Талдықорған: +34°C
$ 467.98
€ 533.87
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

«ТАБЫС ӘДІЛ БӨЛІНСЕ»: ПАНФИЛОВ АУДАНЫНДА СУ МӘСЕЛЕСІ ТУЫНДАДЫ

16.08.2020
ЭКОНОМИКА
"ТАБЫС ӘДІЛ БӨЛІНСЕ": ПАНФИЛОВ АУДАНЫНДА СУ МӘСЕЛЕСІ ТУЫНДАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Панфилов ауданында егін негізінен суармалы алқаптарда өсірілетіндіктен суландыру жүйесінің рөлі ерекше. Жүгері дақылының тұқымы да өніп-өсу кезеңдерінде  суды көп қажет етеді. Орта есеппен жүгері жетілгенінше 5-7 мәрте, кейбір құмдауыт, тастақ жерлерде 10 ретке дейін суарылып тұруы шарт. Өңірде өсірілетін басқа дақылдарға да су қажеттілігі жоғары.

Соңғы жылдары құрғақшылықтан, су тапшылығынан, шаруашылықтар мен шаруа қожалықтарының көбеюінен су бөлуде күрделі мәселелер туындап, егіншілер қажетті мөлшерде суару жұмысын атқара алмай жүрген.

Бұл мәселені 2015 жылдан бері аудандағы су шаруашылығы қызметкерлері жолға қойды. Алайда жыл өткен сайын бұрынғы су жолдары тозып, жарамсыздана бастағандықтан айтарлықтай мәселелер туындап отыр.

Биылғы жаз маусымында түн мезгілінің әдеттегіден салқын болуынан Арқас Алатауының құзар шыңдарындағы мұздақтар мен қардың баяу еріп, өзендердегі су мөлшерінің төмендеп кетуі де кері әсерін тигізуде.

Осындай қиындықтарға қарамастан егінге су бөлу жұмыстары барынша тиянақты жүргізіліп, дала дидары жасыл желекке бөленіп тұр. Биыл «Қазсу шаруашылығы» Панфилов өндірістік учаскесі мен 3112 жеке шаруа қожалығымен шаруашылық егініне су алуға келісімшарт жасасқан.

Өңірде жалпы 37940 гектар суармалы егістік болса, соның 24838 гектардан астамына жүгері дақылы өсірілген. Шілде айының ортасына дейін «дала аруының» алғашқы суару жұмыстары толық аяқталып, 13500 гектарға жуығы екінші, 3 мың гектарға жуығы үшінші, 100 гектардан астамы төртінші рет суарылды. Бір сөзбен айтқанда, егістікті уақыт оздырмай суарып алу мен жер нәрінің әр тамшысын тиімді пайдалану бағытында өңірдегі қожалықтар мен су мамандарының арасында мызғымас тәртіп орнатылған. Тіпті, бұрын бақылаудан тыс қала беретін аяқсуды да айдалаға ағызбай қайта арналап, пайдаға жарату шаралары қарастырылыпты.

Осындай қарекеттер егістіктердегі су тапшылығын барынша азайтумен қатар әр литр су есепке алынғандықтан жаркенттік мұраптар ортақ «қазандарына» толайым табыс түсіріп жүр.

Табыстың кілті – әр литр суға нақты есеп жүргізу және мамандардың сауатты іс атқаруына байланысты. Осы мақсатпен 2,5 миллион теңгеге су өлшейтін арнайы құрал сатып алынды. Облыстың басқа өңірлеріндегі су учаскелері де осы тәсілге жедел көшсе, қарызданып-қауғаланбайтыны анық.

Жалпы, су шаруашылығы жүйесінің жұмысы 2018 жылдан бастап республика көлемінде министрлік деңгейінде қаралып, бірегей тарифке өтті. Тарифтің бағасы қай уақытта қанша болатынын Қаулымен белгілеп береді. Яғни, судың бағасын мұраптар емес, монополияға қарсы агенттік бекітеді. Қарапайым тілмен айтқанда – табыс пен шығын баршаға ортақ. Табыстан келген қаражат бірден облыстың есепшотына түседі.

Панфилов аудандық су шаруашылығы облыс бойынша егін суаруға берілетін судың 45 пайызын қамтиды. Түсім көп, бірақ ол ескерілмейді. Қазір бухгалтерия орталықтандырылған. Су сатудан түскен ортақ қордағы қаржы баршаға тең бөлінеді. Осының салдарынан теңсіздік туындап, табысты бөлуде әділетсіздік бел алады.

– Облысымызда 9 ауданның су сатудан түскен пайда қоры ортақ болып, игілігін тең көріп отырудың да кемшілігі жоқ емес. Мәселен, біздің тапқан қаржымызды шығынға батып отырған басқалар да пайдаланады, – дейді «Қазсу шаруашылығы» Панфилов өндірістік учаскесінің басшысы Тоқтарбай Керімқұлов. – Бұрын әр ауданның өзінің тарифі болатын. 2014 жылғы 27 желтоқсанда мекемені 18,8 млн.теңге қарызымен қабылдап алдым. 4 жылдың ішінде біздің ұжым ақшаны үнемдеп жұмсап, қарызды жауып, өз қорына 180 млн.теңге қаржы жинап, оған техникамызды толықтай жаңалап алғанбыз.

Жаңа басшы істі жалпы тәртіпті орнықтырудан бастапты. Гидротехниктермен жұмыс жасау туралы келісімшартқа баса назар аударды, әркім өз жұмысын адал, уақытылы атқаруға міндеттелді. Ауылдарда жиналыс өткізіліп, қожалықтар алқабына неге су жетіспейтіні түсіндіріліп, жерге жарық түскенінен бастап қас қарайғанға дейін суды тиімді пайдалану, бұл үшін арнайы кестемен жұмыс жасау ұйғарылды. Сонымен қатар, келісімшартқа ерте отырмағандарға, арық қазбағандарға су берілмейді деп қатаң ескерту жасалды.

Ол кезде кәсіпорын табысының артық бөлігін өз қажетіне жұмсауға болатын инвестициялық бағдарлама бар еді. Онда тарифтен түскен қаражаттан мекеме өзінің негізгі қорын ұлғайта алатын. Соны пайдаланып кәсіп­орынға жаңа техникалар сатып алып, тұралап тұрған көнелерін күрделі жөндеуден өткізіп, сапқа қойды. Техниканың көбейгені мұраптардың күнделікті жұмысына көп жеңілдік әкелді. Бұрын мұраптар су арналарын атпен араласа, ендігі жерде мотоциклмен аралайтын күнге жетті. 

Осындай ауқымды зор шаруаны орындап отырғанына қарамастан Панфилов су шаруашылығында шешімін таппай қордаланып қалған мәселе көп. Солардың ең бастысы – өздері маңдай термен тапқан адал қаржысын өндірісті дамытуға пайдалана алмайтыны. 

– 2019 жылға дейін облыстағы ең ірі бөлімше ретінде бухгалтериямыз бен дербес есепшотымыз өзімізде болған еді. 30 миллион теңгеге дейінгі қажетті заттарды өзіміз сатып ала алатынбыз. 2019 жылғы сәуір айынан бастап облыс «бірегей тариф» қабылданғанын алға тартып, барлығын орталықтандырып алды. Жарайды, бұған да келісуге болар. Бірақ облыстағы 9 бөлімше арасында біз ғана таза табысқа шықтық, басқалар жылды шығынмен аяқтады. Осыған байланысты «Облыста бірегей тарифты тоқтату керек» деп, оған оңды ықпал ету үшін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиевке арнайы ұсыныс хат та жолдағанбыз. Қазірше оң өзгеріс болмай тұр, – дейді Тоқтарбай Әкімұлы. 

Бұдан басқа да су шаруашылығы жайлы айтылар әңгіме көп. Оны су мамандары өзара келісіп шешер деген ойдамыз. Бастысы, табыспен жұмыс істеуді жаркенттіктерден үйреніп, істі өзара тәжірибе алмасудан бастаған жөн бе дейміз.

Судан түскен қаржыны тең, ортақ пайдалану үшін басқалардың да облыстық филиалдың қоржынына қомақты қаржы құйып, байытқаны әділетті болмақ. Дұрысы, жергілікті су шаруашылықтарының жұмысын жандандыру үшін әркім табысына қарай үлес алғаны жөн шығар.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ

Панфилов ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

«Талдықорған — Өскемен» автожолы қашаннан бастап ақылы болмақ?

«Талдықорған — Өскемен» автожолы қашаннан бастап ақылы болмақ?

09.07.2026
Жетісуда жол жөндеуге 27 миллиард теңге бөлінді

Жетісуда жол жөндеуге 27 миллиард теңге бөлінді

09.07.2026
Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидалары жаңартылды

Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидалары жаңартылды

09.07.2026
Джеки Чан Қазақстанда: «Доспехи бога: Ультиматум» фильмінің түсірілімі басталды

Джеки Чан Қазақстанда: «Доспехи бога: Ультиматум» фильмінің түсірілімі басталды

09.07.2026
Жетісуда алкогольді заңсыз сатқан ондаған дүкен анықталды

Жетісуда алкогольді заңсыз сатқан ондаған дүкен анықталды

09.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.