Талдықорған: +14°C
$ 467.58
€ 543.66
₽ 6.44
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

БАЛАЛАР АРАСЫНДА ТАРАҒАН КАВАСАКИ СИНДРОМЫ: ДӘРІГЕР НЕ ДЕЙДІ?

13.08.2020
ДЕНСАУЛЫҚ
БАЛАЛАР АРАСЫНДА ТАРАҒАН КАВАСАКИ СИНДРОМЫ: ДӘРІГЕР НЕ ДЕЙДІ?
WhatsAppTelegramFacebook

Соңғы күндері Қазақстанда Covid-19 вирусын жұқтырған балаларда Кавасаки синдромы пайда болғаны туралы хабар тарай бастады. Ілуде бір кездесетін бұл синдромның қазіргі қауіпті індетпен қабаттасып көрінуі мүмкін екенін осыдан үш ай бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус ескерткен еді. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетінің сайтында арнайы мақала жарияланды.

Мамыр айының ортасына таман ДДҰ тарапынан Еуропа мен Солтүстік Америкада қабыну жағдайымен ауруханаға түскен балалар дертінің кейбір белгілері Кавасаки синдромымен сәйкес келетіні, бұған Covid-19 інде­тінің қатысы болуы мүмкін екені хабарланған. Бұл ретте ДДҰ басшысы бүкіл елдің дәрі­герлерін вирус жұқтырған балалардағы қабыну белгілерін мұқият бақылауға шақырған.

Апта басында еліміздің Ден­сау­лық сақтау министрлігінің рес­ми өкілі Бағдат Қожахметов үш жет­кіншекте Кавасаки синдромы анықталғанын мәлімдеді. Аурудың бұл түрі байқалған бала­лар Нұр-Сұлтан, Алматы және Петропавл қалаларында тіркелген. Қазір балалардың ахуа­лы әртүрлі дәрежеде, елор­да­дағы баланың жағдайы тұрақты. Сонымен қатар, өткен аптада Ақтөбеде КВИ жұқтырған ба­ла­ларда қабыну синдромы бай­қалғаны, оның сирек ұшырай­тын Кавасаки ауруына ұқсай­тыны туралы хабар тарады. Атал­ған өңірдің денсаулық сақтау бас­қармасының басшысы Самат Да­­ния­ров Кавасаки ауруына шал­­ды­ғу күдігімен ауруханаға бес ба­ла түскенін, оның екеуінде қа­бы­­ну синдромы анықталғанын айт­ты. Ауырған екі баланың бірі 5, екін­шісі 15 жаста екен. Олар­дың өмір­іне қауіп төніп тұрған жоқ.

Бүгінде күшіне мініп тұрған Covid-19 індеті талай ауруды қоз­ды­рып, қаупі зорайып кетті. Әсіресе вирус жасы егде тартқандар мен денсаулығы сыр беріп жүргендерге әжептәуір зиянын тигізді. Балалар болса, көбіне індеттің симптомсыз, жеңіл түріне ұшырады. Ал енді КВИ жұқтырған кішкентайларда қабыну синдромының байқала бастауы ата-аналарды айтарлықтай алаңдатып қойды. Оның үстіне ел арасында індет енді балаларға тісін батырады екен деген әңгіменің тарап жатқанына да біраз болды. Осы ретте Covid-19 кесірінен симптомдары байқалып жатқан сирек кездесетін Кавасаки синдромының қандай ауру екенін халық жете біле бермейді.

Бұл туралы бізге Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы Риза Боранбаева жан-жақты мағлұмат бер­ді.

Оның айтуынша, Кавасаки ауруы ешқандай да жұқпалы дерт емес. Бұл – пандемияға дейін де болған, бірақ өте сирек кездесетін дерт. Елімізде індетке дейін аталған синдромға шалдыққан балалар болған екен, бірақ жылына әрі кетсе екі-үш бала ғана ауырған. Олардың жасы бес жасқа да жетпеген.

— КВИ жұқтырған балаларда кездескен белгілер Кавасаки ауруының нақ өзі емес. Мұны Кавасаки ауруы­ның симптомдары деуге болады. Яғни, уақытша Covid-19 індетімен қабаттасқан мультижүйелік қабыну синдромы (МҚС). Бұл аурудың белгілері індеттің жеңіл және симп­томсыз түріне шалдыққан балаларда байқала бастауда. Кавасакиге ұқсас синдромның нағыз Кавасаки син­дромынан айырмашылығы – осы. Синдром дене қызуының кө­те­рілуі­нен басталады, сол кезде жө­тел, ентігу пайда болуы мүмкін. Нақты Кавасакидің ауруына ұқсас белгілердің бірі – бөртпе, тілдің, еріннің қызаруы, алақанның ісінуі. Сондай-ақ, МҚС кезінде балада конъюнктивит білініп, лимфа түйіндерінің үлкеюі мүмкін. Балалар кеудесі қысылып, жүрек тұсы, іші ауырып, құсу, жүрек айну, диарея сияқты жай­сыз­дыққа тап болады, — деді Риза Боранбаева.

Жалпы балалардағы муль­­ти­­жүйе­лік қабыну синдромының кли­никалық белгілері – қалтырау, 1 тәулік немесе одан да көп уақыт бойы 38 градус­тан жоғары дене қыз­уы, бөртпе, конъюнктивит, склерит, лимфаденопатия, алақанның, аяқтың ісінуі, тыныс алудың қиын­да­уы, асқазан-ішек жолдарының за­қым­дануы.

— Балада Кавасаки синдромының белгілері байқалған кезде жергілікті дәрігерге немесе педиатрға жүгіну керек. Мұндай синдроммен балалар міндетті түрде ауруханаға жатқызылады. Бірақ әдеттегі балалар ауруханасына түседі. Өйткені бұл синдром бала коронавирус жұқтырып, екі-үш апта өткен соң, яғни жазылғаннан кейін байқалады. Сондықтан балалар ауруханасында толыққанды диагноз бен зерттеулер жасалады. Зерттеулерге биохимиялық қан талдауы, гемостазды бақылау, коагулограмма, эхокардиограмма, ЭКГ, УДЗ, кеуде рентгені немесе КТ кіруі мүмкін, — деді педиатр.

Риза Боранбаева балалары үшін қашан да алаңдаулы ата-аналардың қаперіне Кавасаки синдромының жұқпалы емес екенін, оны емдеуге болатынын және бұл аурудың қайғы­лы жағдайға душар етуі өте сирек кез­десетінін айтты. Сондықтан, ауру­ды тым асқындырып алмауы үшін син­дром­ның симптомдары байқалған сәттен бірден дәрігерге қаралу керек.

Айта кетейік, апта басындағы дерек бойынша елі­мізде наурыздан бері 2 257 бала коронавирус инфекциясын жұқтырған екен. Оның ішінде ауруханада жатқаны – 114 бала.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге атауы ұлыстың «данг» сөзінен тамыр тартады»

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге атауы ұлыстың «данг» сөзінен тамыр тартады»

19.05.2026
Ирада Аюпова: Қазақстан мен Татарстан – түркі халықтарының өркениеттік синтезінің үлгісі

Ирада Аюпова: Қазақстан мен Татарстан – түркі халықтарының өркениеттік синтезінің үлгісі

19.05.2026
Қазақстанда алғаш рет Алтын Ордаға қатысты халықаралық архив құжаттары ұсынылды

Қазақстанда алғаш рет Алтын Ордаға қатысты халықаралық архив құжаттары ұсынылды

19.05.2026
Элунду Лазар: Алтын Орда – мәдениетаралық диалог пен мәдени әртүрліліктің тарихи үлгісі

Элунду Лазар: Алтын Орда – мәдениетаралық диалог пен мәдени әртүрліліктің тарихи үлгісі

19.05.2026
Мемлекет басшысы Алтын Орда мұрасына арналған тақырыптық көрмемен танысты

Мемлекет басшысы Алтын Орда мұрасына арналған тақырыптық көрмемен танысты

19.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.