Талдықорған: -7°C
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

РАҚЫМДЫ РОНАЛДУ: ЕКІ АУРУХАНАҒА 1 МИЛЛИОН ЕУРО АУДАРДЫ

25.07.2020
АЛТЫН ТҰҒЫР
РАҚЫМДЫ РОНАЛДУ: ЕКІ АУРУХАНАҒА 1 МИЛЛИОН ЕУРО АУДАРДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Футболдан Италия чемпионатының аяқталуына санаулы ғана тур қалды. Турнирлік кестеге үңілсек, туриндік «Ювентус» биыл да чемпион болуға бір табан жақын тұр. Ал қақпаға қос-қостап гол соққан Криштиану Роналду «Үздік сұрмерген» атануға үмітті. Өзіндік ерекше ойын үлгісімен күллі әлемді тамсандырып жүрген саңлақ биыл да жасындай жарқылдады. Ала допты ұршықша иірген Португалия ұлттық құрамасының капитаны жасыл алаңдағы ерекше ойын өрнегімен, мергендігімен ғана емес, жомарттығымен де көш бастап тұр. Олай болса біз үшінші – жақсылық қақпасына игі амалдар енгізіп жүрген футболшы жайлы жазуды жөн көрдік.  

ЖАҚСЫЛЫҚТЫ ЖАЛАУ ЕТКЕН

Криштиану Роналду 1985 жылғы 5 ақпанда  Португалияның Фуншал қаласында туған. Фуншал – Мадейра аралындағы ең үлкен қала болғанымен Роналду отбасымен кедей ауданында өмір сүрді. Оның әкесі Хосе Динис Авейро бағбан, анасы Мария Долорес дос Сантос Авейро аспаз болып жұмыс істеп, ризық-несібесін тауып, отбасын асырайды. Тағдыр тауқыметін тартқан отбасының тіршілігін көріп өскендіктен бе, саңлақтың арманы кәсіби футболшы болып, отбасын кедейшіліктен құтқару еді. 
Роналду – үйдің кенжесі. Оның Уго есімді үлкен ағасы және Эльма, Лилиана Катя атты екі әпкесі бар. 
Қай отбасында болмасын, кенже баланың бар арманын орындауға тырысады емес пе?! Криштианудың ата-анасы да тұрмыс қиыншылығына қарамастан баласын академияға береді. Даланың шаңын бұрқыратып доп теуіп жүрген балдырған небары 8 жасында «Андорина» жасөспірімдер футбол клубына қабылданады. Ол кезде Криштианудың әкесі осы командада қосымша жұмыс істейтін. Сөйтіп, ала доптың жұлдызы боламын деп армандаған бүлдіршін үлкен футболға аяқ басады. Жаттығудан қалмай, тыңғылықты дайындалады. Соның арқасында қатарының алды болып, командасын алға сүйрейді. Мәселен, 1993/94 жылдардағы біріншілікте Роналду 0:2 есебімен ұтылып жатқан командасына қосалқы құрамнан шығып жеңіс сыйлайды. Талпынысы мен талабы таудай дарынды бала екі жылдан кейін «Nacional» академиясына ауысып, клубпен бірге Португалия біріншілігінің жеңімпазы атанады. 
Асқан техника мен шебер ойын үлгісін көрсетіп жүрген шабуылшы 1997 жылы Лиссабондағы «Спортинг» командасына қабылданады. Жасөспірімдер арасында аталмыш командамен талай белестерді бағындырып, негізгі құрамына енеді. Ал, 2002 жылы «Спортинг» Португалия суперкубогын жеңіп, Роналду үлкен футболдағы алғашқы жүлдесіне қол жеткізеді. 
Жасыл алаңда құстай ұшып, ойқастап, ойнақ салып жүрген шеберге талай команда қызығады. Сөйтіп, өзгелерден ерекше техникасымен, жылдамдығымен ерекшеленетін ойыншыға 2003 жылы ағылшындық «Манчес- тер Юнайтед» «құда түседі». Ол алғашқы мау- сымнан бастап-ақ «Қызыл сойқандардың» үздік ойыншысы атанады. Сонымен қатар, аталмыш командамен бірнеше титулды қанжығалап, әлемді мойындатады. «Манчестер Юнайтед»  командасымен ағылшын біріншілігін жеңеді. 
2008 жылы Роналду өзінің алғашқы «Алтын бутсы» сыйлығын алады. Сол жылы төрткүл әлем көз тіккен чемпиондар лигасының жеңімпазы атанады. Футболшы 2009 жылы  испания- лық «Реал Мадрид» командасына ауысады. «Галактикос» сапында ол футболдың озық үлгісін көрсетіп, талай жүлделерге қол жеткізеді. Атап айтсақ, үш рет (2011, 2014 және 2015 жылдары) Испания чемпионатының «Үздік бомбардирі» атағын иеленді. «Ақтармен» бірге чемпиондар лигасының 4, Испания чемпионатының 2, Испания кубогы, Испания суперкубогы, УЕФА суперкубогы және әлем кубогының 3 дүркін жеңімпазы атанады. Сонымен қатар, 4 мәрте «Алтын допты» қанжығасына байлады. 
Бүгінде Роналду италиялық «Ювентус» командасының намысын қорғап жүр. Ол алғашқы маусымда 28 гол соғып, 10 пас беріп, А сериясын және Италия Суперкубогын жеңіп алды. Сонымен қатар, Португалия құрамасымен бірге Евро-2016 мен Ұлттар лигасының чемпионы болды.

ЖОМАРТТЫҚ – ЖАН БАЙЛЫҒЫ

Әңгімемізге арқау болған жан теңбіл доп аламанында ғана емес, өмірде де үлгі тұтатын азамат. Ол әлеуметтік жағынан тұрмысы төмен отбасылар мен жетім-жесір, ауру-сырқауларға, тосыннан жәрдемге зәру болып қалғандарға жиі көмек қолын созады. Жомарттықты жанның байлығы санаған футболшы дәйім жақсылық жасауға ұмтылады. Тапқан-таянған қаражатын жарлы-жақыбайға көмек ретінде аударады. Науқас балалармен жиі кездесіп, қайырымдылық акцияларға қатысып, үнемі қан тапсырады. Сондай-ақ, UNICEF, Save the children, Қызыл крест және тағы басқа белді ұйымдарға мүше.
2004 жылы Роналду жер сілкінісі мен цунамиден зардап шеккен Индонезияның Ачех провинциясын қалпына келтіру үшін қаражат жинауға көмектесті. Цунамиден ғажайыптың күшімен аман қалған 6 жасар Мартунис есімді баланы қамқорлығына алады. Бүлдіршіннің отбасына 40 000 еуро қаражат аударып, пәтер сыйлайды. Сонымен қатар, ол туған Фуншалында медицинаның дамуына көп қаражат бөлді. 2012 жылы қатерлі ісікпен ауырған 9 жастағы баланың инновациялық еміне қыруар ақша төледі. 2013 жылы жеңіп алған «Алтын добының» көшірмесін қайырымдылық акциясы аясында өткен бәссаудада 300 мың еуроға сатып, қаражатын ауыр дертке шалдыққан балаларға көмектесетін Make-A-Wish қорына аударады. 2016 жылы Еуропа біріншілігін  жеңгенде алған 275 мың еуроны түгелімен ракпен ауыратын балалардың еміне жұмсаған. 
Роналду 2010 жылдан бері ақ қан ауруымен ауыратындарға донор. Сол үшін ол денесіне татуировка салдырмайды. Осындай игі амалдары үшін 2015 жылы Роналду жылдың мәрт спортшысы атанады. 
Өзін ғана емес, өзгені де ойлайтын жан биыл күллі әлемді дүр сілкіндірген коронавируспен күреске қаржы бөлді. Атап айтсақ, Лиссабон мен Порту қалаларында орналасқан екі ауруханаға 1 миллион еуро аударды. Сонымен қатар, өзінің брендтік қонақүйлерін аурухана етіп, онда жұмыс істейтін қызметкерлерге жалақы төлеуге келіскен. Иә, нағыз жомарт жан! Өзінен көрсеткен көмегі жайында сұрағандарға ол: «Құдай маған бұдан да көп көмектесті» деп жауап қайтарады екен. 
Жоқ-жітік, кем-кетікке демеу болған азамат игі ісімен көпке үлгі. Ең бастысы, барлық жақсылық атаулыны шын ниетімен істейді. Осындай кеңпейілдігімен ол жанкүйерлердің сүйікті ойыншысына айналды. Иә, атымтай жомарт азаматтың адам жанын жадырататын жақсы істері жетерлік. Ол көмекке мұқтаж адамдарға, нау- қас, жетім балаларға көмектесуден шаршаған емес. Жақсылықты жалау еткен атымтай жомарт азамат футболдың ғана емес, «үшінші қақпаның» да үздігі.

Айдар ҚАЛИЕВ

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда сайлаушылардың қатысу көрсеткіші сағат 20.00-дегі ақпарат 78% пайыздан асты – Арыстанғали Арын

Жетісуда сайлаушылардың қатысу көрсеткіші сағат 20.00-дегі ақпарат 78% пайыздан асты – Арыстанғали Арын

15.03.2026
Талдықорғанда барлық референдум учаскелері өз жұмысын тоқтатты

Талдықорғанда барлық референдум учаскелері өз жұмысын тоқтатты

15.03.2026
Көктемгі жеңілдік: Жетісуда «Наурыз FEST» акциясы өтуде

Көктемгі жеңілдік: Жетісуда «Наурыз FEST» акциясы өтуде

15.03.2026
Референдум күніндегі мерейтой иелері

Референдум күніндегі мерейтой иелері

15.03.2026
Ауыл еңбеккерлері азаматтық ұстанымдарын білдірді

Ауыл еңбеккерлері азаматтық ұстанымдарын білдірді

15.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.