Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

СПОРТТАҒЫ ҚЫЗЫҚТАР: ҚАЗАҚ КҮРЕСІНДЕГІ ТҰҢҒЫШ ТӨРЕШІ ҚЫЗ

26 мамыр 2020
АЛТЫН ТҰҒЫР
СПОРТТАҒЫ ҚЫЗЫҚТАР: ҚАЗАҚ КҮРЕСІНДЕГІ ТҰҢҒЫШ ТӨРЕШІ ҚЫЗ
WhatsAppTelegramFacebook

Былтыр Ақтөбе қаласында Ұлттық спорт түрлерінен V фестиваль өтті. Қазақ күресінен Гүлнұр Ерболқызы жарыстың бірінші күні 57 келі салмақта күресіп жүлдегер болса, екінші күні кілемде қазылық жасады. Гүлнұр – қазақ күресіндегі тұңғыш нәзік жанды төреші.

– Бұл өзі қызық болды. Сол сәтте үш жарысқа қатыстым, аралары тым жақын, – деп бастады әңгімесін кейіпкеріміз. – Әуелі Кореяда дүниежүзілік жауынгерлік ойындар бағдарламасына тұңғыш енген қазақ күресінен (Гүлнұрдың бұл жетістігі ел спортындағы тұңғыш алтын – ред), одан Үндістанда самбодан Азия біріншілігінде бірінші орын алдым, ал кейін Ақтөбеде өткен қазақ күресінде екінші тұғырдан көріндім. Күш-қуатым соған жетті.

Гүлнұрға шетелдегі екі жарыс әбден қиындық тудырған. Оның үстіне әуежайда қонған, сол жақта өз қорындағы тамақты тауысқан. Осының бәрі жарыс кезінде әсер еткен. «Финалды көрсеңіз, басымдылық болды, бір бүк, бір жартылай жеңіспен келе жатқанда соңғы сәтте босап қалдым. Айта кететіні, самбодан Азия чемпионатында аяғымды ауыртып алдым. Жарыста үлкен кері әсері болды (ред: Алматы облысының ұл-қыздары сол жарыста тек жалғыз жүлде алды. Оны Гүлнұр алып берді). Оның үстіне Ақтөбедегі жарыстан кейін самбодан Әлем чемпионаты күтіп тұрды», – дейді ол.

Сол жарыста Гүлнұр бас хатшы болған Бақдәулет Сәбитовтің айтуымен қазылық жасайды. «Бастапқыда тек басы-қасында жүрсең болды деп костюм-шалбар алдыртқан. Алайда өзім қатысқаннан кейінгі күннен бастап жарыстың соңына дейін алаң ортасында төрелік жасадым. Алаңдағы төреші қыздарға арнайы бір киім үлгісі болмағандықтан, өзім алып барған костюм-шалбармен төреші болдым», – дейді кейіпкеріміз.

Біз тұңғыш төрешіге: «Қазақша күрестен төрелік жасау үшін қандай да бір білім, болмаса белгілі бір мекеменің рұқсаты қажет пе?» – деген сауал қойдық. Ол бұл орайда 2016 жылдан бері самбо күресінде төрешілікпен айналысып келе жатқанын, алаңдағы жағдайға байланысты тез шешім қабылдап, ақиқатын көрсету керектігін айтты.

– Қазақ күресімен 2015 жылдан бастап айналысып келемін. Сол аралықта қанша жарыстарға қатыстым, содан үйренгендерім бар және қасымдағы ағалар ақыл-кеңестерін берді. Төрешілерге арнайы семинарлар ұйымдастырылады. Бір қызығы, осыған дейінгі семинарларға Меруерт, Самал сынды алдыңғы буын әпкелеріміз қатысқан, бірақ ол кісілер алаңда төреші болмаған. Мен сол бір басталған іске нүкте қойғандай болдым. Сол жарыстан кейін төреші болды деген арнайы қағаз берді және ресми хаттамаларға менің есімім жазылды. Алдағы уақытта төреші есебінде шақырса, баруға дайынмын, – дейді Гүлнұр.

Бүгінде Гүлнұр өзі оқып бітрген Қаркен Ахметов атындағы Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған республикалық мектеп-интернат колледжінде оқытушы болып қызмет істейді.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

13 қарашада Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болады?

13 қарашада Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болады?

Бүгін, 08:47
Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.