Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

КОРОНАВИРУСҚА БАЙЛАНЫСТЫ ТҮЛЕКТЕР КЕШІ ЖАРТЫ САҒАТТА АЯҚТАЛДЫ

13 маусым 2020
КҮНДЕРЕК
КОРОНАВИРУСҚА БАЙЛАНЫСТЫ ТҮЛЕКТЕР КЕШІ ЖАРТЫ САҒАТТА АЯҚТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Бақтыбай ауылындағы С.Сейфуллин атындағы орта мектепте түлектерге орта білім туралы аттестат табыстау кеші өтті. Салтанатты кешке мектеп директоры Серік Шүйкембаев қатысып, жас түлектерді мерейлі қуаныштарымен құттықтап, ақ жол тіледі.

Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты өткен мектеп бітіру кешінде барлық санитарлық талаптар сақталды. Ұстаздар да, түлектер де арнайы медициналық бетперде мен қолғаппен жүрді. Бар-жоғы жарты сағатқа созылған рәсімде мектеп ауласы қайта-қайта дезинфекцияланды.

Өз кезегінде аттестаттарын табыстаған мектеп директоры Серік Шүйкембаев:

– Бүгін — әрбір отбасы үшін, әрбір ата-ана мен ұстаз үшін зор қуаныш. Себебі, өздеріңіз үкілеп өсіріп, үлкен өмірге жолдама берген балаларыңыз енді ер жетіп, үлкендердің қатарынан бой көрсетуде. Сіздердің осы бір қуаныштарыңызбен бөлісіп, ақ жол тілеу мақсатында араларыңызға келіп отырмыз. Балаларыңыздың өмірлік мұраттары асыл болып, ата-ананың көз қуанышына айналуына тілектеспіз, – деп ақжарма тілегін жеткізді.

Түлектер де ұстаздарына арнаған өлең жолдарын оқып, ән шырқады. Сондай-ақ салтанатты жиында мектеп әкімшілігі мектептің қоғамдық жұмысына атсалысып, ұрпақ тәрбиесіне бірлесе үлес қосқан бір топ ата-аналарды Алғыс хатпен марапаттап, мектеп басшысы түлектерге аттестаттарын салтанатты түрде табыс етті.

Жалпы мектепті 34 оқушы аяқтап, үлкен өмірге қадам басты. Оның 3-уі «Алтын белгі» иегері. Ал «Үздік аттестатқа» 3 оқушы ие болды. Мектеп ұжымы мен ата-аналар түлектерге алдағы Ұлттық бірыңғай тестілеуден сүрінбей өтіп, қалаған оқу орнына түсуге тілектестік танытты.

Жанна ҚАУРАНБЕКОВА,

С.Сейфуллин атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ескелді ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

7 қараша 2026
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

7 қараша 2026
«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.