Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

МЕНІҢ АТАМ

8 мамыр 2020
КҮЛТӨБЕ
МЕНІҢ АТАМ
WhatsAppTelegramFacebook

Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тылда аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Сондықтан, Ұлы Жеңістің ардагерлерін – майдангерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау – басты борышымыз!

 


Ұлы Отан соғысының қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, қазақ сарбаздарының қанды қырғында қаймықпай соғысқанына куә боламыз. Сұрапыл соғыс жылдарында өскелең ұрпақтың болашағы үшін білек сыбана еңбек етіп, саналы ғұмырын ел игілігіне арнаған үлкен атам жайлы марқая, мақтанышпен айтқым келеді.

Ұлы Отан соғысына қатысқан атам Қалжапбар Егеубаев шаңырағымыздың берекесі, ұлтының ардақты азаматы, халқына қалтқысыз еңбек етті десем артық айтқандық емес. Соғыс басталған алғашқы жылдары броньмен балық аулауға қалдырса да, өз еркімен 1942 жылдың 4 маусымында майданға аттанады. Соғыс даласында 1418 күні мен  түнін 1054-атқыштар полкінің құрамында өткізген. Жау шабуылына тойтарыс беріп, қаймықпай соғысады. Украина, Кавказ, Кубань, Тамань, Варшаваны азат етуге және Берлинді алуға қатысқан. Осындай ерлік көрсетіп, ерен еңбегінің арқасында бірнеше Алғыс хат, онға тарта медаль, отызға таяу Мақтау қағазымен марапатталып, ІІ-ІІІ дәрежелі Даңқ ордендерінің иегері атанған. Осыдан біраз жыл бұрын Мәскеу қаласының архив бөлімінен Қалжапбар атамыз жайлы деректер табылған. Көзі тірісінде табиғатынан көп сөйлемейтін, тұйық мінезді атам тіпті, Ұлы Жеңіс күндерінде де омырауына алған орден, медальдарын да тақпайтын көрінеді. Соғыс жайлы көп ашылып сөйлемейтін, оның беті аулақ болсын деп қана жауап қайтаратын. 

Ата, сіз де ел құсап қатысқаныңыз жайлы айтып, жұртпен неге бөліспейсіз?– деген сұраққа: «Қойшы, балам, Отанға қауіп төнгенде қарап калмау, сонау бабалардан бері келе жаткан үрдіс емес пе? Оған несіне мақтанайын, 15 жастан жоғарылардың бәрі қатысты. Қан майданда туған жердің топырағын таптатпау үшін сайланып келген жаумен қасық қаны қалғанша шайқасты, көбі сол топырақта ғұмырын қиып, мәңгі жас болып қалды емес пе?! Мен де солардың бірі ғанамын. Мен Ұлы Отанымыздың солдаты болғаныма ғана мақтанамын», – дейді екен. Қазіргі таңда Қаратал ауданы Көпбірлік ауылындағы бір көшеге атамыз Қалжапбар Егеубаевтің есімі берілген.    

Сонау ел басына қиын-қыстау күн туып, «ер етігімен су кешкен, ат ауыздығымен су ішкен» аласапыран уақыттарда ұрпағының бейбіт заманда өмір сүруі үшін басын бәйгеге тігіп, өлім мен өмірдің ортасынан елін, жерін, тілін, дінін, салт-дәстүрін болашақ ұрпағына аман-есен жеткізу жолында аянбай тер төккен атамыздың бүгінде өзі өмірден өтсе де, артында ерлігі мен халық алдында адал атқарған еңбегі қалды. Міне, өткен күннен естелік болып қалған бабалар ерлігі жас ұрпақ, яғни біздің мәңгі жадымызда сақтаулы. Осындай азат күнді сыйлаған ата-бабамызға бас иіп, тағзым қылу әр жастың қасиетті борышы. 

Бар асылы жалғыз ұлы Асылхан Қалжапбарұлы мен келіні Сая Ашықбайқызы атамызға 11 немере сыйлаған. Қалжапбар атамды көрмесем де игі істерімен артта қалдырған ерліктері үшін мақтан етіп, ержүрек атамның шөбересі болғаныма қуанамын! 

Аружан Қалжапбарова, 
Лермонтов атындағы орта мектептің 
мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Бүгін, 20:12
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.