Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АЛПЫСТАҒЫ АБЫЗ АҚЫН

14 қыркүйек 2020
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Алтайдың арғы бетінде өткен алты жасар кезім естен кетпейді. Әр күні кешкісін  аядай ғана қараша үйдің ошағын маздатып қойған үлкендер  көне теледидардың алдына жиналып алып, айтыс көріп отыратын.  Алатаудың баурайында өтіп жататын аламанға арқалары қозып «Әп, бәрекелді!» десіп, айқайласып кететін. Сол бір бейнетабақты қайта- қайта айналдырып көруден ешкім жалықпайтын. «Хайләйлім, хайлім, хайләйлім…» деп орындығынан тұрып кете жаздап, өлеңдете жөнелетін  ақынға бала көзбен мен де таңдана қарайтынмын. Үлкендердің  арасында қисынын тапқан қызық шумақтарды жаттап алып, бебеулетіп жүретін ағаларымыз да болушы еді. Айтақын Бұлғақов  деген ардақты есім сол   кезден жаныма  жатталып қалыпты. 


Атажұртқа келгеннен кейін бір қалада тұрсақ та, ара-тұра шығармашылық кештерде ол кісіні  көріп қалғаныммен жанына барып, жақын танысуға жасықтығым жібермейтін. Тек сыртынан  қарап, адасып қалған балалығым мен алыста қалған ауылым есіме түсіп,  іштей «Хайләйлім, хайлім, хайләйлім…» деп  күрсініп қоятынмын. Ағаның  ақ жүзін көрсем болды Алтайдың  асқар биігін  аңсайтыным да  содан болса керек. 

Былтыр  Жастар жылына орай алғашқы жыр жинағым жарық көріп, қуанышым қойныма сыймай жанашыр жақын,  ағайын-досқа  тұсаукесер жасауға дайындалып жүріп, бар батылдығымды бойыма жиып, ол кісіні шарқ ұрып іздеп редакцияға  бардым. Көк жәшіктен  адуынды көрінетін ағам аңқылдап құшақ жая қарсы алды. Ақ жол тілеп, ақ батасын да берді.  Бұл енді алты жасымдағы аңыз ақынның алпысқа қараған абыз шағы екен.  Кейіннен  шығармашылық жайлы ағалық ақылын да айтып, пікірін білдіріп тұратын болды.  Сыйласып, сырласып жүретін ағаның  асқаралы  алпыс жасына мен де осылай  бір ауыз ақ тілегімді арнағым келді.

Айтыстың  адуынды ақтаңгері,
Аламанда қайыспай   шапқан белі.
Қазақтың  қара өлеңін ұлықтаған,
Алтынмен әспеттелген  тақтан гөрі.

Алты жаста тамсантқан аңыз адам,
Алпысында кез болған абыз ағам.
«Хайлайлім, хайләйлімің» қашандағы,
 Таңдайыңнан тақылдап тамызады ән.

Ағатай,  биік болды самғар көгің,
 Шуағын сыйлай берсін таңдар керім.
Ат тұяғын  тай  басқан аламанда,
Арқырап келеді еріп  Жандарбегің.

Тұлпардан туған нағыз пырақ дерсің,
Шөліркесең жаныңа суат  болсын!
Пайғамбар жасқа келген кезіңде де,
Құдайым сарқылмайтын қуат берсін!

Жұлдыздай жанып тұрған 
                                         жүзінде арман,
Жүзіңде арман жазыңды, күзіңді 
                                                      алған.
Сен өзгеше  тарихсың, ақын аға,
Айтыстың  айлағында  ізің  қалған.

Қу өмір, сүйресең де  құз басына,
Бал дәурен баяныңды  бұзба, сірә.
Ұлықпанның мың жасын бермесе де,
Жетіңіз  Жамбыл атам жүз жасына. 

Ақын аға, асыл аға, алпысыңыз құтты, денсаулығыңыз мықты болсын!

Әмина  Адайхан
Талдықорған қаласы

 

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

Бүгін, 16:45
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Бүгін, 16:18
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.