Талдықорған: +34°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БІРІҢДІ ҚАЗАҚ, БІРІҢДІ ДОС…

16.09.2020
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Әрбір ұлттың көксейтіні – өзін-өзі басқару, ешкімге тәуелді болмау, бағынушылықтан еркін болу. Мемлекетті жеке адам ретінде қарастырсақ, адам ешбір жанға бағынышты болғысы келмейді, өзінің дегенімен жүргісі келеді. Ешбір адам құлдыққа деп талпынбайды. Біреудің қол астында жүргеннің өзінде бастықтың орнын көздеп ұмтылуы заңдылық.


Егер біреудің айтқанын істеп, айдауында жүрсе кез келген адам өз-өзін жоғалтып алуы хақ. Мемлекет те дәл сол секілді. Өзге бір елдің бодандығында жүріп, дербес ел бола алмаса, тілін де, ділін де, әдет-ғұрпын, салт-санасын, бәрі-бәрінен айырылып қалуы ғажап емес. «Ағысқа қарсы жүзгенде ғана еркін ойдың не екенін түсінесің», – депті бір ойшыл ғұлама. Келіспеске амал жоқ. Расында, әр елге бір бағынышты болып, еркіндікке қол жеткізе алмай, қайда айдаса соған көніп жүрсек, төрт аяқты малдан қандай айырмашылығымыз бар? Ұлт рухани азып, қадірі қашпай ма?

Сондай бір жайды қазақ халқы басынан өткеріп еді. Сонау XV ғасырдан XVIII ғасырға дейін қазақтың нар тұлғалы батырлары өз жерін бөтен қолға бермей, елін, жерін қорғады. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақұлы Жәнібек пен өзге де хан, сұлтандар өздерінің білгір саясаты арқылы елді де, қолды да басқара білді. Қазақ жеріндегі тәуелсіздік идеясын бастаған Керей мен Жәнібек. Шайбани мемлекетінен бөлініп шығып дербес Қазақ хандығын құрды. Солардың жолын жалғап, елді ұтымды басқара білген «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» еді. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман да сол шақ еді. 

Абылай хан тарихта дипломат басшы ретінде өшпестей із қалдырған. Бір жағынан жоңғарлар, екінші жағынан қытайлар, үшінші жағынан Ресей патшалығы ауыздарын арандай ашып, қазақ жеріне анталап тұрған кезде Абылай хан ешқандай ашкөздің азуын тигізбей дипломатиялық жолмен елін арашалап отырды.
Алайда тағдырдың жазғаны болар, шапса ат тұяғы кертілетін, ұшса құс қанаты талатын  ұлан-ғайыр жеріміз Ресей патшалығы атты жыртқыштың араны ашылған аузына түсіп кетті. «Дәніккеннен  құныққан жаман» дегендей, бұл жыртқыш құнығып жерімізді де жалмады, тілімізден  айырды, дінімізден  ада қылып, салт-санамызды да улап, жер бетінде «қазақ» деген халықты жойып жібере жаздады. Бірақ қазақтың «менмін» деген ұлдары жай қарап қалған жоқ. Кенесары, Сырым батыр, Исатай мен Махамбет сынды нар тұлғалардың көтерілістері қазақ халқының «қой аузынан шөп алмас» ел емес, көк бөрінің намысқой ұрпақтары екенін тағы бір дәлелдеді. Бұл батырлар ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қасық қаны қалғанша елі үшін, жері үшін жан аямай соғысты.

Сонымен қатар, «от ауыз, орақ тілдің күшімен, қара қаламның ұшымен» соғысқан батырларымыз да жеткілікті. Олар: бес арысымыз Ахмет Байтұрсынұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Алаш партиясының жетекшісі Әлихан Бөкейхан, Тұрар Рысқұлов, Мұстафа Шоқай, «Оян, қазақ, көзіңді аш, басыңды көтер, тайсалма», –  деп рух беріп, қазақ зиялылары атанған топ еді. Дегенмен, сол баяғы ашкөз жыртқыш бұларды да қоя салмады. Жеді, талады, өлтірді, өлтіртті.

Әлихан  Бөкейханның бір сөзі бар еді: «Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық саясат ісін ұғынбаса, тарих жолында тезек теріп қалады». Елінің шырағы, «Желтоқсанның жастары» Әлихан атамыз айтқан саясатты ұғынды. Елінің тарих жолында тезек теріп қалмауы үшін алаңға шықты. Сол қанды желтоқсанда Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова сынды талай жастар қыршын кетті. Қазіргі таңда сол батырларымыздың арқасында тәуелсіз ел атанып отырмыз. Елбасы Н. Назарбаев айтқандай, «Тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуінен, беттен қағар желінің есуінен тайсалмауға тиіспіз».

Әуелі, қазақ «қазақ» болғалы жалмап, қанап, тұңғиыққа тартып жатқан ашкөз жыртқыш кім? Бұдан үш ғасыр бұрын тұқым-тұқиянымен жойылып кеткен жоңғарлар ма? Әлде біздің түп тамырымыз сақ, ғұндарға салық төлеп тұрған қытайлар ма? Мүмкін, Тоқтамыс хан астанасы Мәскеуді өртеп жіберіп, елін тонаған орыстар шығар? Жоқ, қазақты шырмап, тереңге батырып жатқан шырмауығы – қазақтың өзі. Қазақтың іштарлығы, алауыздығы, «жоқ болса көре алмай, бар болса бере алмайтын» мінезі.  Жұртынан теңдіктің сөзін сөйлеген адам шықса, бет-аузын басып, тұншықтырып жерге көметіндігі.  Мұны сана тұрғысынан түсінгенмен де іске асыруға «қазақшылығымыз» жібермей тұрған жоқ па? Тарихта осы шырмауықтан бір рет босанып, аңсаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Азғындық пен надандықтан еркін болсақ, болашағымыз нұрлы болады деп үміттенемін. Данышпан Абай атамның: «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос», – деген аталы сөзіне амал етіп қана бірлігімізді сақтай аламыз.

Рабиға Патта
Іле ауданы
 

Қатысты жаңалықтар

Әскери бөлімнің 85 жылдығы тойланды

Әскери бөлімнің 85 жылдығы тойланды

06.07.2026
Қазақстан Халық партиясының Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты мәлімдемесі

Ұлттық бірліктің өзегі

06.07.2026
Қиқымы жерде жатпаған

Қиқымы жерде жатпаған

06.07.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

06.07.2026
«Күмәнді пенальти». «Жетісу» соңғы минутта жеңілді

«Күмәнді пенальти». «Жетісу» соңғы минутта жеңілді

06.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.