Таңғы сағат 6:10-да Алматы облысы мен Алматы қаласының тұрғындары жер сілкінісін сезді. Еуропадағы Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, 5,0 балдық жер сілкінісінің ошағы Алматы облысында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 248 шақырым аумақта тіркелген.
Алдын ала мәліметтер бойынша Қапал мен Текелі елді мекендері аралығы жер сілкінісінің ошағы ретінде көрсетілген. Бірнеше секундтқа созылған жер тербелісі талдықорғандықтарға қатты байқалды. ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС таратқан ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 244 шақырым жерде, Талдықорғаннан шамамен 50 шақырым қашықтықта болған.
Жер сілкінісінің энергетикалық сыныбы — 12,2. Магнитудасы MPV — 6.2. Тереңдігі — 25 метр. Талдықорғанда, Текеліде, Қарабұлақта жер сілкінісі — 4 балл, Алматыда — 2 балл шамасында сезілді.
Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінген аумақта зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»
Сурет — ғаламтордан





