Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«ТАБИҒАТ ТА ЖЫЛАДЫ»: ХАЛЫҚ БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕКТІ АҚТЫҚ САПАРҒА ШЫҒАРЫП САЛДЫ

19 мамыр 2020
КҮНДЕРЕК
"ТАБИҒАТ ТА ЖЫЛАДЫ": ХАЛЫҚ БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕКТІ АҚТЫҚ САПАРҒА ШЫҒАРЫП САЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Халық белгілі тележурналист Бейсен Құранбекті соңғы сапарға шығарып салды. Қоштасу рәсімі Талдықорғандағы Журналистер үйінде өтті.

Көрерменнің сүйіктісіне айналып, әр қазақтың жүрегіне мейірім ұялата білген Бейсен Абайұлының жаназасы өз үйінде шығарылды. Ал қоштасу рәсімінде коронавирусқа байланысты арақашықтық сақталып, Журналистер үйіне 10 адамнан кезекпен кіргізілді.

Бейсен Құранбектің «Айтуға оңай», «Қарекет» сияқты жобаларына миллиондар разы болса, Жетісу Журналистер үйі сияқты өзі мұрындық болып салынған көп дүниесі көпшілікке беймәлім.

Ал өмірінің соңғы алты жылында басшы болған «Жетісу» телеарнасында Бейсен Құранбек бір шоғыр іні-қарындасына жол көрсетіп кетті. Елдің мұңын өз мұңындай көріп, көпке қамқор бола білген жүректі азамат Бейсен Құранбекті халқы шын жақсы көрді. Іні-бауырларын «батыр» деп еркелететін арда тұлғамен ел-жұрт қимай қоштасты.

Бейсен Абайұлы жайлы жылы естеліктерімен бөліскен танымал журналист Нұртілеу Иманғали әріптестеріне бейсентану ғылымын қалыптастыруды ұсынды. Ол осы арқылы қазақ журналистикасы жаңа деңгейге көтеріледі деп санайды. Оның айтуынша, Бейсен Құранбектің өмірлік ұстанымдары да — өскелең ұрпақ үшін үлкен ғибратты дүние.

— Бейсекеңді қайтара алмайтынымызды білемін. Бейсекеңді ұмыттырмаудың, есте қалдырудың бір-ақ жолы бар мен білетін. Ол — бейсентану ғылымы. Ал бейсентану ғылымының алғашқы баспалдақтарын жасайтын кім деген кезде, ол қалың көрермен екеніне күмән жоқ. Бірақ соның негізін ұстап отырған — қаламгерлер, менің әріптестерім. Жаңа мектептің қалыптасатынына анық көзім жетеді. Бейсеннің мектебі — бөлек мектеп. Қош бол, бауырым, жатқан жерің жайлы, топырағың торқа болсын, — деді Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер, журналист Нұртілеу Иманғали.

— 2004 жылы Президенттің жанында бірге жұмыс істедік. Сол кезде мен Бейсеннің еңбекқорлығына тәнті болатынмын. Ол әжесін Астанаға алып келді. Бірақ үлкен кісі елорданы ұнатпағаннан кейін ол шығармашылығын тастап, үйіне қайтты. Сол кезде: «Бейсеке, сіздің болашағыңыз керемет. Сізді Президенттің өзі жақсы таниды, елордада қалсаңызшы», — дегенімде, келіспеді. «Апам өмір-бақи жанымда болмайды. Ал жұмыс табылады», — деді. Бейсеннің даналығына мен әркез таңқалатынмын. Жаның жаннатта болсын, досым, — деді журналист Александр Аксютиц.

Бейсен Абайұлы 49 жасқа қараған шағында өмірден озды. Марқұм Талдықорғанға қарасты Еркін ауылы маңындағы зиратқа жерленді. Халықпен бірге табиғат та жылады. Таңнан бері түнеріп тұрған бұлтты аспан аздан соң көз жасын төгіп сала берді. Ал мәйітті ақымға қояр сәтте сіркіреген жаңбыр аяқасты тоқтай қалды. Жерлеуге жиналған жұрт мұның өзінен қайғысына жұбаныш іздеп, ақ жүрек жанға деген соңғы құрмет шығар деп ұғынысты.

«ҚАЗАҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

7 қараша 2026
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

7 қараша 2026
«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.