Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ӘЛЕМ КӨЗ ТІККЕН ӘСЕМ ҚАЛА

6 шілде 2020
КҮЛТӨБЕ
ӘЛЕМ КӨЗ ТІККЕН ӘСЕМ ҚАЛА
WhatsAppTelegramFacebook

1997 жылы еліміздің астанасына айналған «Нұр-Сұлтан» қаласы 23 жылдың ішінде көз ілеспес жылдамдықпен салынып, әлемнің озық шаһарларымен иық тіресетін деңгейге жетті. Елорданың тарихы қарт Алатаудан Сарыарқаға бет алған көштен басталмайды. Оның тамыры әлдеқайда тереңде жатыр. Алғашында Қараөткел жәрмеңкесі орналасқан жерді жергілікті халық Ақмола атағаны анық. Кейіннен 1832 жылы құрылған әскери бекініс патшалық Ресей үшін маңызды мекенге айналды. Содан бастап атауы Ақмола, Целиноград, Ақмола, Астана болып ауысқан шаһардың Нұр-Сұлтан атанғанына жыл толды.

Тәуелсіздікке қол жеткізген қым-қуыт, қиын кезеңде нар тәуекелге бел буып, ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру ерлікке пара-пар қадам еді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен әр нысанның жобасы заман ағымына лайықталып, Қазақстан Республикасының шарайнасына айналардай жобаланды. Тынымсыз еңбек еш кетпей 1999 жылы Астана ЮНЕСКО-ның шешімімен «Әлем қаласы» атағын алды. Көркіне көз тоймас қалада әлемдік жиындар өтіп, жасыл ғаламшардың өзекті мәселелері талқыға түсті. «ЕЫҚҰ-2010» саммиті, «Экспо-2017» халықаралық көрмесі сынды күллі әлемдік кездесулердің өтуі ел мәртебесін одан әрі асқақтатып, бас қалаға көз тіккендердің санын еселеді. Астана арқылы Қазақстанның аты алты құрлыққа жетіп, көргісі келетіндердің қатары күрт көбейді. Халықаралық көрме өткен уақытта бас шаһарға 2,1 миллион адам келсе, оның 1,4 миллионы турист екендігі белгілі болды. Алғаш рет келген олардың көпшілігі армандарының орындалғанын мерзімді баспасөзде, интернет сайттарында, телеарналар арқылы жарыса айтып жатты.
Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен бой көтерген «Бәйтерек», «Қазақ Елі» монументтері, «Нұр Жолы» бульвары, «Ақорда» резиденциясы, «Тәуелсіздік Сарайы» ғимараты, Бейбітшілік және келісім сарайы сияқты көрнекті орындар ерекше көрініспен көз тартады. Одан бөлек, әлемдегі ең үлкен шатыр саналатын «Хан Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы, «Этноауыл» ұлттық мәдени кешені, «Мәңгiлiк Ел» қақпасы, «Нұр Әлем» болашақ энергия мұражайы шаһар айбынын одан әрі асқақтата түсті. Осылайша аты әлемге әйгіленген орындардың әрқайсысында өзіндік қолтаңбасы қалған шаһар атын былтыр 20 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне «Нұр-Сұлтан» деп өзгертуге бұйрық берді.
Орта Азияның кіндігі саналар Елордамыз Қазақстан Республикасының қақ ортасындағы Сарыарқаның жазық даласында орналасқандықтан экологияға үлкен мән берілді. Ең алдымен жаппай ағаш отырғызу қолға алынды. Өйткені, қыста суық, жазда ыстықтан қорғайтын жасыл белдеу сайын даланы кезген боранды желге қалқан болмақ. Жоспар бойынша келер жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласының айналасындағы жасыл аймақтың көлемін 100 мың гектарға жеткізу жобаланған. Ел астанасы атанған уақыттан бері Елорда жаңару жолынан жаңылмай, қарқынды дамуға кірісті. Миллиондардың қаласын құрудың негізін айшықтаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Осында ежелгі Сарыарқа жерінде тек астана емес, еліміздің болашақ бесігі өмірге келді. Астана тарихы мен қазақстандықтардың тағдыры бір-бірінен ажырағысыз. Елорда – біздің республикамыздың күш-қуатының іске асуының, динамикалық дамуының және тұрақтылығының көрінісі. Астана барша қазақстандықтарды біріктіретін және алға қарай қадам басқан жарқын, қуатты, гүлденген қалаға айналды. Біздің елордамыз Отанымыздың жүрегі, халықтың өз күшіне сенімі мен ұлы тағдыр-талайының символы саналады. Бүгінде Астанада Қазақстанның барлық өңіріндегі сияқты, жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Халықтар достығы, өзара түсіністік және ынтымақтастық – Астананы және жаңа Қазақстанды құрудың негізі, міне, осылар» – деген сөзі Нұр-Сұлтанның болашақ қаласы екенін көрсетеді.
Бүгінде Нұр-Сұлтан жастар қаласына айналып үлгерді. Елдің түкпір-түкпірінен арман қуып келген, талантты, жігерлі әрі жалынды жастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Сол арқылы еліміздің басты білім беру және ғылыми алаңы атанып, инновациялық орталығы ретінде бой түзеп келеді. Мәңгілік Елдің астанасында шаһар шырайын кіргізетін нысандар әлі де салынып, әлем бойынша ең жас, еңселі әрі көрікті қаланың көшін бастай бермек.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Бүгін, 10:51
Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13
Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.