Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«СЕНБЕЙДІ»: АМАНДЫҚ БАТАЛОВ КОРОНАВИРУСТЫ АНЫҚТАЙТЫН ЗЕРТХАНАҒА СЫН АЙТТЫ

29 мамыр 2020
КҮНДЕРЕК
"СЕНБЕЙДІ": АМАНДЫҚ БАТАЛОВ КОРОНАВИРУСТЫ АНЫҚТАЙТЫН ЗЕРТХАНАҒА СЫН АЙТТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алдымен Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның селекторлық отырысына қатысты. Мемлекеттік хатшы Қырымбек КӨШЕРБАЕВТЫҢ төрағалығымен өткен жиын Алматы облысы әкімдігінде онлайн режимде көрсетілді. Селекторлық басқосу соңынан облыс әкімі қауіпті індетті анықтайтын зертхана жұмысына тоқталып, сала басшыларына бірнеше тапсырма берді.

Нұр-Сұлтан қаласында болған селекторлық жиында «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру барысы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдарды уәкілетті мемлекеттік органдардың орындау нәтижелері туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, білім беру және тәрбиелеу мәселелері» талқыланды.

Шарада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Білім және ғылым, Қаржы, Денсаулық сақтау, Әділет, Мәдениет және спорт министрліктерінің өкілдері, министрлер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарларын айтты.

Селекторда Қырымбек Көшербаев сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізуді басты назарға алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде тапсырма берді.

Жиын соңында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов әр сала басшыларына сыбайлас жемқорлықты жою үшін жұмыла жұмыс істеу керектігін айтып, әр мекеме басшысына арнайы тапсырма жүктеді. Сондай-ақ, жемқорлықтың алдын алу мақсатында бейнематериал түсіру керектігін айтты. Облыс әкімі селектор соңынан бүкіл әлемді дүр сілкіндірген короновирусқа да тоқталды.

— Өңірімізде тәж вирусын анықтайтын зертхана ашылды. Бірақ халық сынама тапсырғысы келмейді. Өйткені, сынаманың дұрыс көрсететініне ешкім сенбейді. Зертхана орталығынан көп қателік кетіп жатыр. Орталықты ретке келтіріңдер. Адам тағдыры ойыншық емес. Қазір көктем айы. Кейбір адамдарда аллергия болуы мүмкін. Пысқырған-түшкіргендерді короновирус дей берсек, кім сенеді? Сондықтан, зертханалық орталық сапалы жұмыс жасауы үшін бар жағдайды жасаңыздар, — деді облыс әкімі сөз соңында.

Айдар ҚАЛИЕВ

Алматы облысы

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Бүгін, 16:46
Махаббат ол…

Махаббат ол…

Бүгін, 16:09
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Бүгін, 14:53
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.