Талдықорған: -7°C
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ФУТБОЛДЫҢ ҮШІНШІ ҚАҚПАСЫ: МЕССИ ЖАСАҒАН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

28.05.2020
АЛТЫН ТҰҒЫР
ФУТБОЛДЫҢ ҮШІНШІ ҚАҚПАСЫ: МЕССИ ЖАСАҒАН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ
WhatsAppTelegramFacebook

Лионель Месси. Аргентиналық марқасқаны футболдың жанкүйерлерін былай қойғанда, спорт дегенде елең ететін жұмырбастылардың барлығы біледі. Саңлақ сұрмергеннің жасыл алаңдағы теңдессіз ойын өрнегін футбол жанкүйерлері тамсана тамашалайды. Иә, бір сөзбен айтқанда ол – бүгінгі футболдың феномені. Ала доп аламанында тау қопарып, толағай табыстарға жетіп жүрген қарға бойлы қаһарман тек жасыл алаңның ғана үздігі емес, қайырымдылық атты үшінші қақпаның да сұрмергені.

СЫРҚАТ

Лионель Месси 1987 жылдың 24 маусымында Аргентинаның Росарио қаласында қарапайым отбасында дүниеге келеді. Отбасында 4 ағайынды. Футболшының әкесі Хорхе Орасио болат құятын комбинаттардың бірінде қара жұмыс істесе, анасы Селия Мария еден жуып отбасын асырайтын.

Өнер тектен келеді. Хорхе футболды жақсы көретін. Балаларын да жиі жаттығуға апаратын. Сондықтан, Месси футболды 5 жастан бастап, небәрі 8 жасында «Ньюеллс Олд Бойз» кәсіби клубында ойнайды. Жасы кіші болса да, оның дарынын бапкерлер байқап, қызығып жүретін. Барлық ел тамсанатын.

Өкінішке қарай, футболшы он бір жасында өсу гормонының жетіспеушілігіне шалдығып, денсаулығы сыр береді. Оның емделуіне, дәрі-дәрмегіне отбасы төлей алмайтын қаражат керек болады. Осы кезде футболшының әкесі жағдайдың ауырлығын сезіне отырып, соңғы мүмкіндікті пайдаланады. Леоны испаниялық «Барселона» футбол клубына қарауға жібереді. Егер бала қабылданса, емінің ақшасын футбол клубы төлеп бермек болады.

Отбасының қуанышына орай Месси «каталондықтардың» құрамына қабылданады. Осылайша, 2000 жылы 30 қазанда 13 жасар Лионель аталмыш клубтың жастар құрамасының ойыншысы атанады. Жас бала өзінің мықты екенін алғашқы қадамынан-ақ дәлелдейді. Тұсаукесер ойынында 5 мәрте қарсыластар қақпасының торын тоғытып, мергендігімен танылады. Сондай-ақ, маусым бойы 30 ойын өткізіп, 37 гол соғады. Осылайша, Месси үлкен футболға аяқ басады. Сырқатынан жазылады. Араға жылдар салып, ол тек өз дәуірінің ғана емес, әлемдік футбол тарихындағы ең ғаламат ойыншылардың санатына қосылды.

АЛАҢ СУРЕТШІСІ

Жасыл алаңда құдды суретшідей өрнек салып, жасындай жарқылдаған ойыншы 2004 жылы 17 қазанда «Барселонаның» бірінші командасында «Эспаньолға» қарсы алғашқы кездесуін өткізеді. Ал 2005 жылы мамыр айында «Albacete» командасымен болған матчта Месси өзінің алғашқы голын соғады. Осы голының арқасында «Барселонаның» ресми матчта гол соққан ең жас ойыншысы атанады.

Осы жылы Месси чемпиондар лигасында өнер көрсетеді. Сондай-ақ, 21 жасқа дейінгі ең үздік ойыншысы болып танылып, «Алтын бала» атағын алады. Месси Аргентина құрамасымен қатар испаниялық «Көк-анар түстілердің» капитаны атанады. Ол аталмыш клубпен он мәрте Испания чемпионатын, төрт рет чемпиондар лигасын, алты дүркін Испания кубогын, сегіз рет Испания суперкубогын, үш мәрте Еуропа суперкубогын және клубтық әлем чемпионатын жеңіп алады. Сондай-ақ, алты рет чемпиондар лигасының және Испания чемпионатының «Үздік сұрмергені» атанды. Он екі дүркін Аргентинада «Жылдың үздік ойыншысы» деп танылады.

Жеті маусымда Испания чемпионатының «Үздік ойыншысы» атағын иеле- неді. 2009 жылы ол УЕФА бойынша Еуропа футбол клубындағы жылдың үздік футболшысы және УЕФА Чемпиондар лигасының үздік шабуылшысы деп танылды. «Алтын доптың» а лты дүркін жеңім- пазы ат анады. 2012 жылы наурызда ол Барселонадағы барлық ресми матчтарда рекорд орнатып, 234 гол соғады. Сондай-ақ, 2011-12 жылдары Испания чемпионатында рекорд орнатып, бір маусымда 50 гол соққан жалғыз футболшы атанады. 2014 жылы ол Барселона тарихындағы соғылған голдар саны бойынша 87-жылдық рекордты бұзып, 371 гол соғады. Аргентина құрамасы сапында жастар арасындағы әлем біріншілігінің жеңімпазы, Америка кубогының үш дүркін күміс және бір мәрте қола жүлдегері, Олимпиада ойындарының жеңімпазы және әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Месси – футбол әлеміндегі ұлы ойыншы ғана емес, өмірде қайырымды жан.

ҚАЙЫРЛЫ ІС

Әңгімемізге арқау болған футболшы жүлделер санынан ғана емес, игілікті іс жас аудан да көш бастап тұр. Жомарт жан балалық шағында «Барселона» клубынан алған көмегін ұмытқан жоқ. Керісінше жиі еске алып, жағдайы нашар бала ларға үнемі көмектесуде. 2007 жылы қайырымдылық қорын құрады. Сол жылы «Leo Messi Foundation» қорын құрған ол негізінен балалар ауруханасын салумен және жөндеумен айналысады.

Туған қаласы Росариодағы балалар ауруханасын жөндеп береді. 600 мың еуро жұмсалған аурухана тек жөндеуден өтіп қана қоймай, қор есебінен жаңа құрылғылармен де толыққан. Оның мақсаты – Аргентинада науқастар мен кедей балаларға білім беру және медициналық көмек көрсету болып табылады. 2010 жылы футболшының қоры ЮНИСЕФ-тің қолдауымен Мексикадағы білім беру бағдарламасына жүз мың евро сыйға тартты. Сол жылы Каталонияда «Hospital Universitario Vall d-Hebron» педиатрлық госпиталін салып, арнайы демалыс аймағын құрды.

2012 жылы өсу гормонының жетіспеушілігінен зардап шеккен жас Валид Кашашты емдеуге қаржы бөледі. Кезінде өзі де осы аурумен ауырып, «Барселона» футбол клубы көмек беріп еді.

Енді, міне, әлемнің жұлдызды ойыншысы қаршадай баланың футболшы боламын деген арманына сәуле құюда. Бұл да қайырымдылықтың жарқын үлгісі. 2013 жылы Месси туған қаласындағы балаларға арналған аурухананы қалпына келтіру үшін алты жүз мың еуро бөлді. Сонымен қатар, Мессидің ЮНИСЕФ халықаралық қорына Мексикадағы мұқтаж балаларға көмек ретінде 100 мың еуро және Ро сарио қаласындағы спорт кешенін жөндеуге 150 мың еуро қаржы бөлген. Ол гол соғудан ғана емес, игі іс жасаудан да алдына жан салмайды. Сондықтан, марқасқа Мессидің жақсылықты жалау етіп жүрген өмірі көпке үлгі.

Айдар ҚАЛИЕВ

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Көктемгі жеңілдік: Жетісуда «Наурыз FEST» акциясы өтуде

Көктемгі жеңілдік: Жетісуда «Наурыз FEST» акциясы өтуде

15.03.2026
Референдум күніндегі мерейтой иелері

Референдум күніндегі мерейтой иелері

15.03.2026
Ауыл еңбеккерлері азаматтық ұстанымдарын білдірді

Ауыл еңбеккерлері азаматтық ұстанымдарын білдірді

15.03.2026
Еңбек ардагері ел ертеңі үшін таңдау жасады

Еңбек ардагері ел ертеңі үшін таңдау жасады

15.03.2026
Азия ойындарының чемпионы саяси науқанға қатысты

Азия ойындарының чемпионы саяси науқанға қатысты

15.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.