Талдықорған: +26°C
$ 469.83
€ 536.83
₽ 5.97
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

САРҚЫЛМАЙТЫН САҒЫНЫШ

09.05.2020
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Сексеннің сеңгіріне шыққан шақта өткен өміріңе көз жүгіртіп, терең ойға шомады екенсің. Жастық шағымыз сұрапыл соғыс уақытымен тұспа-тұс келді. Сол жылдары тұрмыс қиындығын көп көріп, біраз тауқыметті бастан өткердік. Ол кез бен бүгінгі өмірдің айырмашылы жер мен көктей. Екінші дүниежүзілік соғыс басталған кездегі үрейлі шақтың елесі әлі күнге еміс-еміс есімде. Әрі құлағыма құйылған Бибігүл әжемнің әңгімелерін де ұмытқан емеспін. Көкірегімде қатталып, жадымда берік сақталған. Тіршіліктің тауқыметі де көз алдымнан кетер емес. 


Қанды майдан белең алған тұста шұбыра шыққан аттылар күн шығысқа қарай ұзап бара жатты. Кілең ер-азаматтар. Олармен қосарлана шығып, жаяулатқандары да бар. Ығы-жығы халық. Ат үстіндегі ерлерге қолын созып, шалғайына жармаса жүгіріп шыққан әйелдер  қаншама?!. Біреуі баласын арқалап алса, енді бірі қолынан ұстай жетектеп, алға қарай ұмтылып барады. Улап-шулаған бала-шаға мен егде тартқан қариялар өте көп. Жанарынан көз жасы аққан қыз-келіншектер де орамалын желбіретіп, соғысқа аттанып бара жатқан азаматтарына: «Аман-есен жеңіспен оралыңдар!» деген ізгі ниеттерін білдіріп, қол бұлғап қала берді. 

Осы топтың бел ортасында мен де бармын. Бибігүл әжемнің арқасына отырып алғанмын. Бір уақытта әкем Тілеубай атын тебіне бізге жақын келіп: «Бибігүл жеңеше, бала бауыр еттен жаралады деуші еді, арқаңдағы Елеусізіңді бермен жақындатшы, бетінен бір сүйіп, жұпарын иіскейін. Оңтайы келіп тұрғанда бауырыма басайыншы», – деп ат үстінде тұрып мені көтеріп алып, бетімнен құшырлана сүйіп, бауырына қысты. Маңдайымнан бір иіскеп, мені қайта әжеме беріп, жанарын алмай, қимастықпен қиыла қарап бара жатты. 

Осы бір сәтті есіне алған әжем: «Айналайын Тілеужаным, соғыстан елге қайта оралмайтынын сезіпті-ау, жанары жасаурап, қимастықпен қараған еді-ау»,– деп әжем көз жасына жиі ерік беретін. Тағы бірде әжем: «Атаңа нәлет зұлым пәшіс ер-азаматтарды қынадай қырды ғой. Ананы жесір, баланы жетім етіп, ойранды салғаны жанымызды шоқтай қарыды емес пе!» дейтін егіле отырып жарықтық. Бибігүл әжем өткен күндерді осылайша есіне алып, бірде жылап, бірде күйіне күрсініп отырушы еді.

Фашист басқыншыларының опасыздықпен елімізге тұтқиылдан басып кіргенімен, соңынан жеңіліске ұшырағалы бері де талай уақыт өтіп, жетпіс бестің жотасына да шығыпты-ау! Осы бір аласапыран сұрапыл соғыстың жан түршіктірген алпауыт өртінің жалынына шарпылмағандар кемде-кем шығар. Қанды қырғынның қиындығы мен қияметін, қайғы-қасіретін шеккендер де аз емес.   

Солардың белортасында жүріп, кейіннен хабар-ошарсыз кеткен менің ардақты әкем Тілеубай Рысқұлұлы. Әкем үш ағайынды еді. Олар Байқара, Үкібай және әкем Тілеубай. Екінші дүниежүзілік соғыс басталған кезеңде Сарыкөмей ауылдық кеңесіне қарасты аймақтағы ауылдардан майданға аттанған ер-азаматтардың қатарында өз еркімен алғашқылардың бірі болып менің әкем Тілеубай да Отан қорғаушылар сапына қосылды. Ағайын-туыстардың қабырғасы қайысып, қанды ұрысқа ауыл-аймақ болып шығарып салған сәттің көрінісі көз алдымда елестейді де тұрады. 

Әкем Тілеубай сарғыш өңді, тығыршақтай денелі, шаруаға икемі бар кісі еді. Жомарт жүректі болса керек, ауылдастарына қолдан келген жақсылығын жасап жүретіндігімен ерекшеленетін. Мұндай адами қасиетін ауылдастары жиі әңгімелейтін. Солардың бірі кейінде ҚР Еңбек сіңірген заңгері атағын иеленген Туғанбек Сағынбекұлы ағамыз еді. Ол кісі мені көрген сайын толғана отырып: «Мен сенің әкең Тілеубай ағаға өмір бойы қарыздармын. Өйткені кездейсоқ жағдайға кезіккен мені ажал аузынан құтқарып, өмір сыйлады. Ол былай  еді. Көктемнің қара суығы болатын. Мұз қата бастаған кез. Балқаш көлінің бір аралында қамалып қалдым. Ауылға баруға әлгі мұз кедергісін тигізді. Тәуекелге бел буып, мұз үстімен өтпекші болып жүгіре басқаны да күрт ойылып, суға баттым да кеттім. Мұны байқаған Тілеубай зыр жүгіріп келіп, маған қарай арқан лақтырып, ажал аузынан құтқарды. Одан кейін су киімдерімді құрғатып, көктайғақ мұздан арқалай өткізіп жібергенін қалай ұмытайын. Егер Тілеубай аға болмаса мен бұл өмірде болар ма едім, кім білсін? Өзіме жақсылық жасаған адамның баласына қамқорлықпен қарап, мейір шуағын шашу маған өтелмес парыздай болып көрінеді де тұрады», –  деп ерекше ықыласын төгіп отыратын жарықтық.

Әкемнен соғыс даласынан жазған алғашқы хаттары да келді. Оны оқи отырып әкеміздің Отанға деген шынайы махаббаты, соғыстағы қиындықты жеңудегі қайтпас қайсарлығы аңғарылатын. Суретін де салып жіберетін. Өкінішке қарай, хаттары мен суреттерінің сақталмағаны жанымызға батады. Оның бәрі жоғалған. Әкем майданға аттанған шақта анамның аяғы ауыр болатын. Қиыр шығыс жақтағы бүліншілікті реттеуге қатысып жүрген әкем ауылға жазған хатында амандығын, жауынгерлік міндетін алғы шепте абыройлы атқарып жүргенін құлағдар ете келіп, сүйікті жары Жазықбикеге: «Біз Амур өзенінің бойындамыз. Қиыншылыққа қарсы тұрып, қайсарлық танытудамыз. Ендігі айтарым, қазіргі жүрген жеріміз есте қалсын, туған баланың есімін Амур қойыңдаршы», – деп өтініш білдіріпті. Хат қолға тигенше анамыз Жазықбике босанып та үлгерді. Майдандағылар аман-есен елге оралсын деген ниетпен сәбиіне Аманбала деген есімді беріп те қойған еді бұл тұста. Әкеміздің хатын алған соң сәби есімін өзгертіп, Амура деп атады. Әкесін көрмей бойжеткен Амура кейіннен ауылдасы Жақан Бексейітұлымен шаңырақ көтереді. Содан бері бір отбасының берекесін кіргізген әйел-ана, әз әже ретінде ұрпағын өсіріп, ел қатарлы бақуатты өмір сүріп жатқанына шүкір етеді.

(Тілеубай Рысқұлұлының майданнан жазған өлең-хаты)

Атыңнан айналайын Елеусізім,
Бас болғын бар туысқа міне тізім –
Байқара, Үкібай мен Тілеубай  жоқ,
Ие бол шаңыраққа менің ізім.
Анаң жас, борап тұрған соғыс мынау,
Көрінбес ажалдағы оқыс тұр-ау.
Ерлікпен бабаң Рысқұл қаза болған,
Дулығасы төрде тұр жарты құрау.
Бекем бол Елтайжаным жалғыз тұяқ, 
Ерлерше қыз да болсаң мінгін пырақ.
Белгісіз елге қашан ораламын,
Қан кешіп толарсақтан жүрмін жырақ.
Өзіңді Үкібайға беріп едім,
Елжіреп өкінсем де көніп едім.
Балалы болғаннан соң қайтарғын деп,
Мәпелеп өсірер деп сеніп едім.
Ойлапты менің атым өшпесін деп,
Ағайын бұған айтпас өкпесін көп.
Берсін деп қолғабысын Жазығыма, 
Қасында анасының сес көзі боп.
Тағдырдың қиын шақта кес-кесі көп,
Жүрсін деп, қайғы-мұң да  кешпесін деп.
Сыйласа жаратқаным тынық күнін, 
Қайтуға елге аман үміттімін.
Тілеймін барша елге бейбіт өмір,
Жасытып жігерді де үгітті мың. 
Бұзбасын соғыс елдің тұнықтығын.
Өрімдей қыршын жастың басы кеткен,
Құтылсақ қайғы құшқан қасіреттен,
Шіркін-ай, басты қосып көрсек деймін,
Қызығын тіршіліктің нәсіп еткен.
Сұм соғыс жатыр елдің бағын байлап,
Оқ ұшса, жүрек шошыр қаның қайнап.
Жеңістің туын көкке көтереміз
Жауыздың айырамыз жағын жайлап.
Кім қашан сұрапылдың табады емін.
Аңсаймыз тынысы кең дала демін.
Аман-сау   соғыс бітіп елге жетсем,
Бәріңді құшағыма алар едім.
Орманда қару сүйреп шаршап жүрмін,
Ыңылдап   ауылды ойлап ән сап жүрмін, 
Қауышар аман-есен күнді күтіп,
Сағынып өздеріңді аңсап жүрмін.
Оқ тиіп ажал құшып құлағанға,
Азалы қағаз алып жылағанға,
Тарығып  сабыр сақтап жүргендерге, 
Сәлем айт ауылдағы сұрағанға.
Нұр шашып, шуақ төгіп аспаныңнан,
Таймасын қонған бақыт бастарыңнан.
Жолдаймын  дұғай сәлем ағайынға,
Айтамын қандай тілек басқа бұдан.
 

Әкем Іле өзенінің төменгі Балқаш көліне құяр сағасындағы Құйған ауылындағы қарапайым отбасында 1905 жылы дүниеге келіпті. Ата-анасы өмірге ұл келгеніне қуанып, бәріміздің тілегімізді тілейтін жігіт болып өссін деген үкілі үмітпен сәби есімін азан шақырып Тілеубай деп қойған екен. Шынында да, ол кішкене күнінен текті отбасында тәрбиеленіп, көп өнеге үйренеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, еңбексүйгіштік, адамгершілік сияқты адами қасиеттерді бала кезінен бойына сіңіреді. Тілеубай  әкем сауатын ашып, білуге талпынады. Орыс тілін үйренеді. Қоғамдық шаруашылықтың жұмысына араласып, белсенділігімен назарға ілігеді. Құйған ауылындағы Ворошилов атындағы ұжымшардың мүшесі ретінде әкем Тілеубай Рысқұлұлы ауылдағы белсенділердің бірі саналады. Өзі коммунист. Сарыкөмей ауылдық округінің депутаты болып сайланған еліне құрметті, беделді еңбекқор жан атанады. Тілеубай Рысқұлұлының  майдандағы ерліктері әлденеше рет жоғары бағаланып, марапаттарға ие болған. Орден мен медальдары да бар. Бір өкініштісі, құжаттары жоғалды. Қазіргі кезде қолда 2018 жылғы 30 сәуірдегі Жарлығымен Ресей халықтық комитетінің «Ерлігі үшін» медалі бар. Оны Ресейдің Қазақстандағы өкілдері арнайы әкеліп, Тілеубай атасының орнына шөбересі Саржанның омырауына салтанатты түрде тақты. 

Тілеубай айналасындағыларға көмектесуге әзір тұратын кішіпейіл азамат болыпты. Әкемді білетіндер бұл жайлы үнемі айтып отырады. Әкем анамыз Жазықбике Өтелқызына жастай қосылған. Жаңадан шаңырақ көтерген олар өз қатарластарының алды болыпты. Сонда да  шаруаға икемді, қолы қалт етсе ине-жіп алып, тігін ісімен айналысыпты. Осылайша, тоқсан жасқа жетіп, өмірден озғанға дейін қолынан ине-жібі түскен емес. 

Әкем әскерге кеткен соң анам Жазықбике Өтелқызы еңбекке білек түре кіріседі. Ұжымшар да мал өсіріп, соған көмектеседі. Сиыр сауатын отбасылардан сүт жинайды. Қой, ешкіні де саудыртады. Жиналған сүт үлкен ыдыстарға құйылып, арнайы орындарға жөнелтіледі. Одан шыққан өнімдері майдандағы жауынгерлерге жіберіліп отырған.

Жеңіс күнін асыға күткен анамыз Жазықбике ауылға аман-есен оралғандардың жолына сарғая қарап: «Тілеубайым қашан келер екен?» деп екі көзі төрт болып, сарыла күтетін. Бірақ, күйеуі хабар-ошарсыз кете барды. Жылады, сықтады. Тағдырға не шара?! Сөйтіп жүріп тірлігін жасады.

Анам Жазықбике бауырмашыл адам. Ойдағы-қырдағы ағайындарын түгендеп, олардағы жаңалықтарға құлағын түріп, аман-саулықтарын біліп жүретін. Ағайынның ауызбірлігін сақтап, олардың араласып жүргендерін қалайтын. Ешкімнің ала жібін аттаған емес. Қырық жасынан намаз оқыған иманды жан болды. Тоқсаннан асқан шағында: «Төсек тартып жатпасам екен. Ешкімге салмағымды салмасам екен» деп Алладан сұрайтын. Содан тілегі қабыл болып, үш-төрт күн ғана ауырып, дүниеден озды. Өз өтініші бойынша Каскелең қаласының шығыс жағындағы Наурызбай батырға орнатылған ескерткішке қарама-қарсы беттегі тоғыз жолдың торабы тоғысқан тұстағы биік жотадағы зиратқа мәңгілік қоныс тепті. Жатқан жері торқа, иманы жолдас болып, қабірінде рахман нұры шалқысын деп тілейміз.

Әкемізге қызығымызды көрсете алмадық. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай тәрбиелеп өсірген анамызға деген қарызымыз да шаш етектен. Ал әкеге, анаға деген сарқылмас сағыныш сезімі шалқарлы айдынның толқынындай жан жүрегімізді тербейді. Оларды еске ала отырып, аруақтарына дұға оқытып, Құран бағыштау арқылы сағынышымызды басамыз. Қанды майдандағы, тылдағы аталарымыз бен апаларымыздың ерен ерліктері кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болатыны жұртқа мәлім. Ұлы Жеңіске жету жолындағы ерлік істерін ұлықтап отыруға баса көңіл бөліп, ешкімді де, ештеңені де ұмытпау кейінгі ұрпақ санасына перзенттік парыз болып қалыптасса игі. 

Елеусіз ТІЛЕУБАЙҚЫЗЫ, 
еңбек ардагері

Қатысты жаңалықтар

Аптапта сая болған су мерекесі

Аптапта сая болған су мерекесі

17.07.2026
Ауызсумен толық қамтылады

Ауызсумен толық қамтылады

17.07.2026
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

17.07.2026
Доллар 500 теңгеге жете ме? Сарапшылар 2026 жылға жаңа болжам жасады

Доллар 500 теңгеге жете ме? Сарапшылар 2026 жылға жаңа болжам жасады

17.07.2026
Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі іске қосылады

Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі іске қосылады

17.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.