боп күлкілдеп ісіп кетіпті. Домбыға іскен ернін жалап қояды», – деп сипаттайды. Міне, оқырманның жанарына жас ұялататын осындай аянышты өмірді шығармасына арқау еткен Сайын Мұратбеков бұл повесі арқылы сонау күндердегі ел басына түскен ауыртпалықты ғана суреттеп қоймай, өзінің жастық шағынан үзік-үзік естеліктер айтып, балғын кезін балбалтасқа қашады емес пе?! Осы орайда белгілі ғалым-жазушы Тұрсын Жұртбайдың аталмыш туынды жайлы пікірін айшықтап өтсек. Ол: «Жусан иісі» Сайын Мұратбековтің творчествосындағы үздік жетістіктерінің бірі болып табылады. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ауыртпалықты суреттейтін шығарма да, бала кейіпкер де мол. Бірақ бұл туынды олардың ешқайсысына ұқсамайды. Оқиғаның өрбуі мен құрылымын да, логикалық ақыл-ойдың дара сабақтаса дамуы да, лирикалық шығарманың ішкі жан-дүниесі де оқшау. Көз алдыңнан қара жолдың шаңын аспанға шығара жарысып бара жатқан балалардың соңында аяғын сылтып басып, жете алмасын білгенде: «Әй, тоқтаңдаршы, бір қызық ертегі айтайын», – деп соқпақ шетіне отыра кететін Аянның бейнесі кетпейді».
Ақиқаты сол! Сайын Мұратбековтің әрбір шығармасы арқылы өз кейіпкерлерін көркем тұрғыда айшықтай білген жазушы. Ол өзі салған соқпақта көбіне лирикалық шегіністен басталатын әңгімелер жазды. Жазғандары асқар басында күнге шағылысқан мұздақтай көздің жауын, буынның әлін алатын ғажайып туындылар екені ойлы оқырманға дәлелдеуді қажет етпейтін дүние. Мәселен, «Менің қарындасым», «Қыран құс көк жүзін шарлап кетті», «Үскірік» сынды көптеген әңгімесі мөлдір сезімнен құралған, ақиқатпен астасқан туындылар. 
Иә, жазушының ғұмырбаяндық-хамсасынан азырақ сыр шертсек: Сайын даланың Сайыны Қапал өңіріндегі Қоңыр тауының баурайында 1936 жылы қазан айының 15-інде от жүрегін тулатып өмірге келген. Қазақтың біртуар тұлғасына айналған бала Сайынды жастайынан атасы Мұратбек бауырына салып тәрбиелеген көрінеді. Ал қаламгердің әкесі Сапарғали жер әлемді тітіркенткен Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер. Осыдан-ақ жазушының балалық шағы соғыс жылдарымен тұспа-тұс келгенін, қаламынан соғыс тақырыбындағы қуатты шығармалардың туындағанын заңдылық деп пайымдай беруімізге болатындай. 
ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында қазақ әдебиетіне келген шоқ жұлдыздардың ең сәулелісі болып көрінген Сайын Мұратбеков – жазушылықпен қатар лауазымды қызмет еткен тұлға. Дегенмен, тамырының артық соққан тұсы – жазушылық өнер болған соң, қанында бар қасиетпен еліне танылған ол ұлттық прозаның өрісін кеңейтті. Рухани айдынның кенересін кемел етті.  Қатарлас қаламгерлері арасында ғана емес, жалпы әдеби ортада «Жібек мінезді жазушы» деген де атауға ие болды.
Сайын Мұратбеков жайлы тағы бір айтар дүние, жазушы көзінің тірісінде әдебиет өрісінде жаңа қауыз ашқан жас таланттардың бой түзеуіне, желек атып еңсе көтеруіне көп қамқорлық танытқан екен. Сонымен қатар, бізге аңыз болып жеткен  Қалихан Ысқақов, Әкім Тарази, Қабдеш Жұмаділов, Рамазан Тоқтаров сынды қаламгер жолдастарымен бірге «Бес тапал» да атанды-ау. Бұл туралы өз кезінде Сәбит Досанов: «Олардың бойлары аласа болғанымен, армандары биік, ойлары терең. Сол екеуінің – Рамазан мен Сайынның өмірден ерте кетіп, терең теңіздердің ерте тартылғаны өзекті өртейтін өкініш», – деп тебіренгені бар. Шындығында қазақ руханиятының көгінен жарық сәуле себездеткен жазушының өмірден ерте кеткені руханият үшін орны толмас өкініш. Әлі де талай толымды еңбек қалдырар ма еді деп толқисың. Дегенмен, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы Сайын Мұратбеков қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан, есімі тарихта алтын әріппен жазылған асқақ тұлға. Сол айбынды Алаш перзентінің келер жылы 85 жылдық мерейтойы екенін алдын ала ел есіне салсақ, ғажайып шығармасы, сәулелі ғұмыры кең көлемде насихатталып, ұлы той ел көлемінде дүркірей өтсе деген үмітпен аз-кем жазушы шығармасы, асқақ болмысы, жазушылық шеберлігі жайлы толғанып-тебірендік. Сайын даланың Сайыны атанған Алаш перзентінің келер жылы келетін 85 жылдық торқалы тойы бүгіннен басталса деп тілектестік білдірдік. Бауырынан маржан сүзген ұлы мұхиттай шалқар шабытпен еліне аталы сөз қалдырған жазушы тойы дүркірей өтетініне осы күннен сенім білдіретінімізді де жасырып қалғымыз келмейді…

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Жетісудағы Басши ауылы елдің үздік туристік ауылдарының қатарына енді

Жетісудағы Басши ауылы елдің үздік туристік ауылдарының қатарына енді

24.06.2026
Қазақстанда интернет неге арзан? Ел әлемдік рейтингте 19-орын алды

Қазақстанда интернет неге арзан? Ел әлемдік рейтингте 19-орын алды

24.06.2026
Шекара шебіндегі игілікті шаралар

Шекара шебіндегі игілікті шаралар

24.06.2026
Ашық терезе тажалмен тең

Ашық терезе тажалмен тең

24.06.2026
Әскери қызметшілер «Мәдениет саласының үздігі» атанды

Әскери қызметшілер «Мәдениет саласының үздігі» атанды

24.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.